Воскресенье, 19 апреля, 2026

ТҮРКІСТАН: Оқушылар сарайында «Аквачеллендж» су эстафета сайысы балаларға сергектік сыйлады

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Жаз – балалар асыға күтетін, түрлі қызыққа толы жыл мезгілі. Сондай-ақ, бұл демалыс маусымын бүлдіршіндер судағы қызықты сәттерсіз елестете алмайды.

Осы орайда, бүгін «Оқушылар сарайы» — ЮНЕСКО клубында «Аквачеллендж» су эстафета сайысы өтті. Мекеме директорының орынбасары Асылзат Ибраеваның сөзінше, бұл сайыстың балаларға берері мол.

– Бүгін сарайымыздағы үйірмелерге қатысатын балалар өзара сайысып жатыр. Бұл іс-шараның басты мақсаты – оқушыларымыздың, жалпы жасөспірімдердің спорттық ойындарға деген қызығушылығын, жылдамдығы, дәлдігі мен ептілігін арттыру. Балаларды ұжымдық жұмысқа, бірге әрекет етуге үйретіп, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу. Осы жарысқа қатысқан және көрермен болған барша бүлдіршіндер бір сергіп, серпіліп қалды деп ойлаймыз. Тағы бір айта кетерлігі – «Оқушылар сарайындағы» 60-тан астам үйірме жаз бойы балалардың бос уақытын тиімді өткізу үшін қызмет етеді, — деді ол.

Атап өтер болсақ, жарысқа түрлі үйірме оқушыларынан құралған «Достық», «Бірлік», «Пантера», «Алаш», «Beeline» және «Болашақ», жалпы 6 топ қатысты.

Ең белсенді 30 оқушы 6 кезең бойынша сайысып, өзара мықтыны анықтады. Нәтижесінде, «Пантера», «Алаш» және «Болашақ» топтары үшінші орынды місе тұтса, «Достық» және «Beeline» топтары екінші орынға ие болып, жас таекводошылардан құралған «Бірлік» командасы жеңімпаз атанды. Жүлдегерлерге арнайы диплом мен медаль берілсе, бас бәйгені қажығалаған командаға кубок тапсырылды.

Мұндай көңілді сайыстар мен түрлі іс-шаралар жаз бойы жалғасады.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Жаңалықтар тізбесі

Стамбұл қаласында Технофест аэроғарыш және технологиялық фестивалі басталды

  Түркияның Стамбұл қаласында Технофест аэроғарыш және технологиялық фестивалі басталды. Осымен алтыншы рет ұйымдастырылған айтулы шара биыл Түркия Республикасының құрылғанына...

ТҮРКІСТАНДА «ТҮРКІСТАН БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» ЛИЦЕЙ-ИНТЕРНАТЫНЫҢ ЖАҢА ҒИМАРАТЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Түркістанда «Түркістан Білім-инновация» лицей-интернатының жаңа ғимараты пайдалануға берілді. Білім ұясының жаңа ғимаратының ашылу салтанатына ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев,...

Түркиядағы бір миллионнан астам қонақүй төсегі әлемдік стандарттар бойынша сертификацияланды

Түркияның Мәдениет және туризм министрлігінің хабарлауынша, Түркиядағы миллионнан астам қонақүй төсектері тұрақты туризм стандарттарына сәйкес тексеріліп, сертификаттарын алды. Түркияның Ұлттық...

ТҮРКІСТАНДА ШАХМАТТАН «ОЙЛЫ БОЛСАҢ, ОЗЫП КӨР» АТТЫ ЖАРЫС БАСТАЛДЫ

Түркістанда шахматтан “Intellectualdy ult” жалпыұлттық жобасының аясында “Ойлы болсаң, озып көр!” жарысы басталды. Шараның ашылу салтанатында “Шахмат әліппесі” кітабының...

Демографиялық саясат – мемлекет дамуының негізі

Елімізде Отбасылық, гендерлік және демографиялық саясат саласындағы ғылыми-зерттеу ұйымдарының консорциумы құрылды. Жаңа бірлестік тиянақты көзқарасты күшейтіп, саланың одан әрі...

СТАМБҰЛДАҒЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ТУРИЗМІ КӨРМЕСІ

TURABEXPO көрме ұйымы Стамбұлда 2023 жылдың 15-18 тамызы аралығында «Медициналық туризм және денсаулық сақтау» тақырыбында көрме ұйымдастырады.  Аталған шараға...

Тірлігі тындырымды НӘЗИПА

Төлеби аудандық ауруханасында халық денсаулығы үшін күресіп,  тұрғындардың алғысына бөленіп жүрген жандар аз емес. Сондай мамандардың бірі – аға...

Түркістан қаласындағы «Olympic center» спорт сарайында алғаш рет қазақ күресінен «Turan Barysy» Азия Кубогы өтті.

ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ — «TURAN BARYSY» АЗИЯ КУБОГЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ Түркістан қаласындағы «Olympic center» спорт сарайында алғаш рет қазақ күресінен «Turan Barysy»...

Шолпанның шұғылалы шақтары

Билікке деген сенім қазіргі қоғамның талаптарына сай мемлекеттік қызметшіден басталады. Мемлекеттік қызмет атқару – қоғам мен мемлекет тарапынан көрсетілген...

Тағы да