Воскресенье, 19 апреля, 2026

Түркістанда «Әжелер алқасына» 10 жыл толуына орай «Аялы әже» форумы өтті

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Бүгін Түркістан облыстық ардагерлер кеңесі жанынан құрылған «Әжелер алқасына» 10 жыл толуына орай «Аялы әже» форумы өтті. Форум аясында ұлттық тағамдарымыз бен дәстүрімізге, қолөнерімізге арналған көрме ұйымдастырылды.

Түркістан қаласында өткен мерейтойлық жиынға облыс әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев, облыстық мәслихаттың төрағасы Нұралы Әбішов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов және аудан мен қалалардан кеңес-алқа мүшелері қатысты. Жиында қазақ қоғамындағы әженің рөліне арналған арнайы бейнефильм көрсетіліп, ақжаулықты әжелер ұлттық салтымызды сахналады.

Форумда ел ішінде ерен еңбегімен танылған, дәстүрімізді дәріптеп жүрген әжелер «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен, облыс әкімінің, облыстық мәслихаттың және облыстық ардагерлер кеңесінің грамотасымен марапатталды.

— Түркістан өңірі — ұлттық дәстүрді ұлықтаған киелі мекен. Күнгей өлкенің әрдайым ынтымағы, бірлігі мығым. Қазақ қоғамында ұрпақ тәрбиеcі мен ұлттық салт-дәстүрімізді дәріптейтін асыл әжелердің орны мен рөлі қашанда ерек болған. Бүгінгі жиын да осы мақсатта өтіп отыр. Біз ұлттық тәрбие беруде әжелеріміздің тәліміне көп сенім артуымыз керек. Бүгінде облыстық ардагерлер кеңесі, оның ішінде Әжелер ұйымы жаңаша бағытта жұмыстар атқарып келе жатыр. «Қарты бар үйдің — қазынасы бар» дегендей, ата мен әже – ел тұлғаларын өсіретін ұлттық мектеп, — деді Бейсен Дәулетұлы.

Сонымен қатар, әжелер мектебін дамыту тәжірибесін басқа өңірлерде де насихаттау үшін «Аялы әже» атты мүсін-таңба еліміздің барлық облыстарына эстафета ретінде табысталмақ. Алғашқы эстафета бүгінгі «Аялы әже» форумында киелі Түркістан өңірінен әулиелі Жамбыл облысына салтанатты түрде тапсырылды.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 

Жаңалықтар тізбесі

Chance the Rapper releasing debut album this summer

 The main thing that you have to remember on this journey is just be nice to everyone and always...

All the Celebrity Sightings at New York Fashion Week

 The main thing that you have to remember on this journey is just be nice to everyone and always...

ТҮРКІСТАНДА ӘЛЕУМЕТТІК САЛА БОЙЫНША ІС-ШАРАЛАР ЛЕГІ БАСТАЛДЫ

Бүгін Түркістанда Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған іс-шаралар легі басталды. Сондай-ақ қазан айының екінші жексенбісіне белгіленген «Мүгедектігі...

Түркістан облысында жастарды кітап оқуға үгіттейтін ерекше жоба басталды

Келес ауданындағы №59 Б.Момышұлы атындағы жалпы орта мектебінің кітапханасында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Кітап оқу байқауы» басталды. Байқау аясында...

Қастерлі мекен тарихы — жастарға өнеге

  Қазақ халқы ақыл-парасатымен,ерлік істерімен елге ұйытқы болған батыр ұлылардан кенде емес.Соларды бірі Бәйдібек баба. Арма көрермен,эфирде Ғажайып мекен.Біз бүгінгі...

Күнтізбелік 14 күн ішінде тауарлар қалай қайтарылады?

Тауарды сатып алғаннан кейін 14 күн ішінде апарсаңыз болады. Сатушы тауарды басқасына ауыстыруға немесе ақшаны толық қайтаруға міндетті. Ескеретін...

Махаббатпен пісірілген тәтті тарих!

Көңілді де күншуақты Шымкентте, базардың хош иістері мен көшенің әуендері араласқан қалада, тәттілер жайлы түсінікті өзгерткен бір кондитерлік мекен...

Тұрмыстық зорлық-зомбылық – қоғамның дерті

Қазақстан Республикасының Конститутциясында адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды, әркімнің ар-намысы мен абыройын қорғауына құқығы бар деп жазылған. Дегенмен, біздің заманауи...

«Айбынды жастар – Жаңа Қазақстанның тірегі

Созақ ауданының жігіттері әскерге аттанды. Шолаққорған кентіне болашақ сарбаздар жиналып, ерлік сабағына қатысты. «Айбынды жастар – Жаңа Қазақстанның тірегі» акциясы...

Тағы да