Воскресенье, 19 апреля, 2026

ТҮРКІСТАНДА «ТҮРКІСТАН БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» ЛИЦЕЙ-ИНТЕРНАТЫНЫҢ ЖАҢА ҒИМАРАТЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...


Түркістанда «Түркістан Білім-инновация» лицей-интернатының жаңа ғимараты пайдалануға берілді. Білім ұясының жаңа ғимаратының ашылу салтанатына ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды, лицей-интернатының ұстаздары мен оқушылары, білім ардагерлері, ата-аналар қатысты. Оқу-ағарту министрі көпшілікті қуанышты сәтпен құттықтады.
– Құрметті киелі де, қасиетті Түркістанның арда жұрты. Бүгін қуанышты әрі үлкен іс-шараға қатысып отырғаныма риза болып тұрмын. Жалпы, әрбір ашылған жаңа мектепті аға буынның еліміздің ертеңгі ел тізгінін ұстайтын мықты ұрпақты қалыптастыруға қосқан үлесі деп қабылдаймын. Білім саласына шынайы жанашырлығын көрсетіп жүрген Түркістан облысы әкімдігіне министрлік атынан шынайы алғысымды білдіремін. Білім-инновация лицейлері сапалы білімі мен мықты көрсеткіштері арқылы елімізге танылып үлгерген. Мемлекет мықты болуы үшін білім түзелуі керек. Сондықтан біз осы саланы дамытуға барлық мүмкіндікті қарастырып жатырмыз. Осындай үлгідегі мектептерді ауылға дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз. Кез келген ауылдың мектебі жарқырап-жайнап тұруы керек, ұстаздары мықты болуы қажет. Әрбір ұрпақ үшін сапалы білім қолжетімді болуы тиіс және еліміздегі мектептер Білім-инновация лицейлері сияқты жұмыс істеуі қажет, – деді Ғани Бейсембаев.
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды оқушылар мен ұстаздарға сәттілік тіледі.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Біз өскелең ұрпаққа жол ашу үшін барлық жағдайды жасауымыз керек» дей келе білім сапасын жақсарту, ұстаздар мен оқушыларға қолдау көрсетуді тапсырған болатын.
Осы тапсырманы орындау мақсатында өңірде білім саласында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Соның бір дәлелі – бүгін Түркістан төрінде «Түркістан Білім-инновация» лицей-интернатының жаңа ғимаратының ашылу салтанатының куәсі болып отырмыз. Бүгінгі қуанышты сәтке арнайы келгені үшін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлына алғысымды білдіремін. Бұл білім ұясы облыстық мектептер рейтингісінде – 1 орында, республикада 28-орында тұр. Сондықтан Түркістан төрінде жаңа ғимаратын салып беруді жөн деп таптық. Алдағы уақытта осы білім ұясына әрбір аудан, қаланың білімді оқушыларын шоғырландыру жоспарланып отыр. Сонымен бірге басқа аудан, қалаларда да осындай лицейлерді жасақтау көзделген. Оқушыларды көріп, сіздерге қызығып тұрмын. Біздің бала кезімізде мұндай мектептер болмаған. Өңірде мемлекеттік бюджет есебінен 33 мектептің құрылысы қолға алынды. Қазіргі таңда осы 33 мектептің 10-ы тапсырылды. Жыл соңына дейін 10 мектеп, 2024 жылы қалған 13 мектеп пайдалануға беріледі. Біз бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастырамыз. Ұстаздар мен оқушыларға табыс тілеймін. Жаңа ғимарат құтты болсын! Осы мектептен елімізді басқаратын білімді, мықты азаматтар шыға берсін! – деді Дархан Сатыбалды.
Ашылу салтанатынан кейін министр мен облыс әкімі бастаған топ лицей-интернаттың оқу кабинеттерін, асханасын, спорт залын аралады. Зияткер оқушылардың ғылыми жобаларымен танысты.
700 орындық мектеп заманауи оқу құралдарымен, пән кабинеттерімен, жатақханамен қамтылған. Бұрын Кентаудағы ғимаратта оқыған оқушылар енді осы жаңа ғимаратта білім алады.
Бұл «Білім-инновация» лицей-интернатында барлығы 416 оқушы бар. 2023-2024 оқу жылы 7-сыныпқа 150 оқушы қабылданса, 8-сыныпқа 75 оқушы қабылданған. Лицей-интернатта 43 педагог жұмыс істейді. Олимпиадалар мен ғылыми жоба конкурстарының республикалық кезеңіне 26 оқушысы қатысып, 7 оқушы жеңімпаз атанған.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жаңалықтар тізбесі

Жасаған жақсылығы көп

Жұлдыз жақта жағдайы нашар отбасылар көптеп шоғырланған. Үнемі телеарна журналистерінен көмек сұрап жатады. "Бір түсіріп кетсеңіз, елдің назары ауып,...

ФЕСТИВАЛЬ КУЛЬТУРЫ И ИСКУССТВА «ДЕДЕ КОРКУТ»

Самый главный праздник тюркского мира НАЧАЛСЯ ФЕСТИВАЛЬ КУЛЬТУРЫ И ИСКУССТВА «ДЕДЕ КОРКУТ» Деде Коркыт, поставщик и общее наследие многовековой культурной самобытности...

Бизнесті дамытуға қалай жеңілдетілген несие алуға болады?

Қарыз алу үшін сіздің кәсіпорыныңыз салық органында тіркеліп, есепке алынуы керек. Сіз одан кейін банк таңдап, есеп айырысу шотын...

ТҮРКІСТАНДЫҚ БЕЛСЕНДІЛЕР NEET САНАТЫНДАҒЫ 55 МЫҢ ЖАСТЫ ІЗДЕУГЕ КІРІСТІ

Түркістан облысында «Жастар ресурстық орталықтары» аймақта 12 мемлекеттік бағдарламаны түсіндіру жұмыстарын жалғастырып жатыр. Бір ерекшелігі – белсенді жастар аймақтағы...

АҚШтың Қазақстандағы Уақытша сенімді өкілі Джуди Куоның форумдағы сөзі

Сәлеметміздер ме, ханымдар мен мырзалар, Құрметті Ерлан Қарин мырза, Құрметті Аида Балаева ханым, Құрметті Багдат Мусин мырза! Қазақ тілді онлайн-контент жасаушылардың бесінші форумына  қатысу мен үшін ерекше...

Балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу. Динара Закиева қабылданған шаралар туралы айтты

Түркістан облысында 5 жасар қызбен және Алматыда 7 жасар қызбен болған екі қайғылы оқиға – жергілікті жерлерде профилактика жүйесінің...

ТҮРКІСТАН: Солтүстікке қоныс аударуға ниетті азаматтардың алғашқы легі жолға шықты

Биыл «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» жобасы аясында республика бойынша 6727 квота бөлініп, қоныс аударушылар үшін мемлекеттік қолдау...

ҚАЗАҚ ҚОЛӨНЕРІ – АМЕРИКАДА

«Шеврон» компаниясы «Soul of Tengri: Tánir Álemi Kazakh Traditions and Rituals» бағдарламасы шеңберінде «Smithsonian Artisan Initiative» ұйымымен серіктестік орнатты. «Шеврон» компаниясының қолдауымен 6-11 шілде...

Әжелер барда салт-дәстүр ұмытылмайды

Арыста 15 мамыр – Отбасы күні қарсаңында «Ұлтымыздың балқаймағы – әжелер» атты танымдық семинар өтті. С.Сейфуллин мектебінде өткен рухани шараға...

Тағы да