
Аудан әкімі Нұржан Ізтілеуов, аудандық мәслихаттың төрағасы Х.Байысбаев, округтен сайланған депутаттар және тиісті мекеме басшыларымен бірге жиырма бес мыңға жуық тұрғыны бар аудан орталығы Майлыкент ауылдық округін аралап, өзекті мәселелерімен танысты.
Халқы ең тығыз орналасқан округте бірінші кезекте балалардың қауіпсіздігі үшін көшелерді жарықтандыру және аяқ жол салу мәселесі бірінші кезекке қойылды.
Сонымен қатар, тұрғындар толғандырып жүрген мәселелердің шешу жолдары талқыланды.
Аудан басшысы түйіткілді мәселелер көтерілген учаскелердің барлығын аралап, жергілікті тұрғындармен кездесті.
Кездесу барысында әр көтерілген мәселені шешу мақсатында тиісті мекемеге нақты тапсырмалар жүктеп, мерзімін белгіледі.
Қаржының жетіспеушілігіне байланысты біршама мәселе кезең-кезеңімен шешілетіндігін тұрғындарға түсіндірді.
Кейбір мәселелер бойынша халық қалаулылары және сол ауылдың қалталы азаматтарының демеушілігімен шешу жағы қарастырылды.
Сондай-ақ, тұрғындармен кездесу барысында аудандық қоқыс шығыру мәселесі бойынша жауапты «Түркібасы» коммуналдық шаруашылық мекемесінің басшысы Келес Жартыбаев тарапынан түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Ауыл тұрғындары жаңадан тағайындалған аудан әкімінің жұмысына сәттілік тілеп, ақсақалдар ақ батасын берді.
Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
