Воскресенье, 19 апреля, 2026

Түркістанда балалардың қиялынан туған ертегілер жинағының тұсауы кесілді

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Бүгін «Фараб» кітапханасында «Ақылды балаға – сыйлыққа Ақылдым» ақция-байқауы өз мәресіне жетті. Онда әр ауданнан облыстық финалға жолдама алған 18 бала сынға түсті. Байқау барысында қатысушы балалардың қиялынан туған ертегілер жазылған жинақтың тұсауы кесілді.

Байқау қорытындысы бойынша Мақтаарал, Жетісай, Қазығұрт аудандары мен Түркістан қаласынан қатысқан үміткерлер арнайы номинация иеленді. Ал ІІІ орынды — келестік Ерсұлтан Икрам иеленіп, Түркия еліне саяхатқа жолдама алды. ІІ орын алған түлкібастық Лала Кулиева Грузия еліне жолдамаға ие болды. І орын иесі төлебилік Думан Жақсылыққа Дубай қаласына жолдама бұйырды. Ал, бас жүлде иесі Мерей Балтабекке Тайланд еліне жолдама және «Фараб» кітапханасының арнайы 30 000 теңге ақшалай сыйлығы бұйырды. Барлық қатысушыға ҚР Оқу ағарту министрінің алғыс хаты табысталды.

Отырар ауданынан келген қатысушы Ақерке Баянбай демеуші Батырбек Көшербайдың арнайы стипендиясының иегері атанды. Бәйдібек ауданының намысын қорғаған Жайна Шырынбек композитор Бекжігіт Сердәлінің арнайы сыйлығына ие болды. Қазылар алқасының мүшесі Ұлмира Нұрмаханқызының арнайы ақшалай сыйлығы ордабасылық Інжу Жолдасқа бұйырды. Ал ұстаз Әсел Бимырзаеваның арнайы сыйына саурандық Думан Төлеу ие болды. Жанат Сәдібекқызының арнайы сыйы — «Алтын Самрұқ» театрына жолдама және «Түркістан» 3Д кітабы барлық қатысушыларға табысталды. Сонымен қатар, қатысушылар «Ақылдым» журналына 6 айға тегін жазылым алды.

Үш кезең бойынша сайысқан қатысушыларға «Қызмет» газеті ЖШС директоры, «Серпіліс» қоғамдық қорының төрайымы Бейсенкүл Нарымбетова, журналист, профессор, композитор Бекжігіт Сердәлі, «Turkistan» телеарнасының продюсері Ұлмира Тоқсанбаева, ұстаз Әсел Бимырзаева, «Фараб» кітапханасының директоры Жанат Шардарбекова қазылық етті.

Айта кетейік, Түркістан облыстық «Фараб» кітапханасы мен республикалық «Ақылдым» журналы бірлесіп ұйымдастырған аталған байқау сәуір айынан бастап оқырманға жол тартқан болатын.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Жаңалықтар тізбесі

Жас келіндер сайысы өтті

Сарыағаш ауданы №36 Қ.Х.Тоқмұхамедов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде 8-наурыз – халықаралық әйелдер мерекесіне орай «Жақсы келін –...

“QazForum-2021” басталды

Нұр-Сұлтанда “QazForum-2021” қазақ тілінде онлайн–контент жасаушылардың V форумы өтеді. 2021 жылы 5 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында «Медиа кеңестіктің жаңа келбеті» қазақ...

Жетісай аудандық Аналар кеңесінің отырысы өтті

Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Жетісай аудандық Аналар кеңесінің І тоқсандық отырысы өтті. Отырысты Жетісай аудандық ҚХА жанындағы Аналар кеңесі төрайымы...

БУРСА ӨНДІРІС ҚАЛАСЫ

БУРСА ҚАЛАСЫНЫҢ ТАРИХЫ Бурса, Оңтүстік Мәрмәр теңізінің інжу-маржаны, Түркияның 4-ші ірі қаласы, өркениеті 8500 жыл бұрын және неолит дәуірінен басталады;...

Төлебилік оқушы Дубайға жолдама жеңіп алды

Облыстық «Фараб» ғылыми-әмбебап кітапханасы мен республикалық «Ақылдым» журналы ұйымдастырған «Ақылды балаға – сыйлыққа «Ақылдым» акция-байқауы мәресіне жетті. Аталмыш акция-байқаудың ақтық...

ТҮРКСОЙ-ҚАЗАҚСТАН ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ НЫҒАЯ ТҮСТІ

Қазақстан ТҮРКСОЙ ынтымақтастық шеңберінде бірқатар жобаларды жүзеге асырып жатыр. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің төрайымы...

ШЫМКЕНТТЕ 248-ШІ БҮЙРЕК ТРАНСПЛАНТАЦИЯСЫ СӘТТІ ӨТТІ

Шымкент қалалық №1 клиникалық ауруханада 248-ші бүйрек трансплантациясы сәтті жүргізілді. Бұл жолы ұлы әкесіне донор болып, бүйрегін беру арқылы...

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕС АУДАНЫНДА ИНДУСТРИЯЛДЫ АЙМАҚ ҚҰРЫЛДЫ

Индустраилды-инновациялық даму бағдарламасы аясында Келес ауданында индустриялды аймақты құру мақсатында Ақтөбе ауылдық округі аумағынан 300 гектар жер учаскесі бөлініп,...

Сауран ауданында  әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссия отырысы өтті

Сауран ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында Сауран ауданы әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссияның кезекті...

Тағы да