Понедельник, 20 апреля, 2026

Президент Ұлттық құрылтайда «Балалар кітапханасы» бағдарламасын қолға алуды тапсырды

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Балалар кітапханасы» атты жобаны қолға алуды тапсырды.

Президент елімізге шетелдік кітаптар көптеп келетінін айтып, отандық кітап үлесін арттыру мәселесіне тоқталды.

«Идеология жұмысындағы басты бағыттың бірі – кітап басып шығару ісі. Қазақстан нарығында шетел өнімдері басым екені жасырын емес. Әдеби кітаптардың 90 пайызға жуығы сырттан келеді. Бұл үрдістің салдары қандай болатыны айтпаса да түсінікті. Ұлттық мүддеге сай келетін кітаптарды көптеп басып шығару өте маңызды. Смартфон баланың қолындағы кітаптың орнын баспауы қажет», деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ балаларды ұлттық құндылық негізінде тәрбиелеу үшін сол бағыттағы кітаптарды оқытып, жалпы кітапқа деген қызығушылығын оятудың маңызын атап өтіп, арнайы тапсырма берді.

«Қазір еліміздегі мектеп кітапханаларында 130 миллионнан астам кітап бар. Бірақ ондағы көркем әдебиеттің үлесі мардымсыз. Шын мәнінде, кітап оқитын ел зиялы ұлтқа айналады. Біз жас ұрпақтың кітапқа құштарлығын оятуымыз керек. Бұл қиын мәселе екенін түсінемін. Әсіресе, олардың бар назары әлеуметтік желіде болған кезде, тіпті, қиын. Бірақ бұл мәселемен шұғылдану керек. Басқа жол жоқ.

Сондықтан «Балалар кітапханасы» атты жаңа бағдарламаны қолға алуды тапсырамын. Қазақ әдебиетінің түрлі кезеңдерін және жанрларын қамтитын арнайы тізім жасалуға тиіс. Сол тізімдегі кітаптар барлық балаға қолжетімді болуы керек», деді Президент.

Жанат Шардарбекова,

Түркістан облыстық «Farab» ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры

Жаңалықтар тізбесі

ТҮРКІСТАН: Кентауда 50-ге жуық отбасы баспаналы болды

Кентау қаласында БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз туры өтті. Тур аясында журналистер алдымен көпқабатты тұрғын үйлерді жөндеу жұмыстарымен танысты. Кентау қаласында...

Динара Зәкиева балалар зорлығына қатысты қатаң шараларды жариялады

Қазақстандағы Бала құқығы жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Facebook-тегі парақшасында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін заң жобасы әзірленгенін айтты. Ол бұл құжат...

ТҮРКІСТАН: Шардаралық түлектер көпбалалы отбасыға баспана сыйлады

Шардара ауданына қарасты, Қоссейіт ауылдық округіндегі «Сырдария» жалпы орта мектебінің 1986 жылы туған 2003 жылғы түлектері 20 жылдық мерейтойларында...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА NEET САНАТЫНДАҒЫ 3 МЫҢ ЖАС ТЕГІН ОҚУҒА ТҮСТІ

2,1 млн. тұрғыны бар Түркістан облысында 14-35 жас аралығындағы жастар саны – 654 мың. Бұл көрсеткіш халық санының 30...

Түркістанда өткен халықаралық конференцияда еңбек нарығындағы өзекті тақырыптар талқыға түсті.

Халықаралық еңбек қатынастарын реттеу -заман талабы. Себебі әлемдегі геосяси жағдайлар қазір ешбір елді де айналып өтпейді. Сонымен қатар әлемді...

Теріскейде басталған жаңа өмір

Елімізде азаматтарды оңтүстік өңірлерден солтүстік өңірлерге ерікті түрде көшіру бағдарламасы «Жұмыспен қамту бағдарламасы» шеңберінде жүзеге асырылып келеді. Нәтижелі жұмыспен...

Қазақ бала «INTERNATIONAL SCIENCE AND INVENTION FAIR (ISIF-2023)»-ТЕ алтын медаль алды

Алматы қаласы Алмалы ауданы N°24 лицейдің 10-сынып оқушысы Халбай Дияр Индонезияда өткен «INTERNATIONAL SCIENCE AND INVENTION FAIR (ISIF-2023)» халықаралық...

Түлкібаста «Балалар оқуы» байқауының аудандық кезеңі өтті

Түлкібас ауданының білім бөлімі әдістемелік кабинетінің жылдық жоспарына сәйкес, кеше Абай атындағы мектеп-лицейінде 8-10 сынып оқушылары арасында «Балалар әлемі»...

ТҮРКІСТАН: БӘЙДІБЕКТЕ 100 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Тәуелсіздік күніне орай Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, Бестоғай ауылында салтанатты түрде 100 орындық Досан мектебі пайдалануға берілді. Мектептің жаңа...

Тағы да