
Дара туған данышпан, ел қорғайтын батыр, сөз бастайтын шешен, бір сөзбен айтқанда елге пайдасы тиер перзент анадан туады. Сондықтан да, аналарға деген құрмет қашанда ерек. Әсіресе, мемлекет тарапынан көпбалалы отбасыларды қолдауға үздіксіз көрсетіліп келеді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығына сәйкес, көпбалалы аналарды «Алтын алқа» және «Күміс алқамен» марапаттау рәсімі ауданымызда жалғасын тапты. Іс-шараға аудан әкімі Арман Сәбитов арнайы қатысып: «Еліміздің демографиялық дамуына үлес қосып жүрген батыр аналармызға айрықша алғыс білдіремін. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, өсіріп отырған перзенттеріңіздің рахатын көріңіздер» деп тілегін білдірді.
Аудан басшысы А.Сәбитов ауданымыздағы 29 анаға («Алтын алқа»-3, «Күміс алқа-26») алқа тағып, сый-сияпат көрсетті.
Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі
