Воскресенье, 19 апреля, 2026

«AMANAT»: Адам саудасы мәселесі заңмен қатаң реттелуге тиіс

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

«Адам саудасы туралы ХХІ ғасырға айтудың өзі жабайылық сияқты болғанымен де,  өкінішке қарай, бұл – бүгінгі күннің шындығы»

«AMANAT» Орталық аппаратында партия жанындағы Қоғамдық саясат институты ҚР Президенті Іс басқармасы жанындағы Парламентаризм институтымен бірлесіп ұйымдастырған «Адам саудасына қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Кездесудің модераторы Мәжіліс депутаты Павел Казанцев болды.

Қазақстанда жыл сайын адам саудасына байланысты 100-ге жуық қылмыстық іс тіркеледі. Зардап шеккендердің көпшілігі – әйелдер. Парламентаризм Институты директорының орынбасары Берік Бекжановтың айтуынша, бұл мәселе тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде өзекті.

«Адам саудасы адам құқығын бұзудың ең қатал түрі екенін түсіну керек. Сондықтан бұл мәселе заңмен қатаң реттелуге тиіс. Біз бұл жұмысты Мәжілістің жұмыс тобымен бірлесіп жүргізіп жатырмыз. Алайда мұндай аса маңызды мәселеде сарапшылар қауымдастығының ой-пікірін, ұстанымын білу қажет. Сол үшін де осы дөңгелек үстел ұйымдастырылып отыр», – деді ол.

Қазіргі таңда Мәжіліс «Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасын қарастырып жатыр. Жұмыс тобын Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Марат Бәшімов басқарады. Ол тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес, құлдыққа, адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері Президенттің ерекше бақылауында екенін атап өтті.

«Адам саудасы туралы ХХІ ғасырға айтудың өзі жабайылық сияқты болғанымен де,  өкінішке қарай, бұл – бүгінгі күннің шындығы. Жыныстық, еңбекпен қанау, адам ағзаларының саудасы сияқты басқа да түрлері кең етек жайып келеді. Қазақстан бұған қатысты адам құқығын қорғайтын арнайы заң қабылдауды көп жылға «кешіктірді». Басқа посткеңестік елдер оны 2005 жылдан бастап қабылдай бастаған еді. Қазір депутаттар жұмыс істеп жатқан заң жобасы азаматтарымыздың конституциялық құқығын тиімді қорғауға, мемлекеттік органдардың қызметін нақты реттеуге, сондай-ақ адам саудасының құрбандарына көмек көрсетуге, олардың құқығын қорғауға және қамтамасыз етуге бағытталған. «AMANAT» партиясы өте өзекті және кезек күттірмейтін мәселелерді шешу үшін ашық жұмыс істеуде», –  деді халық қалаулысы.

Елде адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелерінің барлық спектрін кешенді және жүйелі түрде реттейтін заңнамалық актінің болмауы құқықтық олқылыққа жол беріп отыр. Сенат депутаты Айнұр Арғынбекова осылай дейді. Оның айтуынша, бүгінгі таңда Қазақстан – адам құқықтары саласындағы 60-тан астам көпжақты әмбебап шарттардың қатысушысы. Оның ішінде құлдықтың қазіргі заманғы түрлеріне қарсы іс-қимылмен тікелей байланысты 13 халықаралық Конвенция, шарттар мен келісімдер бар.

«Халықаралық конвенциялардың көптеген ережесі ұлттық заңнамаға имплементацияланған. Олар адам саудасына тиімді қарсы тұру және жәбірленушілерге көмек көрсету үшін жеткіліксіз, яғни фрагменттелген және толық емес. Қазіргі уақытта осы саладағы қатынастар 10 заңмен реттеледі, бірақ олардың барлығы шашыраңқы және жауапкершілік анық емес. Бұл адам саудасының құрбандарына өз құқықтары туралы ақпаратты жан-жақты алуға, оларды толық пайдалануға, құзыретті органдарға жүгінуге, көмек пен қорғауға қол жеткізуге мүмкіндік бермейді», – деді ол.

ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар кеңсесі Адами өлшем бөлімінің басшысы Сара Д’Амико интернет арқылы жүргізілетін адам саудасына қарсы тұрудың маңызына назар аударды.

«Өкінішке қарай, онлайн ортада балалар мен ересектерді қанау үрдісі қарқын алып келеді. Интернетті мемлекеттік саясат арқылы реттеу керек. Веб-сайттар мен технологиялық компанияларды өз платформаларында зиян келтірілетін дүниелерге қатысты тексеру жүргізуге мәжбүрлеу керек. Оларды әділет органдарына қанауға және зиян келтіруге ықпал ететін платформаларды жабу құралдарын ұсынуға міндеттеу қажет», – деді ол.

Іс-шара модераторы – Парламент Мәжілісінің депутаты Павел Казанцев «AMANAT» партиясының депутаттары заң жобасын талқылауға белсенді атсалысып жатқанын атап өтті.

«Партия қылмыстың кез келген түріне мүлдем төзбеу қағидатын ұстанады. Саяси тұғырнамамызда жазылғандай, «Біз бірлесіп қоғамда жаңа құқықтық мәдениетті қалыптастыруымыз керек». Заңнамалық нормалары адам құқықтарын қорғау саласындағы халықаралық стандарттарға сәйкес келетін құқықтық мемлекет құруға күш салып жатырмыз», – деді ол.

Іс-шараға қазақстандық және халықаралық сарапшылар да қатысты: Қазақстан Республикасындағы Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйым миссиясының ұлттық бағдарламалық офицері Әлия Белоносова, Ішкі істер министрлігі Адам саудасына қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары Шынар Көшербаева, Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының Кәсіби оқыту институты кафедрасының меңгерушісі Жанар Сейтаева, Парламентаризм Институтының атқарушы директоры Алмас Қанатов, «Сана Сезім» әйелдер бастамаларының құқықтық орталығы» ҚБ директоры Шахноза Хасанова, Қырғыз Республикасы Торага Жогорку Кенеш жанындағы Көші-қон және адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңес Хатшылығының орынбасары Марлис Жұмабаев, Тәжікстан Республикасы Адвокаттар одағының мүшесі Иноят Иноятов, «Таза Әлем» – әйелдерге көмек»  ҮЕҰ басшысы Мехрибан Зейналова (Әзербайжан).

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша адам саудасына қарсы іс-қимылды заңнамалық реттеу мәселелеріне қатысты ұсыныстар әзірленіп, олар Парламентке жіберілетін болды.

Жаңалықтар тізбесі

Қазақстанның болашағы- жастардың қолында!

Жастар – елдің болашағы. Ертеңгі күннің жарқын, сәулелі болуы да соларға байланысты. Аға ұрпақ өмірден озады. Олардың орнын бүгінгі...

Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу

2023 жылдың 16 мамыр күні "Түркістан Ахмет Ясауи" кәсіби колледжінде жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында Ішкі істер бөлімінің...

ТҰРҒЫН ҮЙМЕН ҚАМТУ

  Жергілікті атқарушы органдарда тұрғын үй кезегінде 39 мыңнан астам азамат тіркелген. Оның 5 505-сі көп балалы отбасылар болып табылады....

Түркістанда жемқорлық фактісін хабарлағандар ақшалай сыйақы алды

Ағымдағы жылы Түркістан облысында жемқорлық фактісін хабарлаған 7 азаматқа 1,6 млн теңге сыйақы тағайындалды. Соңғы 3 жылда жемқорлық қылмысының жолын...

Қазақстандық журналистер Өзбекстандағы тарихи-мәдени орындармен танысты

Түркітілдес журналистер қорының ұйымдастыруымен Өзбекстан Республикасының туризм және спорт министрлігінің қолдауымен жүзеге асқан жобаның мақсаты - қос ел арасындағы...

Балалар өміріндегі зорлық – зомбылықтың алдын алу

Қазіргі кезде бүкіл әлемде ата-аналардың және де өзге ересектердің балаларға зорлық-зомбылық және қатігездік көрсету, оларды ауызша агрессияға тартуы, кәмелетке...

Трансформер жиһаздар жасайды

Шымкент қаласының тұрғыны Асқар Амантай «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы «Бастау бизнес» кәсіпкерлік негіздерін оқыту курсынан өтіп, жеке кәсібін ашты. 26 жастағы...

Сайрамда ән байқауы өтті

Сайрам ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен №7 Бабыр атындағы жалпы орта мектебінде аудандық «TuranBalaFest» үздік өнерпаздар телебайқауының «Эстрадалық вокал, ВИА...

Стамбұлдағы Чемпиондар фестивалі

Биыл 10 маусымда Стамбұлдағы Ататүрік Олимпиада стадионында УЕФА Чемпиондар лигасының финалдық ойыны өтеді. Сұлу да сиқырлы шаһарға ойын тамашалауға...

Тағы да