Понедельник, 20 апреля, 2026

Ташкент: Көне мұра және заманауи кешен

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Тарихқа бай, құнды жәдігерлердің отаны саналатын Ташкентті қанша күн араласаң да тауысып біте алмайтындайсың. Түркітілдес журналистер қорының Өзбекстан Туризм және спорт министрлігі серіктестігінде ұйымдастырылған пресс — турдың екінші күні ғасырдан ғасырға мұрты бұзылмай жеткен көне мұралардан бөлек, заманауи кешендерді аралау бақыты бұйырды.

«Навруз» этносаябағы

Қаланың қақ ортасында орналасқан «Навруз» этносаябағы Өзбекстанның мәдениеті мен ұлттық дәстүрлері тоғысқан тарихи – мәдени орталық деуге болады. 2,5 гектар аумақта орналасқан саябақ ұлттық нақышта безендірілген. Өзбек ағайындардың әр облысының өзіне тән ерекшеліктерін бейнелейтін ескі стильдегі үйлер орналасқан көшелер бар. Бұл жерден Самарқан, Бұқара, Наманган облыстарындағы алыс ауылдарды көз алдыңызға келтіреді. Биік жартастарға орналасқан көне үйлер, махаллалар көне тарихтан сыр шертеді. Аяқжолдардың өзі ұлттық нақышта өрілген. Шеберханаларда ұсталар өз қолдарымен жасалған түрлі-түсті кәдесыйларды сатып отыр. Саябақтың шеткі тұсында биіктігі 88 метрді құрайтын айналма дөңгелек орналасқан. Қаласаңыз VIP кабинаға отыруға мүмкіндігіңіз бар. Бағасы да анау айтқандай қымбат емес. Ең биік нүктесінде Ташкент шаһары алақандағыдай көрінеді.

Зілзала құрбандарына арналған мемориал

Ташкент трагедиясына арналған мемориалды кешенге де табан тіредік. Мұнда 1966 жылы 26 сәуірде 8,3 шкаласы бойынша жер сілкінісі болған. Эпицентрі осы ескерткіш қойылған жерден басталған деседі. 2 млн шаршы метр аумақ жарамсыз күйге түсіпті. Жер сілкінісінің құрбандарына арналып 1976 жылы 26 мамырда осы ескерткіш орнатылған. Аяғының астына, қақ бөлініп жатқан қара жерге үрейлене қарап, апатқа қарсы тұрып, отбасын қорғап қалмақты ниет еткен ер азамат бейнесі көрініс тапқан алып ескерткіш. Широз Суяров, Өзбекстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің өкілі: «Жер сілкінісі болған кезде Ташкентте 1,5 миллион халық тұрған. Тұрғындардың жартысына астамы қайтыс болған… 3 жылдан соң Ташкент қалпына келтірілген. Жаңа үйлер, ғимараттар тұрғызылған».

Хаст имам мәдени-сәулет кешені

Өзбекстандағы алғашқы ислам уағызшыларының бірі – Хазрати Имамның құрметіне тұрғызылған діни ғимараттар кешені. Хазіреті имам мешіті киелі орындардың бірі. 600-700 жыл деп есептелінеді шамамен. 2007 жылы қайта жаңғыртудан өткен. Хаст имам (Хазрати Имам) – мәдени — сәулет кешені, Ташкенттің діни орталығы ескі қалада орналасқан. Мұнда Құран кітаптарының сан алуан түрі бар. 3 метрге жетерлік үлкенінен бастап, баланың алақанындай өте кішкентай үлгісі де қойылыпты. Мешіттің кіре берісінде биіктігі 53 метрлік екі мұнара бар. Мешітте бір уақытта 10 мыңнан астам адам намаз оқи алады. Хаст-Имам кешеніндегі ландшафтық саябақта экзотикалық ағаштардың сан алуан түрі бар.

Жаңалықтар тізбесі

Бала біздің — болашағымыз!

Түлкібас аудандық орталық ауруханасында 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар аталып өтті. Осы мерекеге орай, балалар...

БҰЛ РЕФОРМАНЫҢ ЖӨНІ БӨЛЕК

Күні кеше Мемлекет басшысының Жарлығымен жетінші шақырылымның Мәжіліс депутаттарының барша облыстық, сондай-ақ қалалық мәслихат депутаттарының жұмыстары да өз мәресіне...

Жол картасының 38-тармағына сәйкес бақылау жұмыстары өтті

  «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасын іске...

Стамбұл Ханзада аралдарының таңғажайып аурасы бар

Әлемдегі ең ірі  мегаполистердің бірі – Стамбұлдың басқалардан ерекшелігі бар. Шаһарда еуропалық және азиялық мәдениеттер үйлесім тапқан, өткені мен...

ТҮРКІСТАН: ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫНЫҢ БАСШЫЛАРЫМЕН БІРЫҢҒАЙ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды барлық құқық қорғау органдары басшыларының қатысуымен бірыңғай қабылдау өткізді. Бастама облыстың оңтүстік аудандарында өтті....

Түркістан облысының бас дәрігері рухани астанада бала мен ана денсаулығы бірінші орында

АНА МЕН БАЛА САУЛЫҒЫ - МАҢЫЗДЫ Биыл - балалар жылы. Олардың тыныш өмірі Қазақстанның табысты болашағының сенімді кепілі. Сондықтан рухани...

ПРЕЗИДЕНТ РЕФОРМАСЫ: «АУЫЛ АМАНАТЫ» БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚАТЫСУҒА НИЕТТІ ТҰРҒЫНДАР САНЫ АРТУДА

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ауылдарды дамыту жөнінде нақты тапсырма берген болатын. Осы ретте халықтың табысын арттыру үшін «Ауыл аманаты»...

Түркістан облысында агрессивті балалардың саны артқан

Түркістан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аудан, қалалық басқармалары жыл сайын медицина мекемелерінен мектеп жасындағы оқушылар мен балабақша тәрбиеленушілерінің медициналық...

ТУРКЕСТАН: В САЙРАМЕ ОТКРЫЛСЯ ЦЕНТР АКТИВНОГО ДОЛГОЛЕТИЯ

Аким Туркестанской области Дархан Сатыбалды в ходе рабочей поездки в Сайрамский район посетил тепличный комплекс ТОО «Ecoinvest S.А». Стоимость...

Тағы да