Воскресенье, 19 апреля, 2026

Арыс шаһарының өндірістік және транзиттік мүмкіндігі жоғары

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

АРЫСТА ҚАНДАЙ МӘСЕЛЕЛЕР БАР?Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды арыстықтармен кездесті. Елдің көкейкесті сұрақтарына жауап беріп, өңірді, ауданды дамыту бағытындағы жоспарлар талқыланды. Әкімнің айтуынша, тарихы тереңде жатқан Арыс шаһарының өндірістік және транзиттік мүмкіндігі жоғары. Біз қаланың артықшылығын тиімді пайдалана алып жүрміз бе? 2019 жылғы апаттан кейін Арысты қалпына келтіруге мемлекет тарапынан барынша қолдау көрсетілді. Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы қарқынды. Бұл жұмыстар әрі қарай да жалғасады. Бүгінде моношаһар табиғи газға қосылған. Бұл арыстықтар үшін көптен күткен сәт еді. Өңір басшысы өз сөзінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың облысты дамытуға арнайы тапсырма бергенін де айтып қалды. Тұрғындар тарапынан жылуды газ жүйесіне ауыстыру, жолдарды жөндеу, кәсіпкерлікке қолдау және өзге де мәселелерді көтерді. Өңір басшысы сұрақтарға жауап беріп, әрбір өтініш назарға алынатынын жеткізді. Осы сапарында облыс әкімі қаладағы әскери бөлімге барды. Стратегиялық нысанда еңбек ететін әскерилердің тұрмыс-тіршілігімен танысты. Оқ-дәрілерді залалсыздандыруға қатысты қоғам тарапынан туындайтын өзекті мәселелерді оңтайлы шешудің жолдарын қарастырды. Әскери бөлім аумағында орналасқан 13 500 шаршы метрді құрайтын ғимараттың жағдайын көрді. Жуырда ғана қала әкімдігінің меншігіне қабылданған бұл ғимаратта 250 оқушының білім алуына арналған 12 оқу кабинеті мен арнайы кітапханасы және 500 орындық акт залы бар. Нысан күрделі жөндеуден өтіп, қолданысқа берілген жағдайда Арыс қаласы тұрғындары үшін тиімділігі зор мәдениет сарайына айналады. Тұрғындар өзге де мәселелер жайын айтты. Бүгінгі таңда Арыс қаласын табиғи газға қосу үшін Ордабасы ауданындағы №19 «Темірлан» АГТС-нан Арыс қаласына дейін 41,2 шақырым газ құбыры тартылған. Сондай-ақ қаланы табиғи газбен қамтамасыз ету үшін 15,6 шақырым жеткізгіш газ құбыры жүргізіліп, 6 дана газды реттеу пункті (ГРП) орнатылды және қысымдау жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде тоғыз шағынаудан табиғи газға қосылды. Облыс әкімі Орта Азияда баламасы жоқ поливинилхлорид түйіршіктері мен арнайы қоспасын шығаратын зауыт жобасымен танысты. 7,5 гектар аумаққа орналасқан кәсіпорын айына 600 тонна өнім шығаруға қауқарлы. Қажетті шикізат қазіргі кезде Қытай мен Түркия және Ресейден тасымалданады. Жобаның жалпы құны 1 млрд. теңгені құрайды. Зауыт іске қосылғанда кемінде 25 адамды тұрақты жұмыспен қамтымақ. Кәсіпорын толық қуатына енгенде өз өнімдерін республика аумағынан бөлек, Түркия, Болгария, Тәжікстан, Өзбекстан елдеріне экспорттауды көздеп отыр. Айта кетейік, поливинилхлорид жоғары экономикалық тиімділігі мен өндірістің түрлі салаларында қолданылуы арқасында әлемдік сұранысқа ие бірден-бір материал саналады. Сондай-ақ серіктестік аумағында орналасқан құрылысқа қажетті төбе жабыны мен қабырға панельдерін, резеңкелі жол кедергілері мен кәріз құбырларын шығаратын өндірістік цех жұмыс істейді. Бүгінгі таңда аталған цехта 30 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отырған бұл жобаға инвестор 600 млн. теңгесін жұмсаған. Серіктестік өз өнімдерін республика аумағынан бөлек, алыс-жақын шетелге экспорттауды қолға алған. Теміржолдың кіреберіс жолымен жабдықталған орталықта жүк көліктерінің тасымалдау қызметі мен кедендік қызмет түрлері де өзара үйлестірілген. Оған қоса, кәсіпорынның көлік-логистикалық орталығы бір мезетте 1000—1200 тонна жүк сақтауға қауқарлы. Жалпы құны 80 млн. теңгені құрайтын орталық 15 тұрғынды тұрақты жұмыспен қамтиды.

 

Жаңалықтар тізбесі

ҚР Парламенті Сенат депутаттарының сайлауы бойынша іс-шаралар тізбесі бекітілді

Орталық сайлау комиссиясы 2023 жылғы 14 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекітті. 2022 жылғы 28 қарашада Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының (бұдан әрі – Ортсайлауком)...

“Барлық аялдамаларды мүмкіндігі шектеулі жандарға ыңғайлы етіп жабдықтау” жұмыстарының орындалу барысымен таныстым

  Еңбекші ауданының әкімі Досбол Есилбекпен бірге «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған...

«Жомарт жүрек» сыйлығының лауреаттары атанды

  Өңірімізде орын алған апаттарда да, пандемия кезінде де талай отбасыға қол ұшын созған “Nur Otan” партиясының фракция мүшесі, қалалық...

Түркістан облысы бойынша іскер әйелдер қауымдастығының «Қайырымдылық керуені» VI республикалық байқауы басталды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысы бойынша іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Инара Намазбаева хабарлады. – Елімізде...

Фонд «Даму» поставщик господдержки для МСБ

Государство планомерно стимулирует развитие отечественного производства через реализацию государственных программ. Поддержку осуществляет Фонд развития предпринимательства «Даму» посредством предоставления субсидий...

Түркістанда жемқорлық фактісін хабарлағандар ақшалай сыйақы алды

Ағымдағы жылы Түркістан облысында жемқорлық фактісін хабарлаған 7 азаматқа 1,6 млн теңге сыйақы тағайындалды. Соңғы 3 жылда жемқорлық қылмысының жолын...

Тұрмыстық зорлық-зомбылық қоғам дертіне айналып отыр

Тұрмыстық зорлық-зомбылық  қазіргі қоғамда күрделі әлеуметтік мәселелердің бірі болып отыр. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның Үкімет отырысында келтірген...

Түркістандағы қазақ-түрік университетіне -30 жыл

  Тәуелсіздіктің Түркістандағы тұңғыш тұғыры - Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ түрік университеті деп нақты айта аламыз.  Биыл осы халықаралық университеттің...

ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ТҮРКІСТАНДЫҚТАРДЫ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕ ШАҚЫРАДЫ

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Қостанай облысы бойынша департаменті Түркістан облысы аумағынан 18-32 жас аралығындағы әскери билеті бар ер азаматтарды...

Тағы да