Воскресенье, 19 апреля, 2026

ТҮРКСОЙ-ҚАЗАҚСТАН ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ НЫҒАЯ ТҮСТІ

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Қазақстан ТҮРКСОЙ ынтымақтастық шеңберінде бірқатар жобаларды жүзеге асырып жатыр. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің төрайымы Роза Кәрібжанова ТҮРКСОЙ Тұрақты кеңесінің ХХХІХ отырысында мәлімдеді: “ТҮРКСОЙ-мен ынтымақтастық шеңберінде 2022 жылы Халықаралық Түркі мәдениеті ұйымы Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесіп бірқатар мәдени іс-шараларды ұйымдастырылды. Мысалы, Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы мен Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығы тойланды. 2021 жылы Ыстамбұлда өткен «Қорқыт Ата түркі әлемі» алғашқы кинофестивалі түркітілдес елдердің кинематографистері арасында байланыс орнату үшін тиімді алаң болды. Бурса қаласында өтіп жатқан екінші «Қорқыт Ата» кинофестивалінің конкурстық бағдарламасында «Ақ боз үй» көркем фильмі (режиссері Бекарыс Елубаев) және «Еуразия билеуші ханымдары» деректі фильмі (режиссері Алексей Каменский) ұсынылды. Сондай-ақ, кинофестиваль аясында бірлескен қазақ-татар «Тарлан» фильмі (режиссер Юлия Захарова) ұсынылады. Кинофестиваль алаңы мәдени және көркемдік ынтымақтастық мүмкіндіктерін кеңейтуге, сондай-ақ ортақ тарихи және мәдени құндылықтарымызды нығайтуға және байытуға ықпал ететініне сенімдімін”. Кинофестиваль бағдарламасына қатысу үшін Қазақстанның киноиндустриясының жетекші өкілдерінен тұратын қазақстандық үлкен делегация келді. Құрамында Қазақстан Республикасының Халық әртісі, актер Нұржұман Ыхтымбаев, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, кинорежиссер Ақан Сатаев, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, актер, Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры Азамат Сатыбалды, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Жанат Қуанышова, «Номад стантс» касадерлік тобының жетекшісі Жайдарбек Күнгужинов, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, кинорежиссер Сатыбалды Текеев, кинопродюсер Анар Қашағанова т.б бар. Кинофестиваль аясында қазақстандық кино күндері өтіп жатыр. Шараға «Ұлы дала таңы», «Мұзбалақ», «Дос-Мұқасан», «Мұқағали» фильмдерінің көрсетілімдері өтті. Роза Кәрібжанованың айтуынша, бүгінде Қазақстан түркі елдерінің әртүрлі салалардағы тығыз ынтымақтастығын нығайтуда, әсіресе, Геральдика саласындағы ынтымақтастықтың маңызы зор: “2021 жылы Қазақстан Республикасында алғаш рет геральдикалық зерттеулер орталығы ашылды. Түркі халықтарының ортақ тарихын ескере отырып, символизм мен геральдикалық элементтерді зерттеу бойынша зерттеу жұмыстарының орасан зор маңызы бар. 2023 жылы «Геральдикалық зерттеулер орталығының» ғалымдары мен түркі геральдист-ғалымдары арасында тәжірибе алмасу жобасын іске асыру жоспарлануда”. Нәзия Жоямергенқызы, Түркітілдес журналистер қоры, Бұрса, Түркия.

Жаңалықтар тізбесі

Антикор волонтерлармен колледждерде оқуға құжат қабылдау процесінде шынайылықты қамтамасыз ету ұсынылды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің еріктілері кәсіптік техникалық білім беру ұйымдарында жүргізген мониторинг барысында қабылдау комиссияларының жұмысын зерттеді. Еріктілер мемлекеттік грант...

ЖОЛДАР ЖӘНЕ КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ

Жол – экономиканың күретамыры. Сондықтан жолдардың сапалы әрі талапқа сай болуы – орнықты әрі табысты дамудың кепілі. «Nur Otan» партиясының...

Қазақстандықтардың басым бөлігі зорлық-зомбылық үшін жазаны күшейту туралы Президенттің бастамасын қолдайды

Респонденттердің 96%-ы Мемлекет басшысының отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың кез келген түріне қатысты жазаны күшейту жөніндегі...

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚ АУДАНЫНДА 1030 ОРЫНҒА АРНАЛҒАН СТАДИОН АШЫЛЫП, ЕЛ ИГІЛІГІНЕ ҰСЫНЫЛДЫ

  Бүгін Созақ ауданының 95 жылдық мерекесі аясында Созақ ауылында заман талабына сай жабдықталған 1030 орындық спорт алаңы ашылып, ел...

Ата-аналарға арналған жадынама «Балаңыздың зорлық-зомбылық құрбаны болмауы үшін»

Балаға егер өзіне төнген қауіптілікті сезсе, кез келген үлкен адамға «ЖОҚ» деп айтуға құқығы бар екенін үйретіңіз. Егер...

4000-ға жуық адамды сапалы интернетпен қамтуға толық мүмкіндік жасалып отыр

Шымкент қалалық мәслихатының, «Nur Otan» партиясының депутаты, фракция мүшесі ретінде, «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға...

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары!

Қашан да «Nur Otan» партиясының басты құндылығы — адам, оның жайлы және бақуатты өмір сүруі мен денсаулығы. Қазіргі күрделі...

КЕЛЕСТІК АҒАЙЫНДЫ ШАРУАЛАР ГҮЛДІҢ 50 ТҮРІН ӨСІРЕДІ

Келес ауданы, Алпамыс батыр ауылдық округінде тұратын ағайынды Хуршид пен Бақберген Исраиловтар бөлме және дала гүлдерінің 50-ге түрін өсіреді....

Ұрпақ тәрбиесі – ұлағатты ұстаздардың еңбегі.

Ұстаз - жас ұрпақтың рухани сәулеткері. Қоғам, халық өзінің үміті мол болашағын тапсыратын сенімді өкілі. Олар сол сенімді ақтауда...

Тағы да