Воскресенье, 19 апреля, 2026

Қазақстанның болашағы- жастардың қолында!

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Жастар – елдің болашағы. Ертеңгі күннің жарқын, сәулелі болуы да соларға байланысты. Аға ұрпақ өмірден озады. Олардың орнын бүгінгі Тәуелсіздіктің белбалалары басатын болады. Ұрпақтар сабақтастығы-тарихи процесс, объективті құбылыс. Әрбір жаңа ұрпақ өмірге өзімен бірге жаңа леп, жаңа ахуалды, жаңа идеяны қоса әкеледі. Жастар қоғамдағы қозғаушы күшке айналды. Мемлекет басшысы жастар саясатына соңғы жылдары үлкен маңыз беруде. Олармен нақты жұмыс істеудің үлгісін көрсетіп келеді.

Жиырмасыншы ғасырдың басында қазақтың лирик ақыны Мағжан Жұмабаев «Мен жастарға сенемін» деген өлең жазған еді. Қазақ жерінде заман ауысып, үлкен өзгерістер болып жатқан кезде, ескіні қиратып, жаңа тұрмыс құруға ел кірісіп жатқанда ұлтжанды ақын алдағы бар болашақты жастармен байланыстырып, соларға үміт артқан болатын.

Тәуелсіздікті «тұғырым» деп білетін әр қоғам қайраткері, қарапайым халық бабалар салып кеткен даңғыл жолдың толастамауы үшін еңбек сіңіріп, бас біріктіріп, күш-жігерін жұмылдыруда. Сондай-ақ, самарқау жылдардың сұрқия сәттерін естен кетіріп, болашаққа бет алған егеменді еліміз – әлем елдері ішіндегі ойып аларлық орны бар, киелі де көне мекенге айналу барысында, саналы ұрпақтың тигізер мол еңбегі бар екендігін атап өтті. Жастардың зиялы да білімді, білікті де білгір, сауатты да салауатты болуы ел болашағының айқын көрінісі.Қазіргі ел тұрғындарыныңда алға қойған мақсаттары — боз бала, бойжеткендердің ертеңгі ел тағдырын шешуші адамдар боларын саналарына құю, жүректеріне орнықтыру. Жастардың жақсы білім алуы үшін қарастырылған жан жақты тұжырымдамалар бір арнада тоғысып, тәуелсіз елдің пайдасына асып жатыр. Елім деп еңіремесе де, жерім деп бас біріктірген білімділердің алар белесі алуан.

Бүгінгі жас ұрпақ – болашақ заман адамы. Қазіргі таңда, жастар мәселесі ауқымды да тартымды ірі шаралардың бірі. Жаңа заман балаларына қолайлы орта қалыптастырылып, тиімді тіршілік көру барысында жан-жақты жағдайлар қарастырылған. Мұның бәрі, болашақ қамы, ертеңгі күннің таным-тіршілігі.

Қаймағы бұзылмаған қазақ халқының қарқынды дамуы, ел болашағаның кепілі. Даму барысында негізгі рөл жастарға артыларын ескерсек, сол жастар өз қара басының қамын қамдамай, ел болашағының беріктігін қалқалап жүруі керек. Өрнегін салған өткен күндерді тарих сахнасына қалдырып, асығы алшысынан түсер алдағы сәттерді санасына түйіп, іс-әрекетке бет бұруы тиіс.

Ол үшін негізгі міндет- сапалы білім. Білімді азамат атанып, ел мерейін асқақтатары тақиямызға тар келмесі анық. Сондай-ақ,айрандай ұйып, басы біріккен озық елдер қатарына қосылып көшбасшы атану көкірегімізде жалындап тұрған алау –үміттердің бірі.Тереземіз тең, керегеміз кең болуы үшін де зияткер ұл-қыз, білікті балалар тәрбиелеуіміз шарт.

Ертедегі ақын, жазушы аталарымыздың кезінде білім алуы үшін сан соқпақты басып өтіп, өмір не өлім таңдаған, ұлт тағдыры үшін тамырын қиғандарын білеміз. Ал қазіргі таңдағы жастардың, төрт құбыласы тең, күн кешіп жүрген шақта білімге құлшынбауы нағыз ессіздің тірлігі. Сонымен қатар, ұрпағын ойлаған, «жастарға сенемін» деп өз ықыластарын білдірген қайраткерлердің сөзін қалай жерге тастамақ.

«Қайыңның қырық бұтағы болады. Алайда, сол қырық бұтақтың ішіндегі біреуі ғана пайдаға асар түзу таяқ болады, ал қалғандары жәй ғана саптыаяқ пен қисық таяқ болады». Мұнымен не айтқым келді, әр бір Қазақстанның жас жеткіншектері қисық не қиғаш ғұмыр кешпей, түзу әрі берік болып жетілуі, болашаққа нық қадаммен бекінуі керек. Тәуелсіз елдің жастары қазақ елінің ертеңі екенін білсе, демек М.Мағауин атамыз айтқандай «ұлттық сананы жаңғыртып, ұлттық идеалогияны қалыптастыруымыз», зейінімізді арттырып, топ ішінен даралануымыз, озық шапқан « XXI ғасыр Құлагері» атануымыз ақиқат.

Татулығының арқасында бейбіт күн кешіп, жыл сайын жылжып, күн сайын өсіп отырған Қазақстанның алар асуы алда екеніне сенеміз. Дамыған елдерден даралану үшін , әр Алаш азаматы қол қусырып жатпасы хақ. Сондай –ақ, ұлт болашағы жастардың қолында екен , жүрегімізде «елім» деп лаулаған алау алаш жастарын бір сәтке де жәйбарақаттылыққа салынуына жол бермесі анық. Себебі, Қазақстанның гүлденуі- жастардың қолында!

 

Жаңалықтар тізбесі

ТУРКЕСТАН: В ТЮЛЬКУБАССКОМ РАЙОНЕ ОКАЗАЛ СВОИ УСЛУГИ МЕДИЦИНСКИЙ ПОЕЗД «САЛАМАТТЫ ҚАЗАҚСТАН»

С 26 апреля, при поддержке Национальной комиссии по делам женщин и семейно-демографической политике при Президенте РК совместно с «Самрук-Қазына»...

Ана мен бала құқығын қорғау демографияға оң әсер етеді

Кез келген елдің демографиялық жағдайы ішкі саясаты мен оның экономикасына тікелей әсер етеді. Демографиясы мықты елдер экономикалық, қорғаныс жағынан...

Жүрегіңе құлақ түр..

Адам ұрпағымен бақытты. Ал, бақыттың бастауы – адалдық, еңбек, ар-ождан. Өз отбасында болмаған бақыт көршінің ошағынан келмейді. Сондықтан адам...

«Жастарды қолдау», мақсатында қаламызда фудболдан турнир бастау алды

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, «Nur Otan» партиясының, «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын іске асыру...

ИТАЛИЯ МЕН ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫС ТЕРЕҢДЕЙ ТҮСТІ

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Италияның Қазақстан Республикасындағы елшісі Марко Альберти мен «Arm Wind» ЖШС-нің басқарушы директоры Алекс Стиллаватомен...

Болашағы айқын — Түркістан!

  Түркістан облысында өнеркәсіп дамитын болады. Алдағы уақытта бағдарымызды өзгертіп, күшті облыстың өнеркәсіп әлеуетін дамытуға бағыттауымыз қажет. Түркістан облысының әкімі...

Halyk Bank Алматыдағы зардап шеккен микро-кәсіпкерлерге 1 млн теңгеден қайтарымсыз гранттар ұсынады

Halyk Bank Алматыдағы жаппай тәртіпсіздік салдарынанзардап шеккен микро-бизнес секторындағы қарызалушыларына залал мөлшерін растаусыз бизнесті қалпынакелтіруге 1 млн теңге мөлшерінде...

Түркістанда қарттар мен ардагерлер ардақталды

Бүгін Түркістан қаласында 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Салтанатты жиынға Түркістан облысы әкімінің орынбасары...

ЖУРНАЛИСТЕРГЕ АРНАЛҒАН АҒЫЛШЫН ТІЛІ КУРСЫ

Журналистерге арналған кәсіби ағылшын тілін оқыту бағдарламасына қабылдау! Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің атынан «Next Level English» журналистерге арналған кәсіби ағылшын тілін...

Тағы да