Воскресенье, 19 апреля, 2026

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ АУЫЛ-АЙМАҚТЫ АРАЛАП, БОРАН САЛДАРЫН ЖОЮ ЖҰМЫСТАРЫН ҚАДАҒАЛАДЫ

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Бәйдібек ауданына арнайы барып, боран мен желдің салдарынан болған жағдайдың зардаптарын жою жұмыстарымен танысты. Жауапты басшыларға, мамандарға жолдарды қардан тазалап, елді мекендердегі электр желілерін жөндеу жұмыстарын жеделдетуді тапсырды. Тұрғындармен, ел ағаларымен кездесіп, қалпына келтіру жұмыстары жөнінде баяндап берді.
– Облыс аумағында қалың қар мен жел және боран салдарынан бірнеше ауданда күрделі жағдай қалыптасқанын білесіздер. Бұл мәселе бақылауда тұр. Бүгін Төтенше жағдайлар департаменті, электр қуатына жауапты «ОңтүстікЖарықТранзит» мекемесінің басшылығы мен мамандары келіп отыр. Елді мекендегі электр желілері жедел жөнделіп, елге электр қуаты беріледі , – деді Дархан Сатыбалды.
Ел ақсақалдары ауылдарға электр жарығын ертерек беріп, жұмысты жедел атқару жөнінде өтініштерін айтып, елдің қасынан табыла білген аймақ басшысына ризашылықтарын білдірді.
Қатты жел мен қарлы боранның салдарынан Созақ, Отырар, Қазығұрт, Сауран, Бәйдібек аудандарында электр желілері үзілген болатын. Бірқатар аймақта ол қалпына келтіріліп үлгерді, жұмыс әлі де жалғасуда. «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС тарапынан 37 бригада, 41 бірлік техника тартылған. Жұмыстарды жеделдету мақсатында қосымша бригадалар жасақталып жатыр.
Жаңа жыл басында Түркістан облысында ауа-райының күрт өзгеруінен таулы аймақтарда желдің екпіні 30м/с асып, қалың қар түскен болатын. Таулы аудандардағы республикалық маңызы бар жолдар жабылып, бірқатар елді мекенде электр желілері істен шықты. Аталған мәселе Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының бақылауына алынды. Облыстық әкімдікке қарасты құрылымдар, төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері, ішкі істер департаментінің өкілдері, «Оңтүстікжарық» энергетиктері, «Қазавтожол» техникалары күшейтілген жұмыс тәртібіне көшіп, 24/7 режимде жұмыс істеп жатыр.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жаңалықтар тізбесі

ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР ЖАЛАУЫН КӨТЕРДІ

Түркістан облысы, Бәйдібек ауданының орталығы Шаянда дзюдо күресінен жасөспірім ұлдар және қыздар арасында IV-ші республикалық турнирдің жалауы түрілді. Дүбірлі...

ТҮРКІСТАН: «Ақ дидарлы әжелер» қыз-келіншектерге салт-дәстүрді дәріптеді

Қазақы қаймағы бұзылмаған Жетісай ауданында аудандық ардагерлер кеңесінің жанынан құралған Әжелер алқасына 10 жыл толуына орай «Ақ дидарлы әжелер»...

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА 37 КӨШЕ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Шымкент қаласының Қаратау ауданында шағынаудандар мен шалғайдағы елдімекен көшелерін орташа жөндеу, шағал тас төсеу жұмыстары атқарылуда. 2021 жылы аудан аумағындағы...

25 қазан – Республика күні!

  Қайрат САЛЫБЕК, Түркістан облысы мәслихатының депутаты: 25 қазан – Республика күні барша қазақ халқына құтты болсын! Сіздерді бүгінгі еліміздің ең маңызды...

Сабақ беру тәсілдері заманауи цифрландыру жүйесімен қамтылған мектеп

  «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасын іске...

Жастардың уақытын ұтымды пайдалануы — маңызды іс

Жастарымыздың бүгінгі таңдағы өміріне қатысты  ең маңызды мәселе – бұл олардың  бос уақыттарын дұрыс пайдалана  білу мәселесі болып отыр. Жастардың  бос уақыттарын дұрыс пайдалана  білуі бүгінгі күндері барынша  өзекті бола түсуде. Бос уақытты өткізуге...

«Зорлық-зомбылық қарым-қатынастың аяқталғанын білдіреді»- Психологтың пікірі

Жазғы демалыстан кейін еліміздегі дағдарыс орталықтары күйеулерінен қорған іздеген әйелдерді қабылдауға дайындалып жатыр. Айта кетйік, Қызылорда облысында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың...

ПРЕЗИДЕНТ РЕФОРМАСЫ: КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУҒА АЙРЫҚША МӘН БЕРІЛІП ОТЫР

Өткен жылы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасында 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат Тұжырымдамасын және оны...

«Бала тәрбиесіндегі ата-ана жауапкершілігі» атты ата-аналар жиналысы болып өтті

Бүгін мәдениет үйінде "Бала тәрбиесіндегі ата-ана жауапкершілігі" атты ата-аналар жиналысы болып өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Қыдыр Сейітқұл, аудандық адами...

Тағы да