Воскресенье, 19 апреля, 2026

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – ҚАЙЫРЛЫ ІС

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Мейірімділік пен қамқорлық жүректен. Ал қайрымдылықтың ең абзалы шын мұқтаж жандардың қажетін өтеу болып табылады. Дархан пейілді қазақ халқы ықылым заманнан қайырымдылықты қастерлі ұғым санап, қиын-қыстауда көмек қолын созатындарға құрметпен қарап тек ақ батасын арнап отырған. Мұндай тамаша тәрбие қазақ халқында ұрпақтан ұрпаққа берілген асыл қасиетке айналып келеді. Мұндай қасиетті Шымкент қалалық мәслихатының депутаты, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі – Әшірбаев Байкен Әшірбайұлының бойынан да көруге болады. Жақсылықты ту еткен асыл азамат Nur Otan» партиясының «30 игі іс» қайрымдылық марафоны аясында, пандемия кезінде 500 мұқтаж отбасыға азық-түлік себеттерін таратты. Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын деген тәмсіл бекер айтылмаса керек. Бәйкен Әшірбайұлының қайырымдылығы мұнымен тоқтап қалмақ емес. Қабылдауға жазылып тұрмыстық мәселелермен келген отбасыларға азық-түлік жағынан және қаржылай қолдау көрсеткен және тізімге жазылған 100-ге жуық тұрғындарды азық-түлікпен қамтыған. Сонымен қоса ауданда тіркелген 100-ден аса мұқтаж отбасыларды әр 3 ай сайын азық-түлікпен қамтамасыз етіп отырады.
«30 игі іс» қайрымдылық марафоны аясында Мәслихат депутаттарымен бірге 1000 отбасыға азық-түлік себеттерін үлестіруге атсалысқан.
«Nur Otan» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» жобасына ат салысқан. Қаланың даму бағыты аясында тұрғындарды өтініштері бойынша, Бадам 1, Бадам 2 өңірдегі су тасқынан зардап шеккен көпірлердің орнына заманауй біреуі 45 метірлік, екіншісі 25 метірлік көпірдің салынуына демеушілік жасаған. Қазығұрт ауданы мәдениет үйінің би топтарына республикалық сайысқа қатысуына қаржылай қолдау көрсеткен. Нәтижесінде қала мәдениетінің мәртебесі артып, би тобы республикада 2-орын иемденіп қайтты. Сонымен қоса жылына 50-ге жуық командаларға спорттық ойын сайыстар өткізіп, өзі бас демеушілік жасап келеді.
Халыққа жасаған игілікті істердің жемісі ретінде лайықты марапатқа да ие болды. 2021 жылы «Рухани жаңғыру бағдарламасының аясында өткен «Жомарт жүрек» сыйлығының аудандық, қалалық және республикалық «ТУҒАН ӨЛКЕ» номинациясымен марапатталған. Ал, қайырымдылық керуені жобасы аясында қоғам игілігіне жасап жатқан қызметі және игілікті жұмыстары үшін Н.Назарбаев қорының директоры Д.Назарбаеваның Алғыс хатымен, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлауында белсенділігі үшін «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиал төрағасы М.Әйтеновтың алғыс хатымен марапатталды.
Ердің ісіне лайықты елдің ісін жасап жүрген Бәйкен Әшірбайұлының 2013 жылы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен «Құрмет» орденімен наградталған.
Қайырымдылық – адам баласының бойынан табылуы тиіс асыл қасиеттердің тек біреуі ғана. Жүрегі мейірімге, жаны ізгілікке толы Бәйкен Әшірбайұлы қамкөңіл адамдардың жанын жадыратуға үнемі асығып тұрады. Мейірімге толы қайырымды жүрек мұқтаж жандарға демеу болумен оларға өмір сүруге жаңа күш пен талпыныс сыйлай алады. Бәйкен Әшірбайұлы: «Көмекке зәру жандарға қиналған шағында қол ұшын созу — әрбір адамның парызы» деп өзінің адамдық сипатын да ешқашан жоғалтпай парасат биігінде жүреді.
Өмірдің сан мың бұлтарысында, қиын қыстау кезеңде жүргенде қоғамда мейріміді жұректі азаматтардың көп болғаны жақсылықтың нышаны. Жақсылық жасап жарысайық, ағайын!

Ұлжан НАУШАБАЕВА,
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.

Жаңалықтар тізбесі

Cтамбұлдағы ең үлкен Рами кітапханасы

Стамбұлдың Эйупсұлтан ауданында орналасқан және 18 ғасырдың ортасында салынған Рами казармасын түпнұсқаға сәйкес жүргізілген қалпына келтіру, қайта құру және...

Шолпанның шұғылалы шақтары

Билікке деген сенім қазіргі қоғамның талаптарына сай мемлекеттік қызметшіден басталады. Мемлекеттік қызмет атқару – қоғам мен мемлекет тарапынан көрсетілген...

«ЕҢБЕК» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА 600-ДЕН АСТАМ ЖАС ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

Шымкент қаласында азаматтарды жұмыспен қамту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бүгінде 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасының үшінші бағыты – жастар...

ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚТАРДЫ ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫ КҮШЕЙТІЛЕДІ

Түркістан облысында инвестиция тарту жұмыстары күшейтіледі. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен аппарат отырысында өңірдегі индустриалдық және арнайы экономикалық...

Он жеті жасында аға шопан атанған Орынтай Көмеков

1947 жылы маусым айының үшінші жұлдызы күні ОҚО, Түлкібас ауданы, Қарабастау ауылында дүние есігін ашқан Сабырбек ағамыз қаршадайынан еңбекке...

БІЛІМ САЛАСЫ «NUR OTAN” ПАРТИЯСЫНЫҢ БАСТЫ НАЗАРЫНДА

«Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасын іске...

Қазыналы қариялармен жүздесті

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды облыс орталығындағы Белсенді ұзақ өмір орталығының жұмысымен танысып, жергілікті ақсақалдармен кездесті. Іс-шараға зейнет жасында...

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ САЙРАМДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫҢ ЖАЙ-КҮЙІМЕН ТАНЫСТЫ

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев Сайрам ауданына іссапармен барды. Сапар барысында өңір басшысының орынбасары Қарасу ауылдық округінің емхана...

«NUR OTAN” ПАРТИЯСЫНЫҢ ФРАКЦИЯ МҮШЕСІ, ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ РЕТІНДЕ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДАҒЫ БАРЛЫҚ АЯЛДАМАЛАРДЫ МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА ЫҢҒАЙЛЫ ЕТІП ЖАБДЫҚТАУ ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫМ

  «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасын іске...

Тағы да