Воскресенье, 19 апреля, 2026

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ: «Түркістанда 190 мыңнан астам оқушы ыстық тамақпен қамтылады»

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдыға балалар легерлерінің жай-күйі, білім саласындағы өзекті мәселелерге қатысты өткір сұрақтар қойылды. Өңір басшысы білім саласын қолдау басты назарда тұрғанын мәлімдеді.

Биыл 41 597 балаға қала сыртындағы лагерлер, 153 000 балаға мектеп жанындағы лагерлер ұйымдастырылды. Онда әлеуметтік жағдайына байланысты 23 207 бала бюджет есебінен тегін демалады. Қазір 15 мыңға жуық бала ата-аналар есебінен ақылы демалуда. Сонымен қатар «Қазақстан Халқына» Қоры есебінен облыста 3390 бала жазғы сауықтыру лагерлерімен тегін қамтылады. Облыста 7 мемлекеттік және 10 жекеменшік лагерь бар. Демалыс лагерлерінде балалардың қауіпсіздігі басты назарға алынған. Кәсіпкерлерге тиісті талаптар қойылған. Әлеуметтік желіде кейбір ата-аналар жазғы сауықтыру лагері жұмысына көңілі толмайтындығын жеткізіп, ата-аналарға ұл-қыздарын алып қайту жөнінде жариялаған. Осыған байланысты ата-аналар арасында түсініспеушілік туындаған.

– Аталған мәселені зерделеу үшін тиісті комиссия құрылып, құзырлы органдар тарапынан балаларды қабылдайтын лагерлер тексерілді. Әлеуметтік желіде жарияланған балаларды ұрып-соғу, ашыған сүт беру, екінші қабаттан құлауы жөніндегі деректер жалған екені анықталды. Аймақта лагерлер тұрақты қадағалауда. Балалардың жазғы демалыс мәселесі өзімнің жеке бақылауымда болады, – деді Дархан Сатыбалды.

Облыс әкімі сонымен бірге, Мемлекет басшысының тапсырмасына орай, өңірдегі бастауыш сынып (1-4) балаларын мектепте тегін тамақпен қамту қолға алынғанын жеткізді. Қыркүйек айынан бастап облыста бастауыш сыныптағы 190 мыңнан астам бала тегін ыстық тамақпен қамтылады. Асханасы жоқ мектептерде де тамақтандыруды үйлестіру жұмыстары жүруде.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жаңалықтар тізбесі

Бақытын баладан тапқан

Шаңырақтың шаттығы мен береке-бірліктің ұйытқысы бола білген ананың орны әрқашан биік. Әйел баласының ана болуы бір бақыт та, көпбалалы...

Түркістанда XXVI-шы Халықаралық турнир басталды.

Еркін және әйелдер күресінен халықаралық дода басталды. Түркістанда «Olympic center» спорт кешенінде еркін және әйелдер күресінен жастар арасындағы XXVI-шы...

ТҮРКІСТАН: Р.СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫ ЖАҢАРҒАН ҒИМАРАТТА КӨРЕРМЕНДЕРГЕ ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ ҰСЫНДЫ

Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан сазды-драма театрында Карло Гоццидің «Ханшайым Турандот» комедиясының премьерасы өтті. Қойылым премьерасына облыс әкімінің орынбасары Бейсен...

Why Romania protesters have an uphill climb to oust Maduro

 The main thing that you have to remember on this journey is just be nice to everyone and always...

ТҮРКІСТАН: Жетісайда 200 бүлдіршін күй тартты

Жетісай аудандық ішкі саясат бөлімі мен аудандық «Жетісай» мәдениет үйі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «1 шілде – Ұлттық домбыра күні» мерекесіне...

ШЫМКЕНТТЕ 248-ШІ БҮЙРЕК ТРАНСПЛАНТАЦИЯСЫ СӘТТІ ӨТТІ

Шымкент қалалық №1 клиникалық ауруханада 248-ші бүйрек трансплантациясы сәтті жүргізілді. Бұл жолы ұлы әкесіне донор болып, бүйрегін беру арқылы...

Ұстаздың жолы — дара жол

Түркістан облысы Шардара ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты N 12 жалпы орта мектебінде 1-Наурыз " Алғыс айту" күніне...

Түркістан қаласындағы «Olympic center» спорт сарайында алғаш рет қазақ күресінен «Turan Barysy» Азия Кубогы өтті.

ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ — «TURAN BARYSY» АЗИЯ КУБОГЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ Түркістан қаласындағы «Olympic center» спорт сарайында алғаш рет қазақ күресінен «Turan Barysy»...

Абайлаңыз, массаж саптамасын алдап сатуда!

Шымкент қаласында массаж саптамасын алдап-арбап сатып жатқан фактілер көбеюде. Нақтырақ айтсақ, қытайдың тауарын жапонның дүниесі деп жарнамалаған. Манипуляцияға түскен...

Тағы да