Воскресенье, 19 апреля, 2026

Түркістан: Арыста «Жас сарбаз-2023» әскери-спорттық жастар ойындары өтті

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу, болашақ Отан қорғаушылардың қолданбалы спорт түрлеріне деген қызығушылығын арттыру, жасөспірімдердің өзара көмек және жолдастық қолдау сезімдерін тәрбиелеу шеңберінде қалалық мәдениет үйінде «Жас сарбаз-2023» іріктеу әскери-патриоттық жарыстарының финалдық кезеңі өтті
Финалда Арыс қаласы мен жақын маңдағы елді мекендердің жалпы білім беретін мекемелерінің 6 командасы кездесті. Олар 14 мен 21 ақпан аралығында 24 команда қатысқан іріктеу жарыстарының жеңімпаздары.
Жарыс саптық байқау мен командаларды таныстырудан басталды. Әрі қарай қатысушылар автоматты уақытқа шашу мен жинақтау, жалпы әскери қорғаныс киімін кию нормативтерін орындауда, гір тасын көтеру мен арқан тартуда жарысты. Ұлдар – белтемірде тартылса, қыздар – шалқалап жатып денесін көтеру сынды жаттығуларын жасады. Сайысукерлер өздерінің дене даярлығынан басқа саптық әндерді орындау арқылы өздерінің вокалдық қабілеттерін көрсетті.
Әскери-спорттық ойындарды ұйымдастырушылар атап өткендей, қатысушылар жақсы дене даярлығы мен армиялық ептіліктен басқа, рухтылығын, мектеп қабырғасында үйренген әскери тәртіптің жоғары деңгейін, нағыз жауынгерге тән мінез көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша М.Әуезов атындағы орта мектептің «Тұран» командасы үздік атанды, ал екінші және үшінші орынды А.Макаренко және М.Шаханов атындағы жалпы білім беру мекемелерінің оқушыларынан құралған «Жас ұлан» және «Айбын» командалары бөлісті. Жеңімпаздар командасына Арыс қаласы әкімінің арнайы кубогы табысталды, ал финалға қатысушылардың барлығы арнайы дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Естеріңізге сала кетсек, жыл сайынғы «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынында Арыс қаласының командалары соңғы бірнеше жыл қатарынан жүлделі орындарға ие болған, ал 2022 жылы Түркістан облысының атынан қатысқан Жас сарбаздар «Патриоттар мекені» арнайы кубогын жеңіп алды.
Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Жаңалықтар тізбесі

Ерікті болу – ізгі істердің бірі.

Өз еркімен қоғамға пайдасын тигізуді көздейтін еріктілердің қатары жыл санап артып келеді. Бүгінде әлем халқының 970 миллионы волонтер болса,...

Шымкент қаласының 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасының орындалуы туралы:

  Шымкент қаласының 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасының орындалуы туралы: Даму бағдарламасында білім саласына бір көрсеткіш белгіленген: - АПАТТЫ ЖӘНЕ ҮШ АУЫСЫМДЫ...

ТҮРКІСТАН: Шардарада сабын өндіру отбасылық кәсіпке айналған

Бүгінде оңтүстік өңірде шағын және орта бизнес қарқынды дамып келеді. Соның бірі шардаралық кәсіпкер Айсұлу Баратова бауырларымен бірге шағын...

Сұлу шаһар Самарқан…

Сұлу шаһар Самарқанның шырайына сүйсінбеу мүмкін емес. Қаланың әр тарабынан көкке мойнын созған күмбездері көз сүйсінтеді. Түркітілдес журналистер қорының...

Мұғалімдердің еңбекақысы қалай есептеледі?

Жақында Оқу-ағарту министрлігінің еңбекақы төлеу әдістемесі басқармасының басшысы Гүлайым Тоқпанова биылдан бастап енгізілген 5 күндік жұмыс аптасымен істеген педагогтердің...

ТҮРКІСТАН: «Ақ дидарлы әжелер» қыз-келіншектерге салт-дәстүрді дәріптеді

Қазақы қаймағы бұзылмаған Жетісай ауданында аудандық ардагерлер кеңесінің жанынан құралған Әжелер алқасына 10 жыл толуына орай «Ақ дидарлы әжелер»...

«ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КЕРУЕНІ» БАЙҚАУЫНА ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАНУДА

«Қайырымдылық керуені» байқауына өтінім қабылдау жалғасуда. Игі іс жасап жарысатын азаматтар арасында өтетін конкурс республикалық көлемде биыл 5 рет...

Рами кітапханасы 4200 адамға арналған бөлімдерден тұрады

Мәдениет және туризм министрлігі оқырмандарды Рами кітапханасына шақырады. Стамбұлдың Эйүпсұлтан ауданындағы Рами кітапханасы 18 ғасырдағы Рами казармасының ғимаратында орналасқан....

Түлкібастық түлектер мұқтаж отбасыға баспана сыйлады

Естеріңізде болса осыдан 6 жыл бұрын елімізде алғашқы болып Түркістан облысына қарасты Түлкібас ауданының Абай атындағы мектеп-лицейінің мектепті бітіргендеріне...

Тағы да