
Білім саласының деңгейін көтеру үшін маман тапшы. Түркістан облысында мектеппен оқушы саны жыл санап артып келеді. Биыл облыста білім ошақтарының саны 983-ке жетті. Оның 75-і – жекеменшік мектептер. Ал, оқушы саны 514 мыңнан асты. Бұл туралы облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы облыс әкімінің қатысуымен өткен жиында мәлімдеді.
Орта білім саласындағы өзекті мәселер жыл санап шешімін тауып келеді. Алайда халық саны жағынан тығыз орналасқан Түркістан облысында білім саласының деңгейін көтеруде мамандар жеткіліксіз. Өңірде 67 333педагог бар. Ал, білім алушылар саны – 540 609 ға жетті. Жалпы мемлекеттік білім беру ұйымдарының саны – 1376. Апатты және үш ауысымды мектептерді азайту үшін жұмыстар күшейтілген. Мемлекет басшысының 2022-2025 жыл аралығында 1000 мектеп салу бағдарламасы бойынша апатты жағдайдағы үш мектеп анықталып, құрылысы жүргізілуде. Сондай-ақ «Жайлы мектеп» Ұлттық пилоттық жобасын іске асыру шеңберінде 2023-2025 жыл аралығында Түркістан облысында 60-тан астам заманауи мектеп салынады деп жоспарланған. Жайлы мектептер барлық аудан, қалаларда бой көтереді. «Білімді ұлт» сапалы білім беру» Ұлттық жобасы бойынша облыстағы 824 мемлекеттік негізгі және орта білім беру ұйымдарын 3 мыңнан астам физика, химия, биология, STEM пәндік кабинеттермен қамтамасыз ету жоспарланған. Айта өтейік,Облыстағы 52 колледжде 37 мыңға жуық бала білім алады. Дуальды оқумен қамтылған колледждер саны – 35. Биылғы оқу жылына кадрларды даярлауға 71 мамандық бойынша 17 000 орынға мемлекеттік грант бөлінді.
