
Балалардың жазғы демалысын тиімді өткізу үшін өңірде түрлі шаралар ұйымдастырылып жатыр.
Мәселен, бүгін Түркістан қалалық саз мектебінің оқушылары жиналып, белсенді ұзақ өмір сүру және тең қоғам орталығына барды. Онда балалар ұстаздарымен бірігіп, көпшілікке концерттік бағдарлама ұсынды. Концертке 30-ға жуық оқушы қатысқан. Балалар жиналғандарға барынша өз бойларындағы өнерлерін көтеруге тырысты. Ән айтып, түрлі аспаптарда ойнады.
— Жасөспірімдер мұндай шаралар уақытымызды тиімді жоспарлауға әрі бойдағы өнерімізді әрі қарай шыңдауға көмектеседі, — дейді.
Айтуларынша, мұндай шаралар бір жағы күні-түні телефонға телмірген балаларды сергітеді.
Өнерпаздар алдағы уақытта да осындай мекемелерді аралап, концерттік шара өткізуді жоспарлап отыр.
Еске сала кетсек, Түркістан қалалық саз мектебінің 64 жылдық тарихы бар. Мұнда 300-ге жуық оқушы тәлім алады.
