
Ордабасылықтар Республика күнін атап өтті. Ордабасылықтар 25 қазан Республика күнін айрықша атап өтті. Аудандық мәдениет үйнде мерекелік концерт ұйымдастырылып, көптің көңілі шатқа бөленді. Мереке күні ерен еңбек ескіріліп бірқатар азаматтар марапатқа бөленді.
Еліміздің дамуы егемендіктің арқасы. Тәуелсіздік алғалы бері барлық салада елгерілеу бар. Аудан әкімі жеткен жеттістіктерді әңгімеге арқау етті. Аудандағы атқарылған ауқымда шаруаларды тілге тиек етті.
Ордабасы ауданында бүгінгі таңда 40 кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Оның ішінде 30 кәсіпорын өңдеу өнеркәсібі, 5 кәсіпорын тау-кен өндіру, 2 кәсіпорын электр энергиясымен жабдықтау, 2 кәсіпорын сумен жабдықтау салалары. Олардың өндірген өнімінің көлемі 2022 жылдың 9 айында 21 млрд. 189 млн. теңгені құраған. Мерекелік жиында бірқатар азаматтардың еңбегі ескерілді. Оларға аудан әкімі мен маслихаттың алғыс хаттары табысталды.
Жиынға келген көпшіліке аудандық мәдениет үінің өнерпаздары әннен шашу шашты. Жиынға келгендер өнерге сусындап бір жадырап қалды. Талай жыл артта қалып қайта тойланған ұлттық мерекені маңыздылығын сезінді.
Ордабасы ауданында келешекке жоспарда жүйелі.Үдемелі индустриялды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында инвестициялық құны 105,1 млрд.теңге болатын 6 жоба іске асырылуда және 1 070 жаңа жұмыс орны құрылатын болады. Одан бөлек, ауданда ағымдағы жылы инвестициялық құны 3,3 млрд.теңге болатын, 152 жаңа жұмыс орнын ашатын 5 жоба іске асырылуда.
