Воскресенье, 19 апреля, 2026

Бас Прокурор үйлестіру кеңесінің отырысында заңсыздық пен мәдениетсіздікке қарсы бірігуге шақырды

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...


21 қарашада Бас Прокурор Берік Асыловтың төрағалығымен отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы мен қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Іс-шараға Президент Әкімшілігінің өкілдері, Парламент депутаттары, Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл, сондай-ақ мемлекеттік органдардың басшылары мен басқа да мүдделі тұлғалар қатысты.
Отырыста Бас Прокурор Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында тұрмыстық зорлық-зомбылық деңгейін төмендету бойынша шаралар кешені қабылданып жатқанын атап өтті. «Бүгінде көшедегі мәдениетсіздіктен бастап ұрлау, тонау және кісі өлтіруге дейінгі қылмыстардың барлық түрлеріне қарсы тұру қажет» –деді Берік Асылов.
Жыл басынан бері 80 адам кісі өлтіргені, өлімге әкеп соқтырған ауыр зиян келтіргені үшін ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды. 2023 жылдың үшінші тоқсанында ғана 27 мың «отбасылық дебошир» әкімшілік жауапкершілікке тартылды, себебі ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап полиция мұндай адамдарды өз бастамашылығымен анықтау құқығына ие болды. Ал алдыңғы тоқсанда жәбірленушілердің өтініштері бойынша тек 7 мың әкімшілік құқық бұзушы жауаптылыққа тартылды.
Сонымен қатар жағдайға теріс әсер ететін бірқатар факторлар сақталатыны атап өтілді. Бұрынғысынша, отбасылық-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтардың жоғары үлесі жасырын болып қала береді, себебі жәбірленушілер қорқып, жасалған зорлық-зомбылық туралы жасырады.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық деңгейінің төмендеуі үшін зардап шеккендермен тиімді әлеуметтік жұмыс және жергілікті атқарушы органдар тарапынан жеткілікті қаржыландыру тікелей жасалуы тиіс.
Алайда елдегі аудандардың 85%-ы дағдарыс орталықтарымен қамтылмаған. 2022 жылы әлеуметтік қызметтер (тұрмыстық қызметтер көрсету, дәрігерге дейінгі медициналық, психологиялық, заң көмегі, оның ішінде құжаттарды қалпына келтіру бойынша, жеңілдіктер мен жәрдемақыларды ресімдеуге көмек, кәсіптік бағдар беру және жұмысқа орналастыру) 2 749 құрбанға көрсетілгенімен, олардың саны 13 есеге – 38 мың көп болды.
Сонымен қатар алкоголизм, нашақорлық, азғындық өмір салты құқық бұзушылықтарға ықпал етеді. Берік Асылов атап өткендей, профилактиканы жетілдіру жұмысындағы маңызды бағыт «мүлдем төзбеушілік» қағидатын ілгерілету болып табылады.
Бұл ретте жазаның бұлтартпастығы халықтың құқықтық мәдениетін арттырумен, азаматтардың ел заңдарына және бір-біріне деген құрметіне тәрбиелеумен қатар жүруге тиіс. Құқық бұзушылықтың барлық түрлеріне қарсы тұруды жастарға ерте жастан үйрету керек.
Талқылау қорытындысы бойынша отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, сондай-ақ қоғамдық орындардағы қылмыстың алдын алуды күшейту бойынша бірқатар шаралар ұсынылды. Қолайсыз отбасыларды анықтау тетігін жетілдіру жөнінде отбасын қолдау орталықтарын пайдаланудың тиімділігін зерделеп, шаралар қабылдау мақсаттары тұр.
Ұйымдастырушылық-практикалық шаралармен қатар зорлық-зомбылықтың кез келген түріне қарсы күрес тетіктерін жетілдіруге бағытталған заңнамалық өзгерістер енгізуді пысықтау жоспарланған. Түзетулер қатарында мас күйінде денсаулыққа кез келген зиян, оның ішінде отбасылық-тұрмыстық салада келтіргені үшін жауапкершілікті күшейту ұсынылды.
Отырыс соңында Бас Прокурор қоғамды және әрбір азаматты тәртіп орнатуда белсенді қолдаудың маңыздылығын атап өтті. Жергілікті жерлердегі прокурорларға үйлестіру шараларымен қылмыс деңгейін төмендету, сондай-ақ құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі міндеттерді іске асыруды қамтамасыз ету тапсырылды.

 

 

Жаңалықтар тізбесі

Кентау қалалық емханасында отбасылы дәрігерлер қызмет етеді

Отбасы болу, саналы ұрпақ тәрбиелеу үлкен жауапкершілікті талап ететін іс. Қоғамның жақсы болып қалыптасуы жанұяның әрбір мүшесіне байланысты. Бүгінде...

Тарихқа бай Түркия

  Әлемді аралап, ел мен жер көру — бүгінгі көзі ашық кез келген азаматтың мақсаты. Әсіресе тарихы мен мәдениеті бір-бірімен...

Жас сарбаздар – ел қорғаны.

Жас бозбалалар әскери міндетін адал орындап, елге үлес қосуды әркез парыз санайды. Бұл ретте сарбаздар үшін оқу жаттығулар ұйымдастырылып...

Things You Didn’t Know About Past Presidents

 The main thing that you have to remember on this journey is just be nice to everyone and always...

Түркістанда отандық өнімді қолдау механизмдері талқыланды

Түркістанда вице-премьер кәсіпкерлердің мәселелерін тыңдады. Түркістанда премьер-министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі серік жұманғарин өңірдің бизнес-қауымдастығымен кездесіп, мәселелерін...

«NUR OTAN” ПАРТИЯСЫНЫҢ ФРАКЦИЯ МҮШЕСІ, ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ РЕТІНДЕ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДАҒЫ БАРЛЫҚ АЯЛДАМАЛАРДЫ МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА ЫҢҒАЙЛЫ ЕТІП ЖАБДЫҚТАУ ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫМ

  «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасын іске...

ОБЛЫС ӘКІМІ ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ТӨЛЕБИЛІК ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШІН ТЫҢДАДЫ

Түркістан облысында тұрғындар жалпы қабылдауда облыс әкімі Дархан Сатыбалдыға көкейдегі сауалын қойып, өтініштерін ашық айта алады. Бұл үрдіс өңір...

ОНКОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚТА СКРИНИНГ ТЕКСЕРУ ЖҰМЫСТАРЫ ТЫҢ ӘДІСПЕН ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Шымкент қаласындағы онкологиялық орталықта қатерлі ісік ауруын ерте сатысында анықтау мақсатында скрининг тексерулері сапалы әрі тың әдіспен жүргізілуде. Жатырдағы ісікті...

БУКМЕКЕРЛІК КЕҢСЕЛЕРГЕ БАҚЫЛАУ КҮШЕЙЕДІ

«БУКМЕКЕРЛІК КЕҢСЕЛЕРДІ БАҚЫЛАУСЫЗ ЖАРНАМАЛАУ ДӘУІРІ ӨТКЕНГЕ АЙНАЛУЫ КЕРЕК»: МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРІ АСХАТ ОРАЛОВ ОЙЫН БИЗНЕСІ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША АППАРАТТЫҚ...

Тағы да