Воскресенье, 19 апреля, 2026

ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР ЖАЛАУЫН КӨТЕРДІ

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Түркістан облысы, Бәйдібек ауданының орталығы Шаянда дзюдо күресінен жасөспірім ұлдар және қыздар арасында IV-ші республикалық турнирдің жалауы түрілді. Дүбірлі дода Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген жаттықтырушы, қазақ күресінен спорт шебері Темір Шубайұлын еске алуға арналған.

Айтулы додаға негізінен 2006-2007 жылы туылған жасөспірім дзюдошылар келіп, бақтарын сынауда. Татами төрінде білекті де жүректі балуандар белдесіп, бар өнерлерін ортаға салуда. Дәстүрлі түрде жыл сайын жалғасын тауып келе жатқан сайыстың ашылу салтанатында Бәйдібек ауданының әкімі Ержігіт Шәріпбекұлы жарысқа қатысушы қонақтар мен спортшыларға сәттілік тілеп, мықтылардың жеңіске жетуін тіледі. Сонымен қатар, Темір Шубайұлының шәкірттері Түркістан облысының олимпиада резервін даярлау орталығының директоры Нұран Айтбеков пен Қазақстан Республикасының бокс федерациясының атқарушы директоры Марат Мықтыбеков осындай жарыстардың өңірде көптеп өтуі ауыл жастарына дем береді деп, сенімбілдірді.

Дзюдошылар бәсекесіне Алматы қаласы, Қызылорда облысы, Өзбекстан республикасынан келген 20-ға жуық команда, 300-ге жуық спортшы қатысуда. Боз кілемде белдескен балуандар 8 салмақ дәрежесінде ұлдар жарыс көркін қыздырса, 8 салмақ дәрежесінде қыздар өзара бақ сынайды. Бұл сайыста 55 келі салмақта өзінің шеберлігімен көзге түсіпжатқан Жамбыл облысының саңлағы Тыныс Ұлан жеңіс үшін келгенін айтып, алдағы жоспарымен бөлісті.

Байрақты бәсекені жоғары дәрежеде ұйымдастыруға Бәйдібек ауданы әкімдігі мен Түркістан облысының №3 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі мұрындықболды.

Жаңалықтар тізбесі

ТҮРКІСТАН: «Оқушылар сарайында» білім мен спортты ұштастырған эстафеталық жарыс өтті

Бүгін Түркістандағы "Оқушылар сарайы" - ЮНЕСКО клубында "Бәйге" атты спорттық эстафеталық жарыс өтті. Аталған сайысқа үйірмеге қатысатын білімгерлерден құралған ("Бірлік",...

Бала қауіпсіздігі отбасы құндылықтарының басты өлшемі

Түркістан қаласында ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Динара Закиева, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының басшысы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы,...

Президенттік кадр резерві білімді жастармен толығады

Президенттік кадр резервіне білімді, халқына пайдасы тиетін тың идеяларды жүзеге асыра алады деген, жанып тұрған жігерлі, білімді жастар таңдап...

24 көпқабатты үйдің аулаларында абаттандыру жұмыстары аяқталды

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдасының аясында «Халық қатысатын бюджет» жобасы Еңбекші ауданында...

«Nur Otan» партиясы 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасында көпқабатты үй аулаларын абаттандыру жоспарланған

«Nur Otan» партиясы 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасында көпқабатты үй аулаларын абаттандыру жоспарланған "Халық қатысатын бюджет" жобасы - жергілікті бюджет...

КЕЛЕСТІК АҒАЙЫНДЫ ШАРУАЛАР ГҮЛДІҢ 50 ТҮРІН ӨСІРЕДІ

Келес ауданы, Алпамыс батыр ауылдық округінде тұратын ағайынды Хуршид пен Бақберген Исраиловтар бөлме және дала гүлдерінің 50-ге түрін өсіреді....

Араста базары шетелдік туристер жақсы көретін тарихи мекенге айналған

Сұлтанахмет мешітінің алаңына жақын маңда орналасқан Араста базарының тағы бір атауы – Атты әскерлер базары. Осман империясы кезінде атты...

Cardi B Deletes Instagram After Social Media Backlash Over Her Historic Grammys Win

 The main thing that you have to remember on this journey is just be nice to everyone and always...

Халықтың өсуі мемлекет жүргізіп отырған отбасылық және демографиялық саясаттың оң динамикасын көрсетеді

ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙДЫ ЖАҚСАРТУҒА ҚАТЫСТЫ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖЕЛІЛЕР Бала тууды ынталандыру. Мемлекет елдегі және әлемдегі динамикалық экономикалық жағдайда бала тууды ынталандыру және...

Тағы да