Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Жетісай аудандық Аналар кеңесінің І тоқсандық отырысы өтті.
Отырысты Жетісай аудандық ҚХА жанындағы Аналар кеңесі төрайымы Басымбекова Рахила ашып жүргізіп отырды.
Отырысқа «Қоғамдық келісім» КММ-нің Жетісай аудандық филиалының басшысы Д.Мырзамуратов, Жетісай аудандық ҚХА жанындағы аналар кеңесінің төрайымы Р.Басымбекова, қала, кент, ауылдық округінің төрайымдары мен мүшелері қатысты.
Келелі жиында Адамгершілік құндылықтары және бүгінгі қоғам тақырыбында әңгіме қозғалды. Сондай-ақ, этносаралық келісімді, толерантты қарым-қатынасты насихаттау, ұрпақтар сабақтастығын, ұлттық дәстүрлер мен отбасылық құндылықтарды нығайту және сақтау мақсатында аудандық Аналар кеңесінің жоспары талқыланды.
Кездесу барысында «Қоғамдық келісім» КММ-нің Жетісай аудандық филиалының басшысы Д.Мырзамуратов 8-наурыз Халықаралық айелдер мерекесіне орай, аналарды мерекелерімен құттықтап, ізгі ниетін білдіріп, құрметін көрсетті.
