Воскресенье, 19 апреля, 2026

ТҮРКІСТАН: АРЫСТАН ШЫҒАТЫН ТАНЫМАЛ МИНЕРАЛДЫ СУЫ ШЕТЕЛГЕ ЭКСПОРТТАЛМАҚ

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...


Түркістан облысы, Арыс қаласында өндірілетін минералды суға қытайлық компания қызығушылық танытып отыр. Бүгін Арыс қаласына Қытай Халық Республикасынан инвесторлар келді. Қала әкімінің орынбасары Ерғали Қуандық шетелдік қонақтарға қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайын баяндап, қала әкімінің бастамасымен Арысқа тартылып жатқан инвестициялық жобалар туралы айтып өтті.
Бұдан кейін меймандар «Арыс минералды су» ЖШС-нің жұмысымен танысты. Серіктестік директоры Руслан Полатханұлы өндіріс орнымен жан-жақты таныстырып, кешенді дамытуға арналған алдағы жоспарларымен бөлісті.
Белгілі болғандай, инвесторлар бұған дейін «Arys» брендімен танымал емдік судың құрамын анықтау үшін арнайы сараптамадан өткізген. Зертханалық жұмыстардың қорытындысы бойынша отандық өнім табиғи тазалығы әрі денсаулыққа пайдалы минералға бай екендігі анықталған. Осыған сәйкес, компания басшылығы «Арыс Минералды Су» ЖШС-мен әріптестік орнатып, инвестиция салуға, сондай-ақ Қытай еліне емдік дәруменге бай ауызсуды үлкен мөлшерде экспорттауға ниетті. Сәтін салса, Түркістан өңірінің бренді саналатын «Arys» минералды ауызсуы шетел нарығына шығарылады деген үміт бар.
Айта кетейік, Арыс қаласында орналасқан «Арыс минералды су» ЖШС-і жылына 18 млн. литр минералды су өндіреді. Бүгінде 20-дан астам адам жұмыс істеп, тәулігіне 15 мың құты су шығарып отыр. Шипалы сусын 1870 метр тереңдіктен алынады.
Судың емдік қасиеті мол, ол жөнінде курортология институтының қорытындылары алынған. Қазіргі таңда серіктестік 0,5; 1; 1,5; 5; 19 литрлік құтыларға газдалған және газдалмаған су шығарады. Бүгінгі таңда табиғи минералды ауызсу Арыс қаласы мен Түркістан облысының өзге аудандарына, Алматы, Қызылорда, Шымкент облыстарына жөнелтілуде.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жаңалықтар тізбесі

ТҮРКІСТАНДЫҚ ӘКІМДЕР МЕН МЕМҚЫЗМЕТШІЛЕР ЖҰМЫСҚА ҰЛТТЫҚ КИІММЕН ШЫҚТЫ

Түркістан облысында Наурыз мерекесі 10 күн бойы елдің еңсесін көтеретін игі іс-шаралармен өрнектеліп жатыр. Бүгін, 15 наурызға «Наурыз –...

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚ АУМАҒЫ КЕҢЕЙІП, КӘСІПОРЫНДАР КӨБЕЙЕДІ

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Ордабасы ауданына іс-сапары барысында бірқатар кәсіпорынды аралап, жұмысымен танысты. Индустриалды аймақты кеңейту, дамыту жолдарын...

СОЗАҚ: Оқушылар жолда жүру ережесімен танысты

Созақ ауданы, Нәзір Төреқұлов атындағы ІТ мектеп-лицейінде жолда жүру ережесі бойынша оқушыларға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Шараға Созақ АПБ ЖПҚ...

Енеден бата алған

Сарыағаш ауданы, Жартытөбе ауылдық округінде 398 «Алтын алқа», 337 «Күміс алқа» иегері тұрады. Әрбір көп балалы шаңырақ мемлекеттің байлығы...

ТҮРКІСТАН: МАҚТАШЫЛАРДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Түркістан облысында мақта кластерін дамытуға күш салынады. Бұл мақсатта шитті мақтаны сатудан бөлек, мақта талшығын терең қайта өңдеуге басымдық...

«Nur Otan» партиясы 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасында жарық мәселесін шешу бағыттары да жоспарланған

«Nur Otan» партиясы 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасында жарық мәселесін шешу бағыттары да жоспарланған Көктем айында осы аймақтың тұрғындарымен кездескенбіз,...

Елімізде ажырасу көбейді. Бұл туралы маман не дейді?

Соңғы жылдары Қазақстанда ажырасқан отбасылардың саны арта түскен. Статистика бойынша, еліміздегі әрбір үшінші отбасы екі жаққа кетуге бел буады....

САМЫЕ КРАСИВЫЕ ПЛЯЖИ ТУРЦИИ

Турция, расположенная в самом сердце Средиземноморья, на Туркменской и Турецкой Ривьерах, является домом для самых потрясающих пляжей в мире....

ЖОЛДАУ-ДАМУДЫҢ ДАҢҒЫЛ ЖОЛЫ

1 қыркүйек күні Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтті. Маңызды мәселелер жүктелген жолдау болды. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арналған дәстүрлі...

Тағы да