Понедельник, 20 апреля, 2026

Қолынан орағы, аузынан батасы түспейтін қария

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Бір ғасыр ішінде ұлт тарихындағы қаншама оқиғаға куә болған қарттарымыздың жүріп өткен жолы бүгінгі ұрпаққа үлгі-өнеге. Ордабасы ауданының Шұбар елді мекенінде жасы жүзге келген қария тұрады. Қолынан орағы түспейтін Сұлтан Аманқұлов күні бойы есік алдындағы жылыжайдан шықпайды. Үйіргелік 14 соттық жылыжайда қарияның қолы тимеген жұмыс кемде-кем. Таң бозарып атқаннан, күн ұясына батқанша жыбырлап тыным таппайды. Біз барғанда да ақсақал жүгері алқабының арам шөбін отап жатыр екен. Денсаулығы жақсы, сөзі анық, жүрісі ширақ. Атадан жүз жасаудың жолдарын сұрағанымызда «тынымсыз қимыл-қозғалыс, ерінбей жұмыс істеу» деп қысқа жауап берді.

 

Сұлтан қария Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданының тумасы. Әкесі Аманқұл қолы ашық, бай-бақуатты болған екен. Ашаршылық жылдары айналасындағы ауыл тұрғындарына көп көмектесіп, қол ұшын беріп отырған. Сол тұста қазақтың малдарына қырғидай тиген әскерилерден қалған жылқы мен қойлардың барлығын 27 отбасыға бөліп беріп, ашаршылық зұлматынан алып қалған. Жасырып қойған тарысын түнделетіп ауылдағы аман қалған тұрғындарға тасып тұрыпты. Бірақ, кейбір сатқын адамдардың кесірінен «бай-болыс» деген жаман атқа ілігеді де, артынан қудалау түсетінін сезген соң түнделетіп, ағайын-туыстарымен бірге Өзбекстанға өтіп кетеді. «Тағдырдың жазуы шығар, біздің өмір жолымыз осы болды. Сендер туған жерге оралыңдар» деген әке өсиеті Сұлтан қарияның жадында мәңгі қалып қойды. Міне, сол өсиеттің орындалғанына да жиырма жыл болыпты. Сексен жасында оңтүстік өңірге көштің басын бұрып, Отанға оралу нәсіп етіпті. Қарияның үлкен ұлы әкесінің Атамекенге оралу туралы айтқан бір сөзіне бола, органдағы жұмысын тастап, елге көшіп келеді. Бүгінде Сұлтан ата ұрпақтарының туған жерге оралып, қызмет етіп жатқанына шүкіршілік етеді. «Әрине, көрші елге де рахмет. Бізді өзектен теппеді. Ол жақта тұрғанда мектепте математика пәнінен сабақ бердім. Ұстаз бола жүріп, қолым қалт еткенде егістік алқаптағы тірлікті де тындыруға үлгеретінмін. «Адамды адам еткен – еңбек» демекші, жүз жасқа жетуім әуелі Алла, содан соң ерінбей еткен еңбегімнің арқасы деп ойлаймын. 94 жасында дүние салған нағашым да бір отырмайтын жан еді. «Ойпырмай, неге жыбырлап жүре береді деп» ойлайтынмын. Қазір өзім оның жасынан асып кетсем де тынбаймын, шамам келетін қара жұмысты істеп кете беремін. Әрине, жүзге келген маған ештеңе керек емес, бірақ құр қарап отырсам ауырып қаламын» дейді жүзге келген қария.

Сұлтан ақсақал 78 жасында қосағынан айырылған. Ауырмай-сыздамай бір күнде қайтыс болыпты. Алайда, екі ұлы атаны жалғызсыратпай, бір шаңырақ астында тұрады. Үлкен ұлының өзі жетпістен асқан. Бұрын әскери қызметкер болған. Қария немере-шөберлерінің аттарын ұмытып қалса да, олардың қандай мамандық бойынша жұмыс істейтінін есіне салса, дереу айтып береді.

Расында, жүз жасқа жету, ел-жұртының қошеметіне бөлену екінің бірінің пешенесіне жазыла бермейді. Маңдай тер, табан етімен тапқан табысымен отбасын асырап, тіршілік еткен Сұлтан атаны күші қайтқанда ұрпағы жас балаша әлпештеп жүр. «Отбасыңның береке-бірлікпен шырайы кіріп отырса, маған бұдан асқан бақыт та, арман да жоқ. Осы өміріме разымын» деп батасын беріп шығарып салды қария.

Альвира ПАЙЫСХАН

Жаңалықтар тізбесі

ТҮРКІСТАН: Жаз қызығын сыйлаған демалысқа арыстық ата-аналар да, балалар да дән риза

Арыс қаласының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты білім беру ұйымдарының оқушыларын қала сыртындағы жазғы сауықтыру демалысына биыл 743 баланы...

Кентауда қала тұрғындары арасында жүгіруден жарыс өтті

Кентау қаласында 15 мамыр – Халықаралық отбасы күні мерекесіне орай қала тұрғындары арасында жүгіруден жарысы өткізілді. Жарыс ересектар арасында...

ТҮРКІСТАН: 2022 ЖЫЛЫ КЕЛЕС АУДАНЫНДА ҮШ МЫҢНАН АСТАМ СӘБИ ДҮНИЕ ЕСІГІН АШТЫ

2022 жылы Түркістан облысы, Келес ауданында 3045 сәби дүние есігін ашса, оның ішінде бір отбасында үшем туылып, тағы 7...

Сауранда ұлағатты кеш өтті

Саурандағы «Достық» айтысы көптің көңілінен шықты. Мәуліт айы құтты болсын.  Сауран ауданында діни мерекеге орайластырып айтыс өтті. Мәдени кеш ...

ТҮРКІСТАН: Арыста ерекше балаларға мерекелік көңіл-күй сыйланды

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні. Айтулы мерекеге орай Арыста орналасқан «Danis» коррекциялық дамыту орталығында ерекше жағдайдағы балаларға...

ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ ДАМЫТУ

Қалада 71 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектілері бар. Онда 153,1 мың адам жұмыс істейді. Бүгінде қалада кәсіпкерліктің жалпы өнімдегі үлесі 31...

“QazForum-2021” басталды

Нұр-Сұлтанда “QazForum-2021” қазақ тілінде онлайн–контент жасаушылардың V форумы өтеді. 2021 жылы 5 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында «Медиа кеңестіктің жаңа келбеті» қазақ...

САЙРАМ: Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, ауданда қайырымды іс-шаралар өтуде

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне қарасты «Үйде әлеуметтік қызмет көрсету» КММ-нің...

Ерекше балаларға қамқорлық көрсетті

ҚР Журналисттер Одағының Түркістан облыстық филиалының төрағасы, «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі, журналист, ақын Ғалымжан Елшібайдың бастамасымен ерекше балалардың шығармашылығын...

Тағы да