Сарыағаш ауданы №36 Қ.Х.Тоқмұхамедов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде 8-наурыз – халықаралық әйелдер мерекесіне орай «Жақсы келін – ырысың» атты мұғалімдер арасында жас келіндер байқауы өтті.
Аталмыш байқауға 12 ұстаз қатысты. Байқаудың ерекшелігі ұстаздар Қазақ, орыс, өзбек, түрік, кәріс және үнді ұлт өкілдері болып қатысып, салт-дәстүрлері көрсетіліп, ұлттық тағамдары ұсынылды. Әр халықтың ұлттық тағамдары өзіндік ерекшеліктерімен дараланатыны сөзсіз. Сайыс барысында әр халықтың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы жайлы өз өнерлерін ортаға салды. Бірі ән айтса, бірі би билеп, мәнерлеп өлең оқыды.
Биыл байқаудың ерекше әрі қызықты өтуінің бірден бір себебі басқа этностардың салт-дәстүрлерімен және ерекшеліктерімен танысуға мүмкіндік алдық. Бұл шара отбасылық құндылықтарды дәріптеп, қоғамдағы аналардың мәртебесінің артуына сеп болады
Байқау нәтижесінде Түрік халқының үлгісін сомдаған математика пәні мұғалімі Гүлнәр Бабаева мен бастауыш сынып мұғалімі Жамиля Байғараева бас жүлдені жеңіп алды. Ал өзбек халқы үлгісін сомдаған Динара Каилова мен Эльмира Даубаева І орынды иеленді.
Байқау соңында №36 Қ.Х.Тоқмұхамедов атындағы ЖОББМ директоры Айгүл Жаныкулова мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жиенбек Спанов қорытынды сөз сөйлеп, қатысушыларға алғысын білдіріп, мерекемен құттықтады.
