Воскресенье, 19 апреля, 2026

Мақта сапасы мен өнім көлемін арттыруға күш салынады

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Мақтаға қатысты мәселе шешілуі мүмкін. Мақта кластеріне инвестиция тартуға күш салынады. Түркістан облысында туындаған мақта бағасына қатысты мәселені шешу мақсатында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мақта зауыттарының басшыларымен және диқандармен кездесті. Басқосуға өңірдегі микроқаржы ұйымдарының басшылары да қатысты. Облыс басшысы шаруалардың уәжін жеткізіп, мақта бағасын шұғыл түрде белгілеу керектігін айтты.

Басқосуда қазіргі таңдағы өзекті мәселе – мақтаның нақты бағасын белгілеу, агроқұрылымдарға техникалық дақылдың тек шикізат күйінде экспортталуына байланысты бағасының шетелдік трейдерлік компанияларға тәуелді екендігі, мәселені тиімді шешу үшін және шетелдік трейдерлік компаниялардан тәуелсіз жұмыс істеу мақсатында өңірде мақта кластерін дамытуды қолға алу қажет екендігі кеңінен талқыланды.
Мақта шаруашылығымен айналысатын аудандарда диқандар шетелдік трейдерлік компанияларға тәуелді екендігі жасырын емес. Бұл мәселе жылда қайталануда. Басқосудың мақсаты — осы саладағы барлық проблеманы талқылап, қорытынды жасап мақтаның нақты бағасын белгілеу.
Шитті мақтаның зауыттарға өткізу бағасы әлемдік нарықтағы мақта талшығының бағасына тікелей тәуелді болғандықтан халықаралық Ливерпуль мақта биржасының индексіне сәйкес белгіленеді. Бүгінгі күнге халықаралық Ливерпуль биржасында орта талшықты мақта бағасының 1 келісі болжаммен 230 теңгені құрап отырғандығы айтылды.
Жиын барысында шаруалар мен мақта зауыттарының басшылары мақтаның келісіне 250 теңгеден есеп айыруға, ал, сақтауға қойған шаруаларға ақпан айында сол кездегі бағамен айырмашылығын төлеу жөнінде қорытындыланды. Өңделген мақтаның құны шикізатынан әлдеқайда қымбат екені белгілі. Сондықтан өңірдегі мақта кластерін, оның ішінде, қайта терең өңдеуге инвестиция тартып, саланы терең дамытуға күш сала отырып, мақта сапасы мен өнім көлемін арттыруға күш салынады.

Жаңалықтар тізбесі

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ТҮРКІСТАНДЫҚ БРЕНДТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА КҮШ САЛУДЫ ТАПСЫРДЫ

  Өңірлік бренд қалыптастырудың еліміз үшін маңызы зор. Түркістан облысында жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыруға арналған «Әкім гранты» жобасы бойынша қолдау...

ТҮРКІСТАН: МЕКТЕП ДИРЕКТОРЛАРЫН ТАҒАЙЫНДАУ КОНКУРСЫ ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ ЖҮРГІЗІЛДІ

Бүгін Түркістан облысы білім басқармасы білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын тағайындау конкурсының «Әңгімелесу» кезеңін өткізді. Ерекшелігі – конкурстың осы...

СОЗАҚТА «АТОМШЫЛАР АЛЕЯСЫ», «STREET WORKOUT» ЖӘНЕ БАЛАЛАР ОЙЫН АЛАҢШАСЫ АШЫЛДЫ

Созақ ауданы, Таукент кентінде «Kazatomprom-SaUran» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қолдауымен салынған төрт балалар ойын алаңшасы, «Атомшылар алеясы» және «Street workout»...

100 игі іс: Halyk мұқтаждығы бар елорда тұрғындарының үйіне газ жүргізеді

Астана және Halyk әкімдігі «Алматы» және «Сарыарқа» аудандарындағы 100 жеке үйді тегін газдандыру туралы Меморандумға қол қойды. Газдандыру халықтың әлеуметтік тұрғыда осал топтары (ХӘОТ) санатындағы азаматтардың тұрғынүйлеріне, олардың арасында жалғызбасты зейнеткерлерге, көп балалы отбасыларға және мүгедектігі бар адамдарға жүргізіледі. Жалпы бюджеті 230 млн теңгені газдандыру жобасы Halyk-тың 100 жылдығына арналған «100 игі іс» ауқымды науқаны аясында іске асырылуда. 2023 жылы Halyk Bank қаражаты есебінен мұқтаждығы бар отбасыларға 230-ға жуық тұрғынүйі – Астанадағы 100 үйді және Алматы қаласының Наурызбай, Алатау және Медеу аудандарында тұратын 130 үйді газға толықтай қосу үшін қаржыландыру жоспарлануда. «Астанада «Алматы» және «Сарыарқа» аудандары газбен толық қамтамасыз етілген. Бұл шамамен – 12 мың отбасы. Оның ішінде 8 мыңнан астам абонент газға қосылды. Үйлерді газға қосу шығындарын азайту үшін үлкен жүйелі жұмыс жүргізудеміз: халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 450 мың теңгеге жуық сомаға газдандыру шығындарына өтемақы көзделген, сондай-аққұны 150 мың теңгеге жуық есептеу аспаптары тегін беріледі. Бұрын банкпен пайызсыз несиелеу бағдарламасы іске қосылған болатын. Енді Halyk-пен елордадағы 100 үйдітегін газдандыру жобасын іске асыруға кірісеміз. Қалған аудандар бойынша газ құбырын жеткізу желілерін, кварталішілік желілерді салу жұмыстары келесі жылы жүргізіледі. Газдандыру процесі Мемлекет басшысының бақылауында», – деді Астана әкімі Жеңіс Қасымбек. Қазіргі уақытта елорда әкімшілігі ХӘОТ санатына жататын мұқтаж адамдардың тізімін ұсынды. Оларға материалдық жағдайы газдандыруды өз бетінше төлеуге мүмкіндігі жоқ тұрғындар енгізілді. Банк Басқарма төрағасы Үміт Шаяхметованың айтуынша, Halyk бірнеше жыл бойы газдандыру мәселесін шешуге өз ресурстарын салуда: «Біз қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыру үшін – банктік қызметтерін жетілдіру арқылы да, бүкіл республика бойынша әлеуметтік жобаларды іске асыру арқылы да үнемі жұмыс істеп келеміз. 2021 жылы банк Алматыда жалпы сомасы 92 млн теңгеге 100 жеке үйді толықтай газдандыруды қаржыландырды, сондай-ақ тұрғын үйлерге газ жүргізуге жеңілдікпен несие берудің жеке бағдарламасын іске қосты. Газдандыру жобасын жалғастыра және кеңейте отырып, біз бірден екі міндетті – отандастарымыздың неғұрлым осал топтарына көмектесуге және елдегі экологиялық жағдайды жақсартуға барынша үлес қосуға тырысамыз». Қазақстанның барлық аймақтары үшін газдандыру мәселесіөзекті күйінде қалып отыр. Жыл басында Үкіметотырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов мемлекет басшысының елдегі газдандыру деңгейін 60 пайызғажеткізу туралы тапсырмасын еске салды. Ол үшін 11,8 миллионнан астам тұрғыны бар 1800-ден астам елді мекен газдандырылуы тиіс. Банк мемлекеттің, бизнестің және азаматтардың бірлескен және жан-жақты күш-жігері қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсартуға, оң өзгерістерге әкелетініне сенімді.

Айтыскер ақынмен кездесу өтті

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің “Төрт тоқсан – төрт өнер” ұлттық мәдени-ағартушылық жобасын іске асыру мақсатында Мақтаарал ауданындағы Сабыр Рахымов...

Президент Ұлттық құрылтайда «Балалар кітапханасы» бағдарламасын қолға алуды тапсырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Балалар кітапханасы» атты жобаны қолға алуды тапсырды. Президент елімізге шетелдік кітаптар көптеп келетінін айтып, отандық кітап...

ЖОЛДАР ЖӘНЕ КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ

Жол – экономиканың күретамыры. Сондықтан жолдардың сапалы әрі талапқа сай болуы – орнықты әрі табысты дамудың кепілі. «Nur Otan» партиясының...

Сұлу шаһар Самарқан…

Сұлу шаһар Самарқанның шырайына сүйсінбеу мүмкін емес. Қаланың әр тарабынан көкке мойнын созған күмбездері көз сүйсінтеді. Түркітілдес журналистер қорының...

Наслаждайтесь путешествием по самым красивым голубым водам Турции

Лучшие времена года снова наступили для голубого путешествия, которое представляет собой особый опыт плавания на лодке в водах Эгейского...

Тағы да