Мектеп оқушылары арасында жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Ұлттық Мектеп Лигасының» аймақтық кезеңі аяқталды.
Бұл лиганың мақсаты – оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттаумен қатар, патриоттыққа тәрбиелеп, республикалық жарысқа қатысатын мектеп командасын анықтау.
«Ұлттық мектеп лигасы» жас ерекшеліктеріне қарай спорттың 10 түрі бойынша (баскетбол, волейбол, гандбол, футбол, футзал, асық ату, бес асық, Президенттік сынама, үстел теннисі, тоғызқұмалақ) қаңтар мен наурыз аралығында өтеді. Он мыңнан астам оқушы қатысатын жарыс 4 кезеңнен тұрады: Іріктеу, аудандық, қалалық және республикалық дода. Бүгінге дейін волейбол, баскетбол, футзал спорт түрлерінен сайыс өтті. Бұл ретте Сайрам, Түлкібас, Түркістан, Отырар, Арыс, Ордабасы, Мақтарал, Келес, Жетісай, Шардара, Қазығұрт, Сарыағаш аудандарында аймақтық және ақтық жарыс өтті.
Нәтижесінде аймақтық «Ұлттық мектеп лига» жарысында Сарыағаш ауданы:
7-8-сынып оқушы қыздар арасында футболдан №1 М.Әуезов атындағы ЖОББМ оқушы қыздары І орын,
7-8-сынып оқушы ұлдар арасында футболдан №69 ЖОББМ оқушы ұлдары І орынды иеленді.
Аймақтық жарыста І орынға ие болған 7-8 сынып оқушылары облыстық кезеңге жолдама алып, Сарыағаш ауданының намысын қорғайтын болады.
