
Түркістан облысы Ордабасы ауданы Амангелді атындағы жалпы орта мектебінде Ордабасы аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі мемлекеттік мекемесінің № 229-19/02-05/721 санды хатын басшылыққа ала отырып 15 мамыр күні «Халықаралық отбасы күніне» арналған жалпыұлттық ата – аналар жиналысымызды концерттік бағдарламасымен оқушылардың өнерін тамашалатып, ата-аналар жиналысы өткізілді.
Жиналыстың мақсаты отбасылық тәрбиені нығайту, ұлттық құндылықты дәріптеу.
Қаралатын мәселелер;
- Терроризммен сақтану жолдары
/АӘжТД оқытушы С.М.Сартай/
- 2022-2023 оқу жылындағы оқушылардың жетістіктері
/ДБІЖО: М.Ә.Тынысбай/
3.Ерте жүктіліктің алдын алу
/педагог-психологы: А.А.Әбілқасым/
4.Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі
/Аудандық ата-аналар төрайымы: Ш.Т.Азимаева/
- Құрметті ата-ана, біз балаларымызға дұрыс тәрбие беріп жатырмыз ба?
/Әкелер мектеп төрағасы: Қ.О.Оңалбаевич/
Отбасы-адамзат баласының дүниеге шыр етіп келгенде, есігін айқара ашып енетін үйі, өсіп ержететін, тәрбие алатын аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі. Қай заманда, қай елде болмаса да отбасының адамзат ұрпағына ықпал мен әсерін өмірдегі басқа еш нәрсені еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайды.
