Воскресенье, 19 апреля, 2026

ТҮРКІСТАН: Р.СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫ ЖАҢАРҒАН ҒИМАРАТТА КӨРЕРМЕНДЕРГЕ ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ ҰСЫНДЫ

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан сазды-драма театрында Карло Гоццидің «Ханшайым Турандот» комедиясының премьерасы өтті. Қойылым премьерасына облыс әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев, облыстық мәдениет басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев және өңірдегі зиялы қауым өкілдері қатысты.
– Осы залға бес жыл бұрын келген едім. Ол кезде қаладағы жалғыз мәдени орын еді. Ұжым сондай жақсы өнер көрсеткенімен, ғимарат жұпынылау, жағдайы қиындау болатын. Өткен жылы облыс басшылығының қолдауымен күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бүгін жаңа ғимаратта 2023 жылдың алғашқы қойылымын ұсынып жатыр. Театрға деген қамқорлық, көмек Райымбек атамыздың әруағына құрмет деп білем. Түркістанда қазір жаңа мәдени-рухани орталықтар салынып, көптеген ғимараттар ашылып жатыр. Дегенмен бұл театрдың орны бөлек. Бұл – Түркістандағы рухани орталықтың қара шаңырағы. Сіздер осы қара шаңырақтың қадірін қашырмай, абыройын асырып жүрген қадірлі ұжымсыздар. Осы еңбектеріңізге табыс тілеймін. Бүгінгі премьераға қатысып жатқаныма қуаныштымын. Түркістан жай ғимараттармен рухани қала бола алмайды, рухани бай адамдармен еліміздің мәдени ордасы бола алады. Бұл бағытта бірлесе жұмыс жасаймыз, – деді Бейсен Дәулетұлы.
Қойылымда Қытай билеушісі Альтоумның қызы Турандот ханшайымның тұрмысқа шыққысы келмеуі туралы оқиғалар суреттеледі. Тәкаппар және қатыгез Турандот жер бетіндегі барлық ер адамға сенбейді, олардың бәрі өтірікші деп ойлайды. Сонда да күйеу жігіттер сапқа тізіліп, үміттерін үзбейді. Қыңыр қызының кесірінен әртүрлі елмен соғысуға мәжбүр болған әкесінің қырағылығын сейілту үшін ханшайым керемет жоспар жасайды. Әрі қарай шиеленіскен оқиға көрерменге ой салып, күлкі сыйлайды.
Аталмыш туындыны белгілі жазушы Әбіш Кекілбаев аударған. Ал қойылымның қоюшы режиссері – Ш.Айтматов атындағы халықаралық сыйлықтың, «Құрмет» орденінің иегері Қуандық Қасымов. Режиссері – Айдар Наурызбаев. Қоюшы суретшісі – Қанат Шериев. Костюм суретшісі – Айнұр Көшкінбаева. Театр директоры – ҚР Мәдениет қайраткері Ержан Исатаев. Театрдың көркемдік жетекшісі – ҚР Мәдениет саласының үздігі Айдар Наурызбаев.
Айта кетейік, театр ғимаратына өткен жылы облыстық бюджеттен қаржы қаралып, күрделі жөндеу жүргізілген болатын. Осыған байланысты араға біраз уақыт салып театр ұжымы өз көрерменімен қайта қауышып отыр. Жаңа ғимараттағы алғашқы әрі қызықты қойылым алдағы екі күн сахналанатын болады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жаңалықтар тізбесі

ТҮРКІСТАНДЫҚ ПАРА СПОРТШЫЛАР АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНДА 4 МЕДАЛЬ ОЛЖАЛАДЫ

Қытайдың Ханчжоу қаласында жазғы Азия Параойындары өтті. Айтулы бәсекеге Қазақстан ұлттық құрамасы сапында Түркістан облысының 5 спортшысы қатысып, еліміздің...

Түрленген түркістанның әлеуеті күн санап артып келеді

Еліміздегі атымен де, затымен де елеулі Түркістан шаһары бір кезде тарихи қала ретінде әлемге белгілі болса, бүгінде Түркістан облысының...

ПРЕЗИДЕНТ РЕФОРМАСЫ: МОНОПОЛИЯНЫ ЖОЮ – ЖАРҚЫН КЕЛЕШЕГІМІЗДІҢ КЕПІЛІ

  Мемлекет басшысы «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауын жариялап, онда елдің алдағы уақыттағы даму жүйесін, жүрер жолын,...

Түлкібас ауданында «Ұлттық мектеп лигасы» жарыстары бастау алды

Дана Ы. Алтынсарин : Маған жақсы мұғалім -бәрінен де, қымбат. Өйткені мұғалім мектептің жүрегі дегенде, болашақтың тәрбиешісі ұстаз екендігін...

ТҮРКІСТАН: ӘЛЕУМЕТТІК ИДЕЯЛАР МЕН ЖОБА АВТОРЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

  Түркістанда ауылдық жерлердегі үкіметтік емес ұйымдардың дамуына қолдау көрсетіп, әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесіне үкіметтік емес ұйымдарды тарту жұмыстары...

Қ.ТОҚАЕВ ТҮРКИЯ ПРЕЗИДЕНТІН ҰЛЫҚТАУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫСТЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанды ұлықтау рәсіміне қатысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен Анкарадағы...

ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДА КЕНЕСАРЫ ҚАСЫМҰЛЫНА АРНАЛҒАН ЕСКЕРТКІШ ТАҚТА ҚОЙЫЛДЫ

Кентау қаласы Қарнақ ауылындағы орталық алаңға қазақ тарихындағы соңғы хан саналатын Кенесары Қасымұлына арналған ескерткіш тақтайша қойылды. Жиынға қала әкімінің...

Солтүстік Эгей теңізіндегі әдемі Түркия аралдарын аралаңыз

Түркия аумағындағы теңіздердің үш әдемі аралдары Гөкчеада, Бозжаада және Кунда ғасырлар бойы қонақтарын Эгей теңізінің байлығымен қарсы алды. Аралдардағы...

ТҮРКІСТАН: Жетісайда «Жайлы мектеп» бағдарламасымен 3 600 орындық 4 мектептің құрылысы жүріп жатыр

Жетісай ауданында «Жайлы мектеп» бағдарламасы аясында Асықата кентінде 900 орындық, Жетісай қаласында 1500 орындық, Ынтымақ ауылдық округінде 600 орындық,...

Тағы да