Воскресенье, 19 апреля, 2026

Тарихқа бай Түркия

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

 

Әлемді аралап, ел мен жер көру — бүгінгі көзі ашық кез келген азаматтың мақсаты. Әсіресе тарихы мен мәдениеті бір-бірімен астасып жатқан түркі мемлекеттері өкілдерінің басын қосатын жиындар, көрмелер мен конференциялар, түрлі жобалар ұйымдастырылатыны қуантады. Оның бауырлас елдер арасындағы қарым-қатынастың артуына да, мәдениетіміздің дамуына да әсері мол. Сондай жобалардың бірі – біз Түркітілдес журналистер қорының атынан аттанған Стамбұл-Кайсери-Йозгат-Кыршеһир-Невшаһир бағытындағы сапар.

Түркияға алғаш рет келіп тұрғанмен, бұрыннан осы жерде жүрген адамдай өзімді еркін сезіндім, еш жатырқамадым. Оған себеп — осы жобаны ұйымдастырушылардың қонақжайлығы мен құрақ ұшып бір тынбай қызмет етуі. Біз маусымның 11-інен 12-сіне қараған түні Ыстамбұлға, одан әрі Кайсериге ұштық. Гидіміз Мұстафа Ялчынкая мен ел туризміне жауапты министрлік өкілдері таңертең Кайсериден күтіп алғаннан түнжарымға дейін қасымызда болды. Бізбен бірге Өзбекстан, Түркіменстан, Грузия, Сербия, Болгария мемлекеттерің БАҚ өкілдері де Кайсеридегі тарихи орындарды аралап, өздеріне ортақ мәдени мұраларды көріп, рухани азық алды.

Әуелі осындағы 6000 жылдық тарихты, өркениетті сақтап тұрған археологиялиялық музейге бардық.

Онда Ассирия сауда колонияларының дәуіріне жататын дөңгелек құмыралар, металл бұйымдары, қолдан қашап жасалған түрлі мүсіндер т.б. көне жәдігерлер сол күйі сақталыпты. Қазақстаннан табылған балбал тастарға ұқсас жасалған мүсіндер бірден көзімізге оттай басылды. Міне, осындай ескі мұралар тарихымыздың қаншалықты тереңде жатқанын және қазақ пен түріктің бір-біріне қаншалықты жақын екенін сөзсіз дәлелдеп тұр.

Кезінде Гевхер Несибе ауруханасы болған ескі ғимаратқа да бас сұқтық. Онда да біздегі археологиялық жұмыстардан табылған түрлі ыдыстарға ұқсас тәрелкеден бастап, әр түрлі пішіндегі қазандар, шәйнектер мен кеселер көздің жауын алып тұр. Бір қызығы, қанша ғасыр өтсе де бояуы кетпеген ыдыстардың көптігі таңғалдырды.

Үшінші аялдамамыз әулие Сурб Лусаворичтің атымен аталатын армян шіркеуі болды. Интерьері геометриялық және гүлді өрнектермен көмкерілген шіркеу де көне дәуірден сыр шертеді.

Сонымен қатар, түріктің бай асханасынан дәм татып, көл-көсір жайылған дастарқанның берекесін сезініп бірінші күнімізді аяқтадық.
Бұл пресс-турдың алғашқы күні ғана. Алда әлі қызыққа, ғибратқа толы төрт күр бар. Әр елден келген журналистер Кайсериден бөлек, Түркияның Иозгат, Киршеһир, Невшеһир қалаларындағы тарихи, мәдени және көрікті жерлерді аралайды.

Нұрболат Жаңаберген, Айбын Құсанбек.

Жаңалықтар тізбесі

Еңбек адамдары құрметке лайықты!

Еңбек адамдарына құрмет күшейеді. «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі». Президент Қасым Жомарт Тоқаевтың биылғы...

ТҮРКІСТАН: Жазғы демалыс кезіндегі балалардың қауіпсіздік шаралары талқыланды

Бүгін Созақ ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан прокуратурасының ұйымдастыруымен жиын өтті. Жиынды аудан прокурорының аға көмекшісі Бексұлтан Бейсенбай ашып, жүргізіп...

Отбасындағы зорлық-зомбылық: жаңа заң әйелдерді құтқара ала ма

Жыл сайын 400-ге жуық қазақстандық қыз-келіншек тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қаза табуда. 2023 жылдың басынан бері өз үйлерінде 18 әйел ажал...

ТҮРКІСТАН: «Қазақтың үні – домбыра» атты мерекелік шара жастардың патриоттық рухын көтерді

1 шілде - Ұлттық домбыра күні қарсаңында Түркістандағы «Оқушылар сарайы» - ЮНЕСКО клубының ұйымдастыруымен «Этноауыл» кешенінде «Қазақтың үні –...

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТТІ ЖАҚСАРТУ

«Nur Otan» партиясы жаңа өндіріс орындарының ашылуына және лайықты жалақысы бар тұрақты жұмыс орындарының көбеюіне күш салады. Қазіргі танда Шымкентте...

Cardi B Deletes Instagram After Social Media Backlash Over Her Historic Grammys Win

 The main thing that you have to remember on this journey is just be nice to everyone and always...

Pokemon GO’s new feature lets players snap a picture

 The main thing that you have to remember on this journey is just be nice to everyone and always...

Высокогорье Черного моря в Турции предлагает незабываемые впечатления на природе

Высокогорье Черного моря в Турции предлагает широкий выбор вариантов отдыха для тех, кто хочет избежать шума и суеты городской...

Фристайлдан FIS Әлем Кубогының финалдық кезеңдері

2023 жылғы 16 наурызда «Шымбұлақ» тау курортында «могул», «параллельді могул» және «шаңғы акробатикасы» түрлері бойынша фристайлдан FIS Әлем Кубогының финалдық кезеңдерін өткізу шеңберінде БАҚ үшін баспасөз мәслихаты өтті. Баспасөз мәслихатының спикерлері болып...

Тағы да