
Сауран ауданында 1-қазан Халықаралық қарттар күні мерекесіне орай мерекелік жиын өтті. Іс-шараға аудандағы қариялар, еңбегімен ел есінде қалған зейнеткерлер қатысып, көңілді кештің куәсі болды.
Қазыналы қарттарды құттықтау үшін аудан әкімінің орынбасары Серік Садыбаев сөз алып, ауданның өркендеуіне атсалысқан ардагерлерге алғысын жеткізді. Сонымен қатар, аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаевтың алғыс хаттары мен сыйлықтарын табыстады. Осыдан соң, жиын аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері дайындаған мерекелік концертке ұласты.
Айта кетейік, Сауран ауданында бүгінгі таңда 747 қазыналы қарт болса, оның біреуі Ұлы Отан соғысының ардагері.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
