Воскресенье, 19 апреля, 2026

Байжановтар отбасында 1 докторант, 6 магистрант, 18 жоғары оқу орнын бітірген маман бар

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...
Қай ата-ана да перзентінің қатарынан озық, білімді, тәрбиелі болып өскенін қалайды. Сол үшін ұрпақтарына жан-жақты білім беруге ұмтылады. Ордабасы ауданындағы Бөржар ауылдық округінің Ықыластемір қонысындағы Байжановтар отбасындағы қадірменді қарияның өнегелі өмір жолы мен білімге  құштар ұрпақтары жайлы естігенімізде осындай ойға келдік.  
Садықбек Байжанов жастайынан еңбекке араласты. Ауыл мектебін бітірген  соң  Ташкентке аттанып, ауыл шаруашылығы институтына оқуға қабылданып, ғалым-агроном мамандығын алып шықты. Ол кездері шаруашылықтар мақта дақылын өсіруге көктемнің ыза суын пайдаланып, мол өнім алатын. Сәкең ауылдастарын ұйымдастырып, ұжымшардың түрлі жұмысын атқаруға басшылық жасады. Жас та болса ұжымшардың төрағалығына бекітіліп, шаруаның ыстық-суығына араласты, елдің тұрмысын жақсартуға  үлес қосты.  1943 жылы  майданға аттанып, Латвия, Литва жерін қорғауда ерлік көрсетті. 1946 жылы елге оралған соң тағы да   шаруашылық істеріне басшылық жасады. Еліне елеулі еңбегі сіңген қадірменді азамат атанды. Ұзақ жыл «Бөржар» кеңшарында бөлімше басқарып, шаруашылықтың ұшы-қиыры жоқ жұмысына араласып, мемлекетке алтын дән өткізуде жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді. Бөржарда мал шаруашылығы да жақсы дамыған еді. Әсіресе, ірі қарадан, меринос қойдан жоспардан артық төл алып, жарыстың алдыңғы шебінде жүрді. Еңбегі еленіп, сый-сияпатқа ие болды.  «Еңбек Қызыл Ту» орденімен марапатталды. Ордабасы ауданының құрметті азаматы атанды. Зайыбы Есенкүл екеуі 2 ұл, 3 қыз тәрбиелеп өсірді. Перзенттері шетінен тәрбиелі болып өсті. Қария 2003 жылы 80 жасқа келіп, бақилық болғанға дейін ұрпағының еңбек пен білімге құштарлығын көріп, қанағаттанарлық сезім  құшағында болды.  Бүгінде перзенттерінің бәрі жоғары білім алып, еліміздің түкпір-түкпірінде еңбек етуде. Тұңғышы Әбілда  М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде құрылысшы-технолог мамандығын алып, өзі дәріс алған оқу орнында еңбек етуде.  Дүйсенкүл мен Сапаркүл осы институттың кітапханашылар факультетін бітірсе, Шолпан Алматыда жоғары оқу орнында шәкірттерге математикадан дәріс оқиды.
Қарашаңырақтағы ұлы Әмірхан жастайынан оқуға, терең білім алуға талпынды. Екі жоғары оқу орнын бітірді.  1981 жылы Алматыдағы ауыл шаруашылығы институтының орман шаруашылығы факультетін бітірген соң, еңбек жолын Бадам орман шаруашылығында инженер-орманшы болып бастап, бір жылдан кейін облыстық орман және  жануарлар дүниесін қорғау басқармасына ауысты.  Келесі жылы қызметін «Бөржар» кеңшарына ауыстырып, бөлімше агрономы, директордың орынбасары болып жемісті қызмет атқарды. Әмірхан 2004 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Алғашқы әскери дайындық және дене тәрбиесі» факультетіне  оқуға түсіп, оны да бітіріп алды. Сонымен қатар, әскери кафедрада оқып, аға лейтенант шенін иеленді. 2001 жылы қызметін ауылындағы М.Х.Дулати атындағы жалпы орта мектепте жалғастырды. Ізденімпаз педагог пән кабинетін жабдықтауға күш салды. Сонымен қатар,  мектеп алдындағы алаңға әскери техникалар мен қару-жарақтардың макетін қойды. Осыған байланысты аудан мектептері мұғалімдерінің семинарын өткізіп, әріптестеріне үлгі көрсетті. Еңбегі бағаланып, түрлі марапаттарға ие болды.
Әмірханның өмірлік жолдасы Мерке ауданының тумасы  Рыскүл де өмірін  білімге  арнаған жан.  Оған Рыскүлдің 3 оқу орнын бітіргенін айтсақ та жеткілікті. Қазір Әмірхан мен Рыскүл бейнетінің зейнетін көріп отырған абзал жандар. Олардың тәрбиелеген шәкірттері бүгінде білім шыңының биігін бағындыруда.
Иә, білім мен ғылымның биігіне талпынған Байжановтар отбасынан шыққан ұл-қыздардың өнегелі қадамдары сүйсінтеді.  Бұл әулеттен шыққан Бақытжан, Әкімжан, Нұргүл, Алма білім шыңына талаптанып, осы жолда жетістіктерге жетуде. Бір отбасында 1 докторант, 6 магистрант, 18 жоғары оқу орнын бітірген перзенттердің болуы көп жәйттен хабар беріп тұр емес пе?!
Міне, Байжанов Әмірханның ұл-қыздарының ғылым мен білімге құштарлығы осындай. Олар   егемен еліміздің жан-жақты дамуына лайықты үлес қосып келеді.
Беркінбек ЖАҚЫПҰЛЫ

Жаңалықтар тізбесі

АҚШтың Қазақстандағы Уақытша сенімді өкілі Джуди Куоның форумдағы сөзі

Сәлеметміздер ме, ханымдар мен мырзалар, Құрметті Ерлан Қарин мырза, Құрметті Аида Балаева ханым, Құрметті Багдат Мусин мырза! Қазақ тілді онлайн-контент жасаушылардың бесінші форумына  қатысу мен үшін ерекше...

ТҮРКІСТАНДА ЖАСТАР АРАСЫНДА ҮЗДІК НОМИНАЦИЯ ИЕГЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен облыстық «Тәуелсіздік ұрпағы – Жыл көшбасшылары» жобасы аясында «Түркістан...

ТҮРКІСТАНДАҒЫ АШЫҚ АЛАҢДАРДА ТЕГІН ЖАТТЫҒУ САҒАТТАРЫ ӨТІП ЖАТЫР

Облыс орталығы – Түркістан қаласында халық арасында бұқаралық спортты дамыту бағытында түрлі жобалар жүзеге асырылып келеді. Балалар үшін спорттық...

Түркістан: Созақта қыз-келіншектер арасында жүгіру марафоны өтті

Созақ ауданы, Шолаққорған ауылындағы орталық стадионда 15 мамыр – Халықаралық отбасы күні мерекесі қарсаңында аудан әкімдігі мен «Бақ нұры»...

ТҮРКІСТАНДА ФУТБОЛДЫ ДАМЫТУҒА ХОРВАТИЯНЫҢ ТӘЖІРИБЕСІ ҚОЛДАНЫЛАДЫ

Түркістандық балалар Хорватияға барып, фу үйренеді. Өңірде балалар футболын дамытуға күш салынбақ. «Тұран» футбол академиясы құрылып, шетелден бапкерлер тартылған. Түркістан...

САЙРАМ: Аудан прокуратурасының ұйымдастыруымен балаларға арналған мерекелік шаралар өтті

Сайрам ауданы прокуратурасының ұйымдастыруымен «1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне» орай «Түркістан облысының өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығының»...

ТҮРКІСТАНДЫҚ ПАРА СПОРТШЫЛАР АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНДА 4 МЕДАЛЬ ОЛЖАЛАДЫ

Қытайдың Ханчжоу қаласында жазғы Азия Параойындары өтті. Айтулы бәсекеге Қазақстан ұлттық құрамасы сапында Түркістан облысының 5 спортшысы қатысып, еліміздің...

ТҮРКІСТАН: Үздік оқитын созақтық 100 бала «Көктөбе» демалыс аймағына жіберілмек

«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры арқылы Созақ ауданындағы оқу жылын үздік қорытындылаған 100 балаға тегін жолдама беріліп отыр. Игі бастама балалардың...

Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты жауапкершілік күшейтілді

1 шілдеден бастап полиция өтініш берушіден тұрмыстық құқық бұзушылықтарды тіркеудің анықтау сипатына көшті. Жаңа түзетулер жәбірленушілердің өтінішінсіз әкімшілік құқық...

Тағы да