Воскресенье, 19 апреля, 2026

Балалар өміріндегі зорлық – зомбылықтың алдын алу

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Қазіргі кезде бүкіл әлемде ата-аналардың және де өзге ересектердің балаларға зорлық-зомбылық және қатігездік көрсету, оларды ауызша агрессияға тартуы, кәмелетке толмағандарға жыныстық, эмоционалды және физиологиялық зорлық-зомбылық көрсетулері проблемаға айналып отыр.

Әрбір бала үшін ең қауіпсіз орын – оның үйі, отбасы. Өйткені бала көңілі осы жерде мені жақсы көретін, маған қамқор болатын, қорғайтын адамдар тұрады деп ойлайды. Өкінішке орай, балалар өз үйінде қамқорлықты сезе алмай, керісінше жәбір көріп, соққының құрбанына айналып жататын жайттар жиі кездеседі.

Қазақстанда бұл жағдай ауыр, өйткені балалар мен жастар тәрбиесі үнемі реформалау талаптарымен жүзеге асып отыр, яғни білім беру мекемелерінің ,бұқаралық ақпарат құралдарының, жастар және балалар қоғамдық бірлестіктерінің қызметтері және жас буынның барлық әлеуметтік өмірі өзгеріп отырады. Балалар мен жасөспірімдерді зорлық-зомбылықтан және қатігездіктен қорғау, оларға қатысты қылмыстың алдын алу шешімі тәртіп аралық сипатты иеленетін маңызды, әлеуметтік мәні бар және өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Жәбірлеудің негізгі үш түрін атап көрсетуге болады:

1.Физикалық жәбірлеу – баланың тәніне денсаулығына зиян тигізетін, дамуын тежейтін немесе өлімге душар ететін түрлі жарақаттар салу, зақым келтіру. Физикалық жәбірелеуге ұрып-соғу, азаптау, миын шайқау, шапалақпен ұру, шымшу, желкеден қойып қалу, түртпектеу, соққы жасау жатады.

2.Психологиялық (эмоционалды) жәбірлеу – үнемі немесе кей кездері балаға сөзбен немесе сөзсіз (яғни, сөзбен болмаса басқа әдістер арқылы білдіру) жәбір көрсету, ата-ананың қорқытып-үркітуі, кемсітуі, жақсы көрмейтінін не жақтырмайтынын білдіруі. Мұның салдарынан бала ересек адамға немесе өзіне деген сенімінен айырылады.

3.Сексуальдық жәбірлеу – Екінші жақтың келісімінсіз жасалған жыныстық қатынас немесе жыныстық қатынас жасамаса да, екінші жаққа еркінен тыс сексуалдық сипат алатын әрекеттер жасау .

Зорлық-зомбылықты алдын-алу үшін құқық қорғау, қамқоршылық және қорғаншылық қызметкерлері ,әлеуметтік және психолог мамандарын жұмылдыру тиіс. Қазіргі таңда мектепте, емханада әлеуметтік қызметкерлер мен психолог мамандары және әр аймақтың учаскелік полиция қызметкерлері жұмыс жасауда.

Зорлық-зомбылық болған жағдайда не істеуге болады?

Ең алдымен балалардың заңмен қорғалатын құқықтары бар екенін білу қажет. Әрбір бала полицияға арыздана алады. Заң бойынша кәмелетке толмағандарға қатысты зорлау істеті арыз бермей-ақ қозғалады. Егер қандайда бір себептермен кәмелетке толмаған баланың полицияға баруға мүмкіндігі болмаса анасына, достарына, мұғалімдерге оқиға туралы айтуы қажет немесе сенім телефоны «150 CaLL — центріне»  және 111, 8-7252-45-03-03 қоңырау шалуға болады.

Бектеміс Бұлбұл Жамбылқызы

Жаңалықтар тізбесі

Қайрымды халық қалаулысы

  Өңірімізде орын алған апаттарда да, пандемия кезінде де талай отбасыға қол ұшын созған “Nur Otan” партиясының фракция мүшесі, қалалық...

ТҮРКІСТАНДА «Қазақстан халқына» қорының қызметі өңірлер үшін» атты жиын өтті

Түркістан қаласында «Қазақстан халқына» қорының қызметі өңірлер үшін» атты жиын болып өтті. Басқосуға облыс әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров, «Қазақстан...

Орду қаласында ерекше музей бар

Орталық Қаратеңіздің туристік қаласы Орду. Мұнда Қаратеңіздің ең ұзын жағалауы бар. Орду қаласы VIII ғасырда Котиора атауымен, Қара теңіздің жанында...

Ордабасыда еңбектер еленді

  Ордабасылықтар Республика күнін атап өтті. Ордабасылықтар 25 қазан  Республика күнін айрықша атап өтті. Аудандық мәдениет үйнде мерекелік концерт ұйымдастырылып,...

Олжалы оралды

Грузия астанасы – Тбилиси қаласында жасөспірімдер мен ересектер арасында жекпе-жектің юнифайд түрінен әлем чемпионаты өтті. Осы чемпионатта арыстықтар 4...

ГЕНПРОКУРОР ПРИЗВАЛ ОБЪЕДИНИТЬСЯ ПРОТИВ БЕЗЗАКОНИЯ И БЕСКУЛЬТУРЬЯ

21 ноября под председательством Генерального прокурора Берика Асылова состоялось заседание Координационного совета по вопросам профилактики семейно-бытового насилия и правонарушений...

Түркістанның әлеуетін арттыру – айқын мақсаттардың бірі.

Қаладағы көшелерді жарық­тан­дыру мақсатында 2021 жылы 147,8 ша­қырым құрайтын 155 көше нақты жарықтандырылды. 2022 жылы 395,1 шақырым құрайтын 318...

«Жас ақындар» айтысының мектепішілік кезеңі өтті

Жетісай ауданы, Абай атындағы №4 жалпы білім беру мектеп-гимназиясында Республикалық «Жас ақындар» айтысының мектепішілік кезеңі өтті. Іс-шараны мектеп директоры...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ ЖӘНЕ ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚТАРДЫ ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫ КҮШЕЙТІЛЕДІ

Түркістан облысында инвестиция тарту жұмыстары күшейтіледі. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен аппарат отырысында өңірдегі индустриалдық және арнайы экономикалық...

Тағы да