
Отбасы болу, саналы ұрпақ тәрбиелеу үлкен жауапкершілікті талап ететін іс. Қоғамның жақсы болып қалыптасуы жанұяның әрбір мүшесіне байланысты. Бүгінде әр салада бірге қызмет жасап, еліміздің дамуына елеулі үлес қосып жатқан жандар аз емес.
Сондай отбасылардың бірі – Кентау қалалық емханасында қызмет ететін Балғабаевтар жанұясы. Отағасы – Балғабаев Ерлан Қыдырбайұлы 2001-2007 жылдар аралығында ХҚТУ атындағы Қазақ-түрік университетінің жалпы медицина факультетін бітірген. Офтальмолог дәрігер. Жары — Байтұрыснова Роза Исабекқызыда ХҚТУ университетінің түлегі. Невропатолог дәрігер. Бүгінде дәрігерлер жанұясында 5 бала тәрбиеленуде.
Көпбалалы ата-ана болып отырған дәрігерлер ұжымға да сыйлы абыройлы, тұрғындардың да
алғысына бөленген. Сыйластықпен ғұмыр кешіп, тату-тәтті өмір сүріп жатқан Балғабаевтар отбасы кейінгі жас буынға үлгі-өнеге.
Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
