Воскресенье, 19 апреля, 2026

Кәсіби асырап алушы отбасылар: қалай болады

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин құрамына кірген Қазақстан делегациясының Чехияға 5 күндік сапары аяқталды. Жеті адамнан тұратын топ Қазақстанда кәсіби асырап алушы отбасылар институтын енгізуге көмектесетін Еуропалық  Socieux + орталығының шақыруымен Чехияға барып қайтты.

2022 жылы Мемлекет басшысының әрбір қазақстандық баланың отбасында өмір сүру және тәрбие алу құқығын қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындай отырып, Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин және бірқатар ҮЕҰ бірлесіп, балалар интернаттарын деинституционализациялау және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды уақытша орналастыру нысаны ретінде әлемге танымал кәсіби асырап алушы отбасы үлгісіне көшу бойынша жұмысты бастады.

ҮЕҰ мен қайырымдылық қорлардың белсенді қатысуының арқасында соңғы жылдары Қазақстандағы балалар үйіндегі тәрбиеленушілер саны 4 есеге жуық азайды: 2010 жылы бұл көрсеткіш 14 052 болса, қазір 3 790-ды құраған. Жетімдіктің алдын алу жүйесі де жақсы жаққа өзгеріп келеді. Келесі қадам – балаларды жабық мекемелерде ұстаудан, яғни ескірген жүйеден бас тарту, өйткені баланың отбасында өмір сүруі және тәрбиеленуі оның мүддесіне сай келеді.

ЕО халықты жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау Socieux+ сараптау орталығының  консалтингтік қолдауымен әзірленген жаңа үлгі жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды жетімдер үйлеріне жібермей, дереу кәсіби асырап алушы отбасыларға табыстауға мүмкіндік береді.

Бүгінгі күні Қазақстанда балаларды асырап алушы отбасына орналастырудың патронат, қорғаншылық, қамқоршылық  және асырап алу секілді құқықтық нысандары бар. Алайда бала өсіргісі келмейтін немесе тәрбиелей алмайтын ата-аналардың балалары – «әлеуметтік жетімдер» әлі де балалар үйлерін паналауға мәжбүр. Олардың мәртебесін белгілеу ұзақ уақыт алады, бұл ағалы-інілі, апалы-сіңілілі екі-үш немесе одан да көп бала,  сондай-ақ ауыр дертке шалдыққан балалар болуы мүмкін, әрине мұндай барлық бала үшін бір отбасын табу қиын.

Кәсіби асырап алушы отбасылар денсаулық жағдайына қарамастан барлық баланы белгілі бір уақытқа қабылдауға міндетті, яғни арнайы әлеуметтік қызметтер балаларды биологиялық ата-аналарына қайтару (егер олар бар болса және олардың мәселелері шешілсе) немесе оларды тұрақты асырап алушы отбасыларға орналастыру бойынша жұмыс жүргізіп болғанша дейін.

Мұндай отбасыларға балаларды қысқа мерзімге – 3 айдан 6 айға дейін орналастыру жоспарлануда. Балаларды тәрбиелеуге беру келісім негізінде жүзеге асырылады. Кәсіби асырап алушы ата-аналарға істеген жұмысымен қатар, бала санына қарай күтіп-бағуға да ақша төленеді. Бірақ, біріншіден, кәсіби асырап алушы тәрбиешілерге қойылатын талаптарды, оқыту бағдарламаларын (соның ішінде психологиялық), әлеуметтік кепілдіктер тізбесі мен төлемдердің мөлшерін және т.б. әзірлеу қажет.

Осы жолғы Чехияға оқу сапары екі тақырыпқа арналды: 1) профилактика – баланың отбасысыз қалуын болдырмау мақсатында өмірлік қиын жағдайдағы отбасыларға көмек көрсету,  және  2) патронаттық отбасылармен жұмысты практикалық түрде ұйымдастыру.

Балалар омбудсменімен бірге делегация құрамында кіргендер: «Ана үйі» қайырымдылық қорының атқарушы директоры Ажаркүл Қлышбаева және директордың даму жөніндегі орынбасары Ирина Дүйсенеева, «Позитив үміт» қайырымдылық қорының директоры Жанел Бекшенова,  Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бас маманы Жанна Сәрсембаева, Ақмола облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Ботакөз Дүйсенова және  Өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау Орталығының директоры Ботагөз Қазбекова (Ақмола облысы, Ақкөл). Socieux+ атынан білікті әлеуметтік қызметкер, балаларды қорғау және балаларды қорғау жүйесін реформалау саласындағы сарапшы Клара Трубачова қатысты.

Неге Чехия? Тарихқа көз жүгіртсек, бұл еуропалық елдің бастапқы жағдайы бізге ұқсас болған, дегенмен 2004 жылы ЕО-қа мүше болып кіргеннен кейін елде кәсіби асырап алушы отбасылар институты енгізіліп, заңнама мен нормативтік-құқықтық база түзетілді  және ол түзетулер Қазақстанға қажетті нысанда жасалған.

Мекемелердегі балалардың қысқаруына мемлекеттік органдардың асырап алушы тәрбиешілерге лайықты үміткерлерді іздеу мен оқытудағы қиыншылықтары, сондай-ақ олардың еңбекақысы мен басқа да белгіленген төлемдерін теңестіруі кедергі келтірді. Осыған байланысты асырап алушы отбасылар балаларды күтіп-бағу шығындарын өтеуде күрделі проблемаларға тап болды. Үкімет өткен жылғы заңнамадағы кәсіби асырап алушы отбасыларды ынталандыратын өзгерістерді енгізіп, жағдайды түзетуге бел буды.

Егжей-тегжейлі айтпай-ақ, қазір Чехиядағы асырап алушы тәрбиешілерге төленетін ай сайынғы сыйақының мөлшері – бір балаға 31 140 CZK (ҚР Ұлттық банкінің бағамы бойынша ~650 000 теңге), екі балаға 36 330 CZK, үш балаға 41 520 CZK құрайды. Ол 1,8, 2,1 және 2,4 коэффициентіне көбейтілген ең төменгі жалақы (2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап 17 300 CZK) ретінде есептеледі. Сонымен қатар, балаларға арналған жәрдемақы да жасына байланысты төленеді: 6 жасқа дейін – 4950 CZK, 6 жастан 12 жасқа дейін – 6105 CZK, 12 жастан 18 жасқа дейін – 6985 CZK. Ал мүгедек баланы тәрбиелеу үшін ай сайынғы төлем 6500 CZK (асырап алушы ата-анаға аздап тәуелді 6 жасқа дейінгі бала) 12155 CZK дейін (толық тәуелділіктегі 12-18 жас аралығындағы бала) беріледі.

Оқу бағдарламасына келер болсақ, қазақстандық қонақтар іскерлік қарым-қатынас пен Чехияның мемлекеттік органдары және ҮЕҰ тәжірибесін зерделеудің көптеген пайдалы тұстарын атап өтті, атап айтқанда, «Dobrá rodina» қорының, сондай-ақ «Чехия Республикасындағы балаларды қорғау жүйесі: тарихы, ағымдағы жағдайы және алдағы өзгерістері» (авторы – Милослав Мацела, ЧР Еңбек және әлеуметтік істер министрлігінің сарапшысы), Пардубице қаласының балаларды әлеуметтік-құқықтық қорғау департаменті және «SKP-CENTRUM» ҮЕҰ әйелдер мен балалы аналарға арналған қалалық дағдарыс орталығы ұсынған «Әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы мамандар» (Хана Соларова) және «Proxima Sociale Пробация бағдарламасы» (Кристина Андресова) презентациялары. ЧР Үкіметінің Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Клара Шимачкова Лауренчиковамен кездесуді ерекше атап өтуге болады [суретте].

Сапар қорытындысы бойынша қазіргі жүйенің жұмысын қалай қайта құрып, оны әлеуметтік қызметке айналдыру керек екендігі туралы бірнеше қорытынды жасауға болады. Бірінші міндет – баладан бас тарту немесе отбасынан тартып алу қауіпінің алдын алу. Ал екінші міндет – асырап алушы отбасылардағы балалардың өмір сүруіне барынша жағдай жасау және лайықты қолдау көрсету мақсатында асырап алушы отбасыларды, оның ішінде кәсіби отбасыларды дайындау және қолдау.

Айта кету керек, балалар интернаттық мекемелерін қайта құрудың бұл реформасы әлеуметтік қызметкерлерді даярлауды көздейді. Олардың міндеті – балалар мен отбасылардың өздеріне тиесілі барлық мемлекеттік қолдау мен көмекті алуын үйлестіру және қамтамасыз ету, әрбір жеке отбасы мен баланың қажеттіліктеріне шоғырландыру. Себебі қиын жағдайда қалған отбасыларға қажетті көмек көрсетілсе, олар өз балаларын тастап кетпейтін еді. Ал егер туған отбасында тәрбие алу мүмкін болмаса, онда асырап алушы отбасына және ондағы балаға да мемлекеттік көмек түрлері, психологиялық қолдау көрсету жағын, асырап алушы тәрбиешілерге қосымша білім беру, т.б. сияқты көмек көрсету қажет.

Еске сала кетейік, Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саинның Socieux+ әлеуметтік қорғау жөніндегі кеңесшісі Мажена Брезамен алғашқы кездесуі  2021 жылдың қыркүйегінде балалар омбудсменінің Бельгия Корольдігіне сапары кезінде өтті. Ол кездесу Қазақстанның Бельгиядағы елшісі Марғұлан Баймұханның көмегімен ұйымдастырылды.

Жаңалықтар тізбесі

Түркістанда «Тұран даласының күйлері» атты күйшілер байқауы өтті

Бүгін Түркістан қаласы әкімдігінің қолдауымен Түркістан қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Ұлттық домбыра» күніне орай және Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдық...

Президент кадр резер­ві  бұл —  ұлт үшін, ел үшін, халық үшін аянбай тер төгу деген сөз.

Прези­­­денттік жастар кадр резер­він жасақтаудың басты мақсаты қандай?. Мемлекет басшысы жастарға арнаған сөзінің қалған бөлігінде олардың алдында тұрған нақты...

Қазақстандағы тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес: заңнамалық өзгерістер мен әлеуметтік жобалар

Жыл басынан бері тек ресми мәлімет бойынша ҚР-да 302 тұрмыстық қылмыстық құқық бұзушылық жасалған. Биыл қаңтар–сәуір айларында Қазақстанда 302 тұрмыстық...

Тұрғын атаның тақиясы

Ауылдың келбеті кісі танымастай өзгерді. Алдымен жарқырап үлкен мектеп түсті. Іші тап-тұйнақтай, едені жып-жылтыр, есік-терезесі жап-жаңа. Кісі кірсе шыққысыз....

«Мен таңдаған мамандық» атты пікір алмасу сабағы өтті

Түлкібас ауданының білім бөліміне қарасты Б.Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінде аудандық 9-10-11 сынып оқушыларымен «Мен таңдаған мамандық» атты...

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІ ЖАН-ЖАҚТЫ САРАПТАЛДЫ

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Түркістан қаласының активімен кездесті. Көшпелі мәжілісте шаһардың өзекті мәселелері ортаға салынып, шешу жолдары талқыланды....

«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕРІ ОРЫНДАЛУДА

«Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасын іске...

ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТЫ НАЗАРДА

  «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасын іске...

Ордабасыда еңбектер еленді

  Ордабасылықтар Республика күнін атап өтті. Ордабасылықтар 25 қазан  Республика күнін айрықша атап өтті. Аудандық мәдениет үйнде мерекелік концерт ұйымдастырылып,...

Тағы да