Воскресенье, 19 апреля, 2026

Жастарға  өнеге – қайырымдылықтан, уақытты игілікке арнаудан басталады.

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Қайырымдылық – адамның бойындағы ең жағымды қасиеттердің бірі. Ондай адам рухани құндылықтарды материалдық құндылықтардан жоғары қояды. Өзінің жанашырлығымен және таза ниетімен ерекшеленеді. Мұқтаж адамдардың қажеттіліктеріне немқұрайлы қарамай, оларға барынша көмек көрсетуге тырысады. Жомарт жандар арамызда жоқ емес. Олар адамдармен тек материалдық құндылықтарымен ғана емес, сонымен бірге жан дүниесінің байлығымен де бөліседі. Жомарт адам жақсы істерді көпшіліктің алғысын алу үшін жасамайды, ол мұқтаждарды кішкене болса да бақытты еткісі келеді. Қолында тұрған зат өзіне қажет болғанымен, оны артық сөз айтпай басқаға бере салады. Бұл  іс-әрекет жастарға өнеге болары сөзсіз. Мейірімділік дегеніміз – қиын жағдайға тап болған адамға шын жүректен қолдау көрсетіп, басқа адамның бақыты үшін өз уақытыңды құрбан ету. Сондықтан, ата-аналары балалардың тәрбиесіне ерекше көңіл бөлуі керек. Баланы тәрбиелеу үздіксіз процесс, ол оның бос уақытында да жүзеге асырылады. Адам өмірінде бос уақыттың рөлі өте ерекше. Ол демалу, тынығу үшін емес, рухани қажетін өтеуге, ойлау қабілетінің жетілуіне, жалпы жан — жақты болуына арналады. Әр адам бос уақытын өзінше бір нәрсеге арнайды. Бірақ, бос уақытты ұтымды етіп өткізу әлдеқайда тиімді. Бос уақытты пайдалана отырып, қоғам, ұжым, отбасы оқушылардың демалысын тиімді етіп ұйымдастырылуына күш жұмсауы қажет. Дұрыс тиімді ұйымдастырылған бос уақыт — олардың рухани өмірін, көзқарасын толықтырылуын қамтамасыз етеді.

Баланың бос уақытын оның өз қалауымен өткізуге атсалысу, оған аса мән беру — қазіргі таңның басты мақсаты саналуы тиіс. Сонымен қатар, қазіргі кезеңде бос уақытты әлеуметтік құбылыс ретінде қарастыру мәселесі әлемдегі барлық ғылымдардың назарын аударып отыр, өйткені қоғамымыздағы әлеуметтік — экономикалық, саяси және мәдени өзгерістер тұлға санасына да жаңаша көзқарас қалыптасуын қамтамасыз етуде. Адам факторының белсенділігін жандандырудың көп шарттарының бірі – бос уақытты тиімді пайдалану. Бос уақыт – бұл жұмыстан немесе оқудан тыс мезгілде өз бетінше білім деңгейі мен мамандығын көтеруге, қоғамдық жұмыстарды атқаруға, дене тәрбиесі мен спортпен айналысуға, шығармашылық еңбек пен бала тәрбиесіне көңіл бөлуге, көркем өнермен айналысуға, көңіл көтеруге бағышталған уақыттың бір бөлігі.
Ғылыми – техникалық дамудың жеделдеуіне орай халықтың жұмыстан бос уақытты тиімді пайдалануы даналарымыз айтқандай рухани өмірді және жеке қабілетті дамытудың негізгі қоғам мүшелерінің жан — жақты дамуының басты шарты болмақ. Бос уақытты тиімді пайдаланудың қызықты түрлерінің бірі көркем әдебиет оқу мен теледидар көру болып келеді. Адамдар рухани өмірдің жәй тұтынушысы ғана болмай, оның белсенді жасаушысы да болу үшін оларды міндетті түрде бос уақытты ұтымды пайдалануға дағдыландыру орынды.

 

Жаңалықтар тізбесі

ФЕСТИВАЛЬ КУЛЬТУРЫ И ИСКУССТВА «ДЕДЕ КОРКУТ»

Самый главный праздник тюркского мира НАЧАЛСЯ ФЕСТИВАЛЬ КУЛЬТУРЫ И ИСКУССТВА «ДЕДЕ КОРКУТ» Деде Коркыт, поставщик и общее наследие многовековой культурной самобытности...

Елордада қазақ тілінде онлайн-контент жасаушылардың V форумы басталды

2021 жылдың 5-ші қарашасында Нұр-Сұлтан қаласында QAZFORUM қазақ тілінде онлайн-контент жасаушылардың V Форумы өтеді. Форумның тақырыбы «Қазақ интернеті: бүгіні...

Более миллиона кроватей в турецких отелях теперь проверены и сертифицированы на предмет устойчивого развития

Согласно данным, опубликованным сегодня Министерством культуры и туризма Турции в начале WTM, более миллиона гостиничных мест в Турции получили...

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары!

Қашан да «Nur Otan» партиясының басты құндылығы — адам, оның жайлы және бақуатты өмір сүруі мен денсаулығы. Қазіргі күрделі...

ТҮРКІСТАН: Арыстық жастар халықаралық әскери-патриоттық сайыста жүлдегер атанды

Арыстың айбынды жастары жуырда Қарағанды облысы, Спасск қаласында еліміздің 20 өңірі мен Әзірбайжан және Өзбекстан Республикаларының әскери-патриоттық клубтарының қатысуымен...

«Азия Дауысы»: аңызға айналған фестивальдің қайта оралуы

Қазақстанның жетекші банкі – Halyk ең ірі музыкалық фестивальдің ұйымдастырушы болды. Алғаш рет «Азия дауысы» фестивалі 1990 жылы Алматы тауларында өтті. 15 жыл бойы фестиваль Еуразия континентінің ең маңызды мәдени оқиғаларының бірі ғанаемес, сонымен қатар аймақтың музыкалық өмірінің символы, таланттарды тарту орталығы болды. Орындаушылардың бірнеше буыны «Азия дауысы» өзініңжұлдызды мансабының бастамасы деп атай алады. Осы уақыт ішінде көрермендерге қанша жарқын эмоциялар берілді. Міне, 19 жылдан кейін аңызға айналған фестиваль қайта оралады. Бұл мереке Қазақстанның ең ірі медиа холдингтерінің бірі Tan Media Group пен еліміздің жетекші банкі Halyk тандемінің арқасында мүмкін болды. Маусым айында олар ынтымақтастық туралы келісім жасасты, оны қазірдің өзінде маңызды деп атады: фестиваль ұйымдастырушыларының айтуынша, банкпен мәдениетті дамытуға бағытталған ең ірі бір реттік демеушілік шарт жасалды. «Мен Halyk Bank басшылығына және Үміт Шаяхметоваға фестивальдің бас серіктесі және бірлескен ұйымдастырушысы болғаны үшін алғыс айтамын. Осындай қолдауы бар іс-шара жоғары деңгейде өтетініне сенімдіміз. Жақын болашақта «Азия дауысы» Қазақстанда ғана емес, бүкіл аймақта, тіпті әлемде айтулы құбылысқа айналатынына сенімдімін», – деп фестивальдің бас продюсері Арманжан Байтасов өз ойымен бөлісті. Halyk Bank түсіндіргендей, фестивальдің қайта жандануын қолдау туралы шешім кездейсоқ қабылданған жоқ. 2023 жылы Halyk өзінің жүзінші туған күнін атап өтугедайындалып жатыр және осы оқиғаның құрметіне «100 игі іс» ауқымды акциясын өткізеді, оның шеңберінде бүкіл ел бойынша әлеуметтік жобалар мен қоғамдық маңызды бастамаларды іске асырады. Мәдениет саласы банктің демеушілік қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады. Айта кету керек, Halyk республиканың жетекші театрларының тұрақты меценаты және Қазақстан мәдениетінің дамуына өз үлесін қосуға деген ұмтылысын атап көрсетеді. Мысалы, 2023 жылдың жазы мен күзінде банк еліміздің алты қаласында бірқатар музыкалық кештер өткізеді. Бұл ашық аспан астындағы екікүндік концерттік бағдарламалар болады, оған барлық адамдар кіре алады. Әзірге Halyk демеушілігімен 28-30 шілде аралығында «Азия Дауысы» фестивалі Медеу биік мұз айдынының сахнасына оралады. Бір кездері бұл бірегей алаңда Кеңес Одағының, Қазақстанның үздік әртістері мен эстраданың әлемдік жұлдыздары жиналды: Патрисия Каас, Тото Кутуньо, Boney M, Алла Пугачева, София Ротару, Роза Рымбаева, Валерий Леонтьев, «Ялла», «А-Студио» тобтары және тағы басқалар. Бүгінгі «Азия Дауысы –...

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ

Бүгін, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, «Nur Otan» партиясының, «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын іске...

СУДЬЯНЫҢ ЭТИКАЛЫҚ ҰСТАНЫМДАРЫ

Сот билігін атқарушы ретінде тағайындалған лауазымды тұлға ол – судья. Ол сот билігінің өкілі ретінде барлық құрмет пен беделге ие....

Жан жылуын сыйлаған

Ауыл тұрғындарының ықыласына бөленіп жүрген медбикелердің бірі – Қазығұрт ауданына қарасты Қ.Әбдалиев ауылдық округінің Қыдырмәмбет елді  мекеніндегі «Қазығұрт» фельдшерлік-акушерлік...

Тағы да