Понедельник, 20 апреля, 2026

Облыстағы ең ірі аудандардың бірі Сайрамның әлеуметтік — экономикалық дамуына ерекше көңіл бөлінген

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Д.Сатыбалды Сайрамдағы бастамаларды оң бағалады. Жекеменшік мектеп салудан Сайрам ауданы көш бастап тұр. Ақсукент ауылында 1200 орындық жаңа мектеп ашылды. Бұл –жеке кәсіпкерлер тарапынан 7 айда салынған 7-ші мектеп. Бұдан бөлек, Манкент ауылында 600 орындық жаңа мектептің құрылысы жүріп жатыр. Бұл туралы сайрамдықтармен кездескен Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мәлім етті.

Облыстағы ең ірі аудандардың бірі Сайрамның әлеуметтік — экономикалық дамуына ерекше көңіл бөлінген. Ауылдарды дамытуға басты басымдық беріледі. Жекеменшік мектеп салудан Сайрам көш бастап тұр. Бұл – үлгілі іс. Мектеп тапшылығын шешу үшін биыл облыста 59 жаңа мектеп салынып жатыр.
Аудандағы «Ақсу-Манкент-Жібек-Жолы» автомобиль жолдарына жалпы құны 1,5 млрд. теңгені құрайтын күрделі жөндеу жұмыстары қолға алынған. Көпқабатты тұрғын үйлердің кәріз жүйелері жаңартылады. «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында биыл Сайрам ауданындағы 7 елді мекенде жалпы құны 1,1 млрд. теңге құрайтын 7 жоба іске асырылуда. Инженерлік инфрақұрылым жүйесін дамыту үшін ауданда 7 бюджеттік инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр.
Аудан тұрғындарының 220 мыңнан астамы ауыз сумен қамтылса, ал 80%-ға жуығы табиғи газбен қамтылған. Алты ауылда орталықтандырылған газбен қамту бойынша жалпы құны 5,1 млрд. теңгені құрайтын 4 жоба жоба жүзеге асырылуда.Аудандық маңызы бар 6 жолды және 2 көпірді күрделі жөндеу жұмыстарына 2,4 млрд. теңге бөлінді. Биыл ауданда мемлекеттік қолдауымен 4 мыңнан астам адам жұмысқа орналасты. Халықтың табысын арттыруға бағытталған жұмыстар ары қарай да жалғасын табады.
Сайрамдықтармен еркін пікір алмасып, өтініштер мен сұрақтарға жауап берген облыс әкімі Дархан Сатыбалды барлық мәселенің заң аясында жүзеге асатынын атап өтті. Тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Сайрам ауданына жұмыс сапары барысында облыс әкімі жеке кәсіпкер Н.Сулайманов салған 1200 орындық мектептің ашылуына қатысты. Инвестор Сайрамда бір жылда 7 мектеп салған. Тағы алты мектеп құрылысын бастауға дайын. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды жаңадан ашылған білім ұясымен танысып, мектеп алдына ағаш отырғызды.
Облыс басшысы сүт өнімдерін өндіретін «Aykan» ЖШС-нің жұмысымен танысты. Кәсіпорында сүт сарысуынан өндірісте қолданатын ұнтақ шығаратын жаңа технология іске қосылды. Бұл – Қазақстанда баламасы жоқ қалдықсыз өндіріс.Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесімен танысқан облыс әкімі Дархан Сатыбалды ауданның шаруаларымен жүздесті. Диқандар жылына бірнеше өнім алудың сырымен бөлісіп, мемлекет тарапынан берілетін көмектің артқанына алғыстарын айтты.
Аймақ басшысы сондай-ақ 10 мыңнан астам мал басына арналған мал бордақылайтын ферма мен ет өңдейтін цехта болды. 56 гектар жерде орналасқан өндіріс орны жылына 5 мың тонна ет өндіреді. 1 мың тоннаға жуық ет көрші елдерге эскпортталады. Бүгін мұнда Түркиядан арнайы алдырылған жаңа технология іске қосылды.

Жаңалықтар тізбесі

Сапалы өнім – сапалы өмір кепілі

Сапалы өнім – сапалы өмір кепілі. Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында Сауда және қызмет салалық кеңесінің отырысы өтті. Жиынға Палата...

Жерорта теңізі бабында

Түркия Мәдениет және туризм министрлігінің Түркия Туризмін таныту және дамыту агенттігі (TGA)  мен Түркітілдес журналистер қоры ұйымдастыруымен Түркия Республикасында жүрміз. Бауырлас...

Жалынды жастар — ел мерейі!

Жастар қай заманда, қай ғасырда болса да, қоғамдық өмірдің ең белсенді мүшелері саналған. Әрбір елдің даму көкжиегін, мәдени-рухани келбетін,...

«Кез келген бейнетке зейнет бар» дейді Сабырбек қария

Шақпақбаба ауылының тұрғыны Сабырбек Манабаев ел құрметіне адал еңбегімен бөленген азамат. Ол 1947 жылы Түлкібас ауданының Қарабастау ауылында дүниеге...

Қолжетімді туризм: Ақмола облысында белсенділер инклюзивті туризмді қалай дамытуда?

Алматы, 30 мамыр – Инклюзивті немесе қолжетімді туризм кез-келген адамның физикалық, интеллектуалдық ерекшеліктеріне немесе жасына қарамастан қолжетімді туристік бағыттарды, өнімдер...

Атыраулық отбасының қуанышы

«Алты Алаш үшін ақ түйе­нің қарны жарылған бұл күн­нің астарында мемлекеттің жаңа экономикалық, инфра­құрылымдық сын-қатерлерді еңсере алуы мен жаc...

Қолынан орағы, аузынан батасы түспейтін қария

Бір ғасыр ішінде ұлт тарихындағы қаншама оқиғаға куә болған қарттарымыздың жүріп өткен жолы бүгінгі ұрпаққа үлгі-өнеге. Ордабасы ауданының Шұбар...

Өнермен өрістес әже

Сәулегүл Қалымбетова жастайынан өнерге бейім болып өседі. Той-томалақтарда ән салып, той бастап жүріп, ел ішінде «әнші қыз» атанады. Әкесі...

ТҮРКІСТАНДА ӘЛЕУМЕТТІК САЛА БОЙЫНША ІС-ШАРАЛАР ЛЕГІ БАСТАЛДЫ

Бүгін Түркістанда Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған іс-шаралар легі басталды. Сондай-ақ қазан айының екінші жексенбісіне белгіленген «Мүгедектігі...

Тағы да