Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де, білгір жастардың қолында. Жастар алдынғы буын ағалардың жолын лайықты жалғастырып, өздерінің сенімді ізбасар екенін дәлелдеуде. Қай заманда болмасын қоғамның қозғаушы күші – жастар. Бүгінде жастар қоғамның қозғаушы күші ретінде озық идеяларымен қаруланып, еліміздің дамып, өркендеуіне барша үлес қосып келеді. Қазіргі жастардың негізгі құзыреттілігі: өмір бойы оқу қабілеті:«білім берудің үздіксіз моделі», «өмір бойы білім беру»; тұлғалық өсу: өздігінен білім алу, ішкі ресурстарды жандандыру,өмірлік стратегияны құру; жоғары коммуникативтік деңгейді дамыту:командадағы серіктестік қарым-қатынас, түрлі мәдениеттер, дін, кәсіптер және т. б. өкілдеріне құрмет;ана және шет тілдерін жетік меңгеру; ақпараттық технология дағдысын меңгеру: ақпараттың жаңа технологияларын қолдана білу, құжаттамамен жұмыс істеу, оларды реттеу және жіктеу, моделдеу және есептеу құралдарын пайдалана білу. Әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар басталғаннан бері Қазақстандық жастардың алдында жаңа міндеттер тұрды, оларды шешу әрбір жас ұрпақтың жеке түсінуді және де өз өмірінде ұстануды талап етеді. Мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігі басқа мемлекеттермен салыстырғанда оның мүмкіндігімен және қабілеттілігімен едәуір дәрежеде айқындалады: жастардың бойында өмір сүру стратегиясын өз бетінше жасауға, өзін-өзі жетілдіруге және өзін-өзі жетілдіруге прогрессивті, қоғамдық маңызы бар құндылықтар мен басым құндылық бағдарларын қалыптастыру. Осыған байланысты қазіргі жастар саясатының басты міндеті жас ұрпақтың қоғам өміріне қатысу мүмкіндігін кеңейту және жастар әлеуетін Қазақстанды дамытуға бағыттау, оның бәсекеге қабілеттілігінің тиісті деңгейін қамтамасыз ету үшін жағдай жасау болуы тиіс. Қазіргі жастардың прагматизмі жастар жұмысына инновациялық көзқарасты талап етеді. Жастардың құндылықты ұстанымдарын мансаптық-тұтыну тұрғысынан өзіне және қоғамға шығармашылық-жасампаздық көзқарас тұрғысынан қайта бағдарлауды көздейтін әдістерді әзірлеу қажеттілігі бар. Жастардың қандай да мемлекеттегі рөлі аса маңызды болып саналады. Ол дамудың, жаңа танымның және ескі өзгерудің ең басты субъектісі болып саналады. Əрбір мемлекет жастардың дамуы мен қалыптасуының дұрыс бағыты тұрғысынан мүдделі. Мемлекет жас ұрпақты ескі сындыра отырып және жаңасын құра отырып, ол мемлекеттің прогресі үшін ұлттық мүдде шеңберінде әрекет ететіндей тәрбиелеуге тырысады.
Білекті бірді жығар,
Білімді мыңды жығар. (Халық даналығы)
Адамзат алдында тұратын ұлы мұрат – міндеттердің ең бастысы – өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы, рухани бай және ақыл — парасаты мол, мәдени — ғылыми өресі озық азамат тәрбиелеу. Бұл біздің қоғам алдындағы борышымыз. Бүгінгі әлемдегі елдер мен халықтардың өзара тарихи байланысының дамуы, экономика, мәдениет пен ғылымның әлемдік деңгейге бет бұруы, ертеңгі күннің бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білім мен тәрбиеге ғана тән.
