Воскресенье, 19 апреля, 2026

Қазақстандағы адам саудасы жағдайы қандай?

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Адам саудасы — ақша айналымы үлкен заңсыз бизнес. Мұның басында тұрғандар өз «ісін» барынша сақтап қалуға тырысады. Қазақстанда да адам саудасымен айналысатындар бар. Және кез келген қазақстандықта өзге елден бұрын, өз елінде құлдыққа жегілу ықтималдығы жоғары. Қазақстанда кімдер адам саудасы құрбаны болып жатыр? Одан сақтанудың қандай жолдары бар? Осы сауалдарға жауап іздейміз.

Қазақстандағы адам саудасы жағдайы қандай?

2004 жылдан 2019 жылға дейін Қазақстанда негізінен 18-25 аралығындағы және 30 жастан асқан ерлер мен әйелдер (677 және 634 адам) саудаланған. Біздің елде құрбандар көбінесе еңбек қанауына және сексуал қанауға ұшырайды.

2020 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстанда адам саудасы үшін жаза күшейтілді. Бұрын бұл қылмысты жасағандар кемінде 3 жылға сотталатын, енді ол 4 жылға артты. Ең ұзақ мерзім өзгеріссіз қалды, бұл — 15 жыл бас бостандығынан айыру.

Адам саудасының мынадай түрлері бар:

  • сексуал қанау,
  • мәжбүрлі еңбекке тарту,
  • қылмыстық қанау,
  • қарызы үшін кіріптар ету,
  • бала еңбегін қанау,
  • үйде құлдықта ұстау,
  • қайыршы болуға мәжбүрлеу,
  • қарулы құралымдарда адамдарды күштеп пайдалану,
  • балаларды асырап алушыларға сату,
  • органдар мен тіндерді трансплантациялау үшін адам саудалау.

2020 жылғы Қазақстандағы адам саудасы есебі бойынша, кейінгі 5 жылда Қазақстанда адам саудасымен ел азаматтары да, шетелдіктер де айналысқан. Отандастырымыз шетелде де саудаға түскен, алайда ел ішінде сатылып кеткендер саны көбірек.

«Саудагерлер» ауылды аймақ тұрғындарына қаладан жақсы жұмыс тауып беруге уәде беріп, алдайды.

Адам саудасымен айналысатындар Қазақстан тұрғындарын негізінен Ресейде, одан кейін Бахрейнде, Бразилияда, Біріккен Араб Әмірліктерінде, Корея Республикасы мен Түркияда мәжбүрлі еңбекке тартады. Адам саудагерлері қазақстандық әйелдер мен қыздарды Таяу Шығыста, Еуропада, Шығыс Азияда және АҚШ-та сексуал қанау мақсатында пайдаланады. Қазақстанда Орталық Азия мен Шығыс Еуропаның көрші елдерінен, сондай-ақ Қазақстанның ауылды жерлерінен әкелінген әйелдер мен қыздар коммерциялық сексуал қанауға ұшырайды.

Көп жағдайда «саудагерлер» қыздар мен әйелдерге үлкен қалаларда даяшы, модель немесе бала күтуші ретінде жұмыс істеуді ұсынады. Балаларды қайыр сұрауға мәжбүр етеді. Сондай-ақ ересектер мен балаларды қылмыстық әрекетке мәжбүрлеуі мүмкін. Ауылды жердегі көптеген қазақстандық Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау және Атыраудың салыстырмалы түрде алғанда жоғары деңгейдегі экономикалық әл-ауқатына қызығады, мегаполиске барғысы келеді. Осы жолда кейбірі еңбек және сексуал қанау мақсатында адам саудасының құрбаны болады. Кейде «саудагерлер» Қазақстандағы құрбандардың досы немесе танысы бола отырып, оларды алаяқтық әрекеттер мен алдау арқылы азғырады.

Адам саудагерлері Орталық Азия елдерінің азаматтарын, соның ішінде Өзбекстан ерлері мен әйелдерін Қазақстанда үй жұмысшысы ретінде, құрылыста, базарларда және ауыл шаруашылығында жұмыс істеуге тартады немесе мәжбүрлейді. 2014 жылдан бастап Ресей Өзбекстаннан бір миллионға жуық мигранттың елге қайта баруына тыйым салды, сондықтан олардың көпшілігі Қазақстанда уақытша жұмыс істеуге және тұруға рұқсат сұрайды. Осылайша, кейбіріне адам саудасы құрбаны болу қаупі төнуі мүмкін.

Адам саудасы құрбаны болудан қалай сақтануға болады?

Адам құлдыққа әртүрлі жолмен түседі. Негізі, жақсы жалақы, жайлы өмір сүру жағдайы бар жұмыс ұсынып, көндіреді. Болмаса, некеге тұру немесе шетелде жоғары білім алу деген сияқты ұсыныстармен қызықтырады.

Egov.kz азаматтарға арналған үкімет порталы адам саудасы құрбаны болудан қалай сақтануға қатысты мынадай кеңес ұсынады:

  • Шетелде (немесе Қазақстанның басқа қаласында) жұмыс істеуді ұсынып отырған агенттіктің заңды екеніне, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі берген лицензиясының бар екеніне көз жеткізіңіз.
  • Шетелге (немесе Қазақстандағы басқа қалаға) жұмысқа бармас бұрын жұмысқа орналасу туралы келісімшарт жасасыңыз. Ұсынылған келісімшартты мұқият оқып шығыңыз, түпнұсқалардың бірі қолыңызда қалуы керек. Шетелге жіберіп жатқан фирмада жұмыс істемейтін, бейтарап адвокатпен кеңесіңіз. Келісімшартта жұмыстың өзі, ол елде тұру, еңбекақы және медициналық сақтандыру шарттары қарастырылуы керек.
  • Жұмыс визасын алыңыз, туристік виза жұмыс істеуге құқық бермейді. Баратын еліңіздің елшілігінен сол мемлекетте осы жұмыс түріне жұмысқа орналасу мүмкіндігі туралы сұрап хат жазыңыз, қоңырау шалыңыз.
  • Медициналық сақтандыру рәсімдеңіз.
  • Барлық құжатыңыздың, визаңыздың, төлқұжатыңыздың кем дегенде екі данасын жасаңыз, бір данасы жаныңызда болсын, екіншісін отбасыңызға қалдырыңыз. Бұл қолыңыздан құжатыңызды тартып алған немесе құжаттарыңызды жоғалтқан жағдайда керек.
  • Туыстарыңызға қайда және кіммен бара жатқаныңызды айтыңыз, телефон нөмірлеріңізді, тұрғылықты мекенжайыңызды қалдырыңыз. Белгілі бір уақытта үйдегілерге қоңырау шалмасаңыз, бұл сізге қауіп төніп тұрғанын білдіретінін отбасыңызға айтып, келісіп кетіңіз.
  • Шетелген шықпас бұрын сол елде сізге көмектесе алатын ұйымдардың мекенжайы мен телефон нөмірлерін біліп алыңыз. Бұл — Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері, үкіметтік емес ұйымдар, сол елдегі көші-қон жөніндегі халықаралық ұйым кеңселері.
  • Баратын елдің тілін біліңіз, істейтін жұмысыңыз мамандығыңыз сәйкес пе, бұл жұмысқа біліктілігіңіз жете ме — осындай деректерді анықтап алыңыз.
  • «Құл саудасы» құрығына түсіп қалсаңыз, бірақ қашып кетсеңіз, өз еліңіздің консулдығынан немесе басқа мекемеден көмек сұраңыз.

 Таңшолпан Бегалықызы

Жаңалықтар тізбесі

2020 Presidential Candidates In A Minute

 The main thing that you have to remember on this journey is just be nice to everyone and always...

Туркестанским областным оперативным штабом по борьбе с терроризмом на территории области проводится учения «Туркестан-Антитеррор-2023»

25 августа 2023 года Туркестанским областным оперативным штабом по борьбе с терроризмом на территории области проводится учения «Туркестан-Антитеррор-2023». Целью мероприятия...

Jennifer Aniston’s Ex Justin Theroux Wishes Her Happy Birthday on Instagram

 The main thing that you have to remember on this journey is just be nice to everyone and always...

ТУРКЕСТАН: ДОЛЖНА БЫТЬ УСИЛЕНА РАБОТА ПО РАЗВИТИЮ КЕНТАУ

Необходимо активизировать работу по развитию города Кентау и реализовать новые проекты. В частности, время требует повышения производственного потенциала города. Аким...

Түркістанға жастарға берері мол қойылым болды

ТҮРКІСТАН МУЗЫКАЛЫҚ ДРАМА ТЕАТРЫНДА «МАҒЖАН» СПЕКТАКЛІ қойылды. Алаштың біртуар қайраткері Мағжан Жұмабаевтың өмірін бейнелеген сахналық қойылым көрермен назарына ұсынылды. Түркістан...

Жастар арасында облыстық турнир өтті

Жетісай аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен «Спорт бізді біріктіреді» атты облыстық волейбол сайысы өтті. Түркістан облысының...

«ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КЕРУЕНІ» БАЙҚАУЫНА ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАНУДА

«Қайырымдылық керуені» байқауына өтінім қабылдау жалғасуда. Игі іс жасап жарысатын азаматтар арасында өтетін конкурс республикалық көлемде биыл 5 рет...

ТҮРКІСТАН: Сайрамда 1500-ден астам оқушы мектепке жаңа автобуспен тегін қатынайды

Биыл Сайрам ауданының білім бөліміне қарасты 14 елдімекенінде орналасқан мемлекеттік мектептерге шалғайдан қатынайтын оқушыларды тасымалдау үшін 20 және 40...

Ұлттық құндылықтарды дәріптеді

Түркістан қаласында «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен облыстық «Тамаша әже» байқауы өтті. Іс-шараға Отырар, Сауран, Шардара, Мақтаарал, Жетісай,...

Тағы да