Воскресенье, 19 апреля, 2026

ӘЛИХАН СМАЙЫЛОВ ЖАҢА ЖАЙЛЫ МЕКТЕПТЕР ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ САПАСЫН МҰҚИЯТ ҚАДАҒАЛАУДЫ ТАПСЫРДЫ

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...


Үкіметте ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру барысы қаралды.
Кеңеске қатысушылар жаңа білім ордаларын жобалау және салу, оларды заманауи жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру, мемлекеттік сараптама жүргізу, қаржыландыру және басқа да бірқатар мәселені талқылады.
Бүгінгі таңда 217 мектеп бойынша белсенді жұмыс жүріп жатыр. Барлық процесс жобалық басқарудың арнайы ақпараттық жүйесінде бақыланады, онда сондай-ақ нақты уақыт режимінде құрылыс-монтаждау жұмыстарының барысын бақылауға болады. Жалпы 2026 жылға дейін ұлттық жоба аясында 740 мың оқушыға арналған жаңа форматтағы 369 мектеп салу көзделген.
Әлихан Смайыловтың айтуынша, уәкілетті мемлекеттік органдар мен ұйымдар жұмыстардың орындалу сапасын мұқият қадағалап, нысандардың бағасын негізсіз көтеруге жол бермеуі тиіс. Мектептерді белгіленген мерзімде тапсыру қажет.
Түркістан облысында «Жайлы мектеп» жобасы шеңберінде 3 жылда жалпы 63 мектеп салынады (49 мың орын). Биыл 29 мектептің құрылысы басталып, келесі жылы аяқталады. Қалған 34 мектеп 2025 жылы тапсырылады. Мектептердің құрылысы облыс әкімі Дархан Сатыбалдының бақылауына алынған. Арнайы жұмысшы тобы құрылып, жұмыс жоспары бекітілген. Әр аудан, қалада мектеп салынатын жер анықталып, инфрақұрылымы тартылып, бірнеше мектептің құрылысы басталып кетті.

Жаңалықтар тізбесі

Қазақстандағы адам саудасы жағдайы қандай?

Адам саудасы - ақша айналымы үлкен заңсыз бизнес. Мұның басында тұрғандар өз "ісін" барынша сақтап қалуға тырысады. Қазақстанда да...

Қ.ТОҚАЕВ ТҮРКИЯ ПРЕЗИДЕНТІН ҰЛЫҚТАУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫСТЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанды ұлықтау рәсіміне қатысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен Анкарадағы...

Елімізде бала туу деңгейінің төмендеу ықтималдығы жоғары – демограф

Қазақстан 20 миллиондық межені бағындырды. Республиканың 20 млн-шы тұрғыны атанған сәбилер Ұлытау, Жетісу, Атырау, Ақмола және Түркістан облыстарында дүниеге келді,...

Прокурор мекеме аралық зорлық-зомбылық профилактикасы бағытында жиын өткізді

Жетісай ауданының прокуроры Айдархан Жүнісбековтің төрағалығымен аудан аумағында құқықбұзушылық профилактикасын кешенді жүзеге асыру шараларын нақтылау, пысықтау, кәмелетке толмағандар арасындағы...

Түлкібаста «Әже — ұлт ұйытқысы» атты облыстық іс-шара ұйымдастырылды

Әжелер мектебіне -10 жыл толуына орай, аудандық мәдениет үйінде Түлкібас ауданының білім бөлімінің ұйымдастыруымен облыстық "Әже-ұлт ұйытқысы" тақырыбында іс-шарасы...

Сұлтанахмет алаңында қызғалдақ өсірудің аквакультура әдісімен үлкен қызғалдақ кілемі “тоқылады”

Cтамбұлда қызғалдақ маусымы көктемнің келуін білдіреді. Жыл сайын сәуір айында қаланың ең танымал жерлерінің кейбірі көктемгі қызғалдақтармен безендіріліп, хас...

Түркістан облысында биыл бастауыш сынып оқушылары 100 пайыз ыстық тамақпен қамтылады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1-4 сынып оқушыларын мектепте тегін тамақпен қамту туралы тапсырма берген болатын. Президенттің бұл бастамасы балалардың...

Аружан Саин: Мемлекет әрбір бала алдындағы өз міндетін орындауы керек

2 мамырда басталған балаларды тегін секциялар мен үйірмелерге тіркеу, араға екі апта салып тоқтап қалған еді: шығармашылық үйірмелер мен...

ҚАЗАҚСТАН ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІСІ UFC 326 ТУРНИРІНДЕ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен UFC 326 турнирінде Арнайы операциялар күштерінің өкілі кіші сержант Дияр Нұрғожай жартылай ауыр салмақта бразилиялық...

Тағы да