Воскресенье, 19 апреля, 2026

ТҮРКІСТАН: «TURAN JASTARY» ФОРУМЫНДА  ОБЛЫС ЖАСТАРЫ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ.

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Өткен аптаның демалыс күндері, 25-26 қарашада Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасының тапсырыс беруімен «ЖАЛЫН» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Turan zhastary” атты іс-шара өтті.

Шараның мақсаты — жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттік ұйымдарымен жастар ұйымдарының бірлескен тәжірибе алмасу алаңын құру.

Екі күнге созылған шара «Тау самалы» демалыс аумағында ұйымдастырылды. Жалынды жастардың басын біріктерген шараның ашылу рәсіміне Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы басшысы орынбасары Бахыт Сәрсенбайұлы Ахымбетов пен Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы отбасы және жастар мәселелері жөніндегі бөлім басшысы Нүркен Бауыржанұлы Аралбеков және «ЖАЛЫН» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Құрмет Керімбеков қатысты.

 

—          Бүгінгі ұйымдастырылып отырған «Тұран жастары» шарасы — тәжірибе алмасу алаңы. Осы екі күнде сіздер бір-бірлеріңізбен тәжірибе алмасып, жаңа достар табады деп үміттенемін. Аталған шара  әлеуметтік, кәсіптік, білім-дағдылық дамуларыңызға өз үлесін қосады деп сенеміз, — дейді Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы басшысы орынбасары Бахыт Сәрсенбайұлы Ахымбетов.

 

Шара аясында білікті спикерлер көкейкесті мәселелер бойынша семинар тренингтер өткізді. Спикерлер қатарында «Отырар» телеарнасының жүргізушісі, диктор Жанат Тоқтарбай мен Жанерке Құмар, Олимпиада чемпионы Сәкен Бибосынов, қоғам белсендісі Данияр Алан және облыстық қоғамдық кеңесі мүшесі Құрмет Керімбек, сонлай-ақ Түркістан облысы, жастар ресурстық орталығы басшысы Ерасыл Төлебаев, заңгер Ермек Бекбосынов, блогер Асхат Шотаев болды.

 

Әр спикер киберпсихология, қоғам алдында сөйлеу, NEET жастармен жұмыс жасау бойынша ұсыныс, сыбайлас жемқорлық, сондай-ақ мемлекет және жастар сынды тақырыптарда қызықты ақпараттармен бөлісті. Ал шараның хедлайнері Сәкен Бибосынов қызығы мен қиындығы қатар жүрген өз спорт жолын айтып, жастарға үлкен мотивация бере алды.

Пайдалы тренингтерден кейін жастар кешқұрым «Домбыра party» шарасына қатысып, өз өнерлерін көрсетуге мүмкіндік алды. Жастар қоңыр үнді домбыра күйін тыңдап, гитарамен әуезді ән шырқады.

 

Ал шараның екінші күнінде жастарға салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында мини-футбол ойыны өтті. Сайыс нәтижесінде жастардан құралған командалар легі өте тартысты ойын көрсетіп, жеңіске жеткен топ қаржылай сыйақыға ие болды.

I орын — «13 регион» командасы 200000 теңге сыйақы;

ІІ орын — «Тұран жастары» командасы 150000 теңге сыйақы;

ІІІ орын — «Жетісай» командасы 50000 теңге сыйақы;

ІV орын — «Бауырлар» командасы 50000 теңге сыйақы.

Ал «Үздік ойыншы» номинациясымен Сейсенбаев Сәулет, «Үздік Қорғаушы» номинациясымен Сапатай Мардан марапатталса, «Жартылай қорғаушы»  Бектаев Ернар, «Үздік Шабуылшы» Мұхтарұлы Әсет атанды. Сондай-аұ «Үздік Қақпашы» номинациясымен Қайрат Ақтөре және «Үздік Капитан» номинациясына Әбдез Рахман ие болды. Ал «Үздік гол» соғушы Ибрагимов Ибраим атанды.

Форум соңында қатысушылардың облыс жастарына арналған Резолюцияны қабылдап, жастарды «Turan zhastary” платформасына белсенді қатысуға,  облысымыздағы жастардың әлеуметтік, кәсіптік, білім-дағдылық дамуына өз үлесін қосуға шақырды.

Жаңалықтар тізбесі

Ауыл ақсақалдарының ұйытқы болуымен 300 түп сәнді ағаш көшеттері отырғызылды

Өткен жексенбі күні «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автодәлізінің бойында орналасқан «Ұлы дала қырандары» аллеясының аумағына аудан ақсақалдарының ұйытқы болуымен 300...

Түркістан: Төлебиде «Жайлы мектеп» жобасы аясында үш мектептің құрылысы басталды

Түркістан: Төлебиде «Жайлы мектеп» жобасы аясында үш мектептің құрылысы басталды Мемлекет басшысының арнайы тапсырмасымен үш ауысымды, апатты, ескі мектептер мәселесін...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ШАРАЛАРЫ АРҚЫЛЫ АӘК АЛУШЫЛАР САНЫ 22 ПАЙЫЗҒА ТӨМЕНДЕДІ

Түркістан облысында 2023 жылы 109,7 мың жұмыс орнын ашу бойынша облыс басшысының бастамасымен «Өңірлік жұмыспен қамту картасы» бекітілді. Оның...

Қастерлі мекеннің әрбірінен жастарға алар өнеге мол.

«Түркістанда Түмен баб, Сайрамда бар сансыз баб, Отырарда отыз баб»Түркістан облысы мен Шымкент қаласы сокральді орындар мен  киелі жерлерге...

Қазақстанда Аналар және Әкелер күні деген қос мереке пайда болды

Енді елімізде екі мейрам – Аналар және Әкелер күні мерекесі бөлек-бөлек аталып өтеді. Премьер-Министр Әлихан Смайылов тиісті қаулыға қол...

Түлкібас ауданында «Ұлттық мектеп лигасы» жарыстары бастау алды

Дана Ы. Алтынсарин : Маған жақсы мұғалім -бәрінен де, қымбат. Өйткені мұғалім мектептің жүрегі дегенде, болашақтың тәрбиешісі ұстаз екендігін...

Түркістан облысы – республикада мақта дақылын өсіретін еліміздегі бірден-бір өңір.

Түркістан облысында туындаған мақта мәселесін шешу мақсатында аймақ басшысы Дархан Сатыбалдының төрағалығымен алқалы жиын өтті. Оған Сыртқы істер министрлігі,...

Аяулы әжелердің айтары көп

Биыл облыстық ардагерлер кеңесі жанынан «Әжелер алқасының» шаңырақ көтеріп, өз алдына отау тіккеніне 10 жыл толып отыр. Аталған алқа...

Түркістан: Сауран ауданында жол құрылысы жұмыстары қарқынды

  Түркістан облысы, Сауран ауданында автожолдарға ағымдағы және орташа жөндеу, бағдаршам және жол белгілерін орнату, веложолдар, аяқжолдар мен суағарлар салу...

Тағы да