Воскресенье, 19 апреля, 2026

Балаға зорлық жасағандар өмір бойына сотталуы керек– Елнұр Бейсенбаев

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Мәжілістегі «АМАNАТ» Фракциясының төрағасы Елнұр Бейсенбаев Премьер-министр мен Бас прокурорға жолдаған депутаттық сауалында бала құқығын қорғау мәселесін көтерді.

Мемлекет басшысы биылғы Жолдауда: «…кәмелетке толмағандарға жасалған зорлық-зомбылықтың кез келген түріне қатысты жазаны күшейтуді талап етемін», деп нақты айтқан еді. Президенттің бұл мәселеге қайта тоқталуы қоғам үшін үлкен дабыл дей келе, депутат бұл мәселені соңына дейін жеткізу үшін партия бар күш-жігерін салатынын айтты.

Балалар көрген зәбір мен жантүршігерлік қылмыс көбейгенін айтқан ол халықтың еті мұндай қылмыстарға үйреніп кетпеуі керек екенін баса айтты.

Оған қоса, депутат жыл сайын елімізде балаларға қарсы 2000-ға жуық қылмыс жасалатынын, бұл өте қорқынышты статистика екенін жеткізді. Жыл сайын 4 мыңнан астам бала бейімдеу және оңалту орталықтарына жеткізілетіні, сондай-ақ 150-ге жуық сәби қараусыз қалып, көпқабатты үйлердің терезесінен құлап кететіні де айтылды.

«Мәселенің Президент деңгейіне дейін көтерілуі – жағдайдың расымен де ушығып кеткенін көрсетеді», деді ол.

Елнұр Бейсенбаев соңғы кездері оқушыларды зорлау оқиғалары жиілеп кеткенін айтып дабыл қақты. Оның айтуынша, мұндай қылмыс жасағандарға «бостандығын шектеу» деген жаза қолдану тиімсіз.

«Қылмыскерді бостандыққа жіберіп, оның тағы басқа қылмыс жасауына өзіміз жағдай жасап береміз. Сарыағаштың Жібек Жолы ауылындағы кішкентай Еркежанның өлімі осы сөзіме дәлел бола алады. Сондай-ақ ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың көбірек зәбір көретіні де мәлім. Өгей әке-шеше тарапынан зорлық-зомбылықтың жиі болуы – әлеуметтік қорғауда жүйелі жұмыстың жоқтығын көрсетеді. Учаскелік инспекторлардың, кәмелетке толмаған балалармен айналысатын мамандардың жұмысына сын көп», деді Мәжіліс депутаты.

Депутаттың сөзінше, бұл мәселенің бір ұшы қоғамның салғырттығына да келіп тиеді.

«Қоғам да бей-жай қарамауы керек. Мәселен, Алматыда өгей анасының қолынан қайтыс болған 7 жасар Каринаның жанұшыра айқайлаған дауысын көршілері естісе де, ешбірі ара түспеген. Кеше ғана Алматы қаласында 44 жасар әкесі 2 жыл бойы өз қызына көрсеткен зорлығы үшін 20 жылға ғана сотталды. Мұндай қылмыскерлер өмір бойына бас бостандығынан айрылуы керек және оларға медициналық кастрация жасалуға тиіс. Бұл – аксиома», деді депутат.

Заң бар, бірақ орындалуы әлсіз екенін айтқан Елнұр Бейсенбаев Үкімет пен әкімдік тарапынан атқарылуы керек жұмыстарды да тізбектеп өтті.

«Қоғамдағы бұл қылмыстың бәрі біздің балаларға қарсы жасалып жатыр. AMANAT партиясының фракциясы бұл мәселені өз назарында жіті ұстайтын болады. Осы ретте, біздің Фракция Заң жобасына қажетті өзгерістерті енгізіп, тағы да қатаңдатанын жеткіземіз. Дегенмен, Үкімет пен әкімдік тарапынан алдын-ала жасалатын жұмыстар бар. Нақты айтқанда, балалардың терезеден құлау фактілеріне байланысты әкімдіктер, КСК тарапынан түсіндіру жұмыстары күшейтілуі тиіс. Отбасындағы ішімдікке немесе есірткіге салынған азаматтардың барлығы қатаң бақылауға алынуы тиіс. Олармен пробациялық жұмыстарды жүйелі деңгейде өткізу маңызды. Бала қауіпсіздігін сақтауда барлық мемлекеттік органдар бірлесіп, жүйелі әрі жылдам жұмыс жасауы қажет», деп түйіндеді Елнұр Бейсембаев.

Жаңалықтар тізбесі

Сен оралман емессің, бауырымсың!

Олардың туған Отанына оралған күннен бастап азан шақырып қойған есімі ұмытылды. «Оралман» деген атауға ие болды. Сол «оралмандардың» біразы...

Түркістанда қасиетті су шығарыла бастады

Ерте заманнан бері Түркістан өңірі өзінің қасиетті жерлерімен саяхатшылардың назарын аудартты. Жергілікті су көздерінің емдік, шипалық қасиеті бар деп...

Төлебиде жаңа кәсіпорын ашылды

Төлеби ауданында «КазахБитум» ЖШС-нің мұнай өнімдерін өңдеу зауытындағы үздіксіз полимерді модификациялау цехы ашылды. Киелітас ауылдық округі аумағында орналасқан зауыт...

Түркиядағы теңіздерде серфингтік шытырман оқиғалар күтеді

Түркиядағы түркістандық бақыт жағалауы жылдың кез келген уақытында ең таза теңізі мен жағажайлары, тамаша аралдары, шығанақтары және әсем табиғаты...

В Auezov University обсудили проект Национального доклада

В Auezov University обсудили проект Национального доклада «Качественное образование, доступное каждому». На заседании приняли участие профессора-преподаватели, сотрудники и молодые...

«Бізбен бірге істе! Бізден асып түс!» тақырыбында шеберлік сағаты өткізілді

Жақында Қарағанды қаласында Абай атындағы облыстық балалар кітапханасының 70 жылдығына орай «Балалар кітапханасы: идеялар кеңістігі» тақырыбында халықаралық форум өтті....

Түркістан интустриалды аймағын дамыту шаралары күн тәртібінен түспейді.

  40 га ау­мақты алып жатқан жер бүгінде 190 гектарға ұлғайтылып, инфра­құ­рылыммен қамтамасыз етіліп жа­тыр. Мұнда 2016 жылдан бері 27...

Қайырымдылық – құнды қасиет

Қайырымдылық – адам баласының бойынан табылуы тиіс асыл қасиеттердің тек біреуі ғана. Жүрегі мейірімге толы жан жеңілі мен ауыры...

Түркістанда «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы өтеді

2023 жылы 26 мамырда сағат 17.00-де Қазақстан Республикасының барлық қалаларында «Халық заңгері» ауқымды жалпыреспубликалық акциясы бір мезгілде өтеді! Акцияның мақсаты...

Тағы да