Воскресенье, 19 апреля, 2026

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА NEET САНАТЫНДАҒЫ 3 МЫҢ ЖАС ТЕГІН ОҚУҒА ТҮСТІ

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...


2,1 млн. тұрғыны бар Түркістан облысында 14-35 жас аралығындағы жастар саны – 654 мың. Бұл көрсеткіш халық санының 30 пайызын құрап отыр. Олардың арасында NEET санатындағылары да бар.
Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен өңірде осы жастарға білім беру, қоғамдық ортаға тарту, жұмыспен қамту және кәсіпкерлікке баулу бойынша әрқайсымен жеке түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатыр. Олардың үлесін азайту мақсатында облыстағы жастар саясатын жүзеге асыру бағытындағы жұмыстар биылғы жылдан бастап жаңа форматқа ауыстырылды. Аймақтағы «Жастар ресурстық орталықтарының» мамандары ауылдарды, көшелерді аралап мемлекеттік бағдарламалар мен оқу гранттары туралы ақпарат берді. Жастарды жаңаша істерге шақырды. Нәтижесінде жастарға қатысты 12 мемлекеттік бағдарлама аясында 38 мың жасты жұмыспен және оқу гранттарымен қамту жоспарланып, тиісті жұмыстар атқарылды. Бұдан бөлек, мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау мақсатында 182 мың жасқа кеңес берілді. Бұл іс әлі де жалғасады.
Түркістан облысында техникалық және кәсіптік білім беретін 50 колледж жұмыс атқаруда. Онда 43 мыңға жуық студент қамтылған. Биылғы оқу жылына 71 мамандық бойынша 15350 орынға мемлекеттік тапсырыс жарияланып, ол толық орындалды. Яғни, гранттар толық игерілді. Оның ішінде NEET санатында 3000 жас колледждерге тегін оқуға түсті. Олар мемлекеттік тапсырыс аясында білім, бизнес, басқару және құқық саласы, инженерлік, құрылыс және өңдеу саласы, әлеуметтік жұмыс және денсаулық сақтау саласы, гуманитарлық ғылымдар және өнер саласы, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы, балық, мал шаруашылығы, қызмет көрсету саласы бойынша білім алып жатыр. 1 қыркүйектен бастап шәкіртақы 21000 теңгеден 32000 теңгеге көтерілді.
Оқуды бітірген түлектерді жұмыспен қамту бойынша тиісті жұмыстар жүйелі атқарылып келеді. Алдағы уақытта жаңа кәсіпорындар ашып, сол арқылы жастарды кәсіптік біліммен қамту көзделуде.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жаңалықтар тізбесі

Әйелдердің құқықтарын қорғау

Әйелдер мен қыздардың құқықтары адам құқықтарының ажырамас, құрамдас бөлігі болса да көп жағдайда келеңсіз оқиғалар мен төменсіту орын алып...

Ташкент: Көне мұра және заманауи кешен

Тарихқа бай, құнды жәдігерлердің отаны саналатын Ташкентті қанша күн араласаң да тауысып біте алмайтындайсың. Түркітілдес журналистер қорының Өзбекстан Туризм...

Динара Закиева: Бала құқығын қорғаудың бірінші жолы – жазаны қатаңдату

2023 жылдың 1 қыркүйегінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты халыққа Жолдауында «Мен Мемлекет басшысы ретінде кәмелетке...

ТҮРКІСТАН: АРЫСТАН ШЫҒАТЫН ТАНЫМАЛ МИНЕРАЛДЫ СУЫ ШЕТЕЛГЕ ЭКСПОРТТАЛМАҚ

Түркістан облысы, Арыс қаласында өндірілетін минералды суға қытайлық компания қызығушылық танытып отыр. Бүгін Арыс қаласына Қытай Халық Республикасынан инвесторлар...

Сөзі мен ісі үйлескен іскер азамат

«Nur Otan» партиясының белсенді депутаты Аширбаев Бәйкеннің кейбір қырларын айта кеткенді жөн көрдік. Әлеуметтік желіде қазақтың еменнің иір бұтағындай қайратты...

«Үміт» форумының кезекті жиыны өтті

Қазығұрт ауданы орталығында орналасқан Мәдениет сарайында аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Үміт» форумының ХІІ-ші жиыны өтті. Аталған жиынға...

ТҮРКІСТАН: «TURAN JASTARY» ФОРУМЫНДА  ОБЛЫС ЖАСТАРЫ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ.

Өткен аптаның демалыс күндері, 25-26 қарашада Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасының тапсырыс беруімен "ЖАЛЫН" қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен "Turan zhastary”...

ТҮРКІСТАН: Балалардың жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздігі бойынша рейдтер жалғасып жатыр

Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Бағланбек Айтпаев...

Түркиядағы Қара теңіздің таулы аймақтары ұмытылмас әсер сыйлайды

  Түркияның Қара теңіз таулы аймақтары қала өмірінің күйбең тіршілігінен демалғысы келетіндер үшін саналуан таңдау ұсынады. Үстірттер Қара теңіздің жыл...

Тағы да