Понедельник, 20 апреля, 2026

Қазақстандықтардың басым бөлігі зорлық-зомбылық үшін жазаны күшейту туралы Президенттің бастамасын қолдайды

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Респонденттердің 96%-ы Мемлекет басшысының отбасылықтұрмыстық зорлықзомбылық үшін, сондайақ кәмелетке толмағандарға қатысты зорлықзомбылықтың кез келген түріне қатысты жазаны күшейту жөніндегі бастамаларына қолдау білдірді.

Респонденттердің 96%-ы Мемлекет басшысының отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың кез келген түріне қатысты жазаны күшейту жөніндегі бастамаларына қолдау білдірді. Бұған «AMANAT» партиясы «Жастар рухы» Жастар қанатының белсенділері жүргізген әлеуметтік сауалнама нәтижелері дәлел бола алады.

Кешелі бері «Жастар рухы» еріктілері қоғам белсенділерімен, құқық қорғау органдарының өкілдерімен және сарапшылармен бірге әлеуметтік зерттеу жүргізуге кірісті. Көшелерде, вокзалда, сауда нүктелерінде және өзге де қоғамдық орындарда азаматтардың отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы хабардар болу деңгейі, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық себептері, зорлық-зомбылық құрбандарын қолдау іс-шаралары, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрестің тиімділігі туралы және т.б. сұрақтар қойылды.

Атап айтқанда, сауалнама Семей, Атырау, Көкшетау және Ақтөбе қалаларында жүргізіліп, онда 125-ке жуық респондент сұралды. Олардың 120-сы немесе 96%-ы жазаны күшейтуді және зорлық-зомбылыққа қарсы қатаң шаралар қабылдауды жақтады.

Сауалнамаға қатысушы, Семей қаласының тұрғыны Қаламқас Маратқызы әрбір адам қорықпай өмір сүруі керек деп есептейді.

«Тұрмыстық зорлық-зомбылық біздің қоғамның ең өзекті мәселелерінің бірі екені сөзсіз. Көптеген отбасы оны жасырып-жабуға тырысса да, бұл – мыңдаған адамның басында бар жағдай. Біздің қоғамымызда да бұрыннан бар екенін бәріміз білеміз. Дегенмен қазір осы мәселеге ерекше назар аударылғаны қуантады. Жеке өзім зорлық-зомбылықтың кез келген түріне қарсымын», – деді ол.

Статистикаға сәйкес, тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендердің көпшілігі – әйелдер. ҚР-дағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева атап өткендей, елімізде күн сайын балаларға қатысты 6 қылмыс жасалады, 342 адам тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шегеді. Балалар мен жасөспірімдер арасындағы әлімжеттік мәселесі де өткір болып тұр. Уақтылы көрсетілген көмек қайғылы жағдайдың шамамен 70%-ға алдын алады.

«Жастар рухы» Жастар қанаты Атырау облыстық филиалының төрағасы Абылай Құрметұлы әлеуметтік сауалнаманы өткізудің өзектілігін атап өтті.

«Ең алдымен, біз адамдарға проблеманың маңыздылығын, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа, буллингке, балаларды қорлауға жол беруге болмайтынын жеткіземіз. Мұндай сауалнамалар мәселенің қаншалықты ауқымды және қандай шаралар қабылдау керек екенін түсінуге мүмкіндік береді. Сауалнама халықтың бұл проблема туралы хабардарлық деңгейін анықтауға, стереотиптерді және сол сияқты т.б. анықтауға көмектеседі», – деді Абылай Құрметұлы.

Сондай-ақ респонденттер алимент мөлшерін ұлғайту, денсаулыққа зиян келтіргені үшін қамауға алу мерзімін ұзарту, педофилия үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру сияқты т.б. ұсыныстарын жеткізді. Әлеуметтік сауалнама еліміздің өзге өңірлерінде де жалғасады. «Жастар рухы» Жастар қанатының зерттеу нәтижелері мен ұсыныстары құқық қорғау органдарына, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне және басқа да құзыретті ведомстволарға жолданады.

Айта кетейік, 2020 жылдың қыркүйегінен бері «AMANAT» партиясы жанындағы «Бақытты отбасы» жобасы аясында балалардың құқын бұзу және отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайлары бойынша «111 шұғыл қызмет» желісі жұмыс істеді. Үш жылда шұғыл қызмет мамандары 50 мыңға жуық отбасына көмек көрсетті. «111 шұғыл қызмет» желісіне жүгінгендердің 82,6%-ы – әйелдер, 17,4%-ы – ер адамдар. Оның 68%-ы бойынша нақты көмек көрсетілді, ал 32%-на анықтама сипатындағы түсініктеме берілді. Қоңырау шалған азаматтарды толғандырған мәселелердің 43,4%-ы – атаулы әлеуметтік көмек алуға, 7%-ы – психологиялық және заңгерлік көмек көрсетуге, 3,6%-ы – білім беру, күтім көрсету және қамқоршылық мәселелеріне қатысты болды.

Қазіргі уақытта аталған қызмет «AMANAT» – 111 байланыс орталығы»  деп аталады. Бұл – отбасы, әйелдер және балалардың құқығын қорғау бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін ұлттық желі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау мақсатында 111 бірыңғай сенім телефоны мемлекеттік шұғыл қызметтер тізбесіне 101, 102, 103 және т.б. нөмірлермен тең дәрежеде енгізілді.

Жаңалықтар тізбесі

Түркиямен серіктестік: кондитер фабрикасы ашылды

Алматы облысы Қаскелең қаласында түркиялық “Yakar Şekerleme” компаниясының инвестициясы есебінен кондитерлік өнімдер фабрикасы іске қосылды. Қазақстанның Түркиядағы Төтенше және өкілетті...

Отбасы тәрбиесіндегі құндылықтарға қатысты педагог- психологтармен семинар өтті

Түлкібас ауданы білім бөлімі әдістемелік кабинетінің әдіскері М.Кулмаганбетованың ұйымдастыруымен С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беру мектебінде "Отбасы тәрбиесіндегі құндылықтың бала...

Шымкент қалалық прокуратурасы экономикалық ресурстарды заңсыз шоғырландыруға қарсы іс-қимыл мен шетелден активтерді қайтару жұмыстарын жалғастыруда. 

Шымкент қалалық прокуратурасы экономикалық ресурстарды заңсыз шоғырландыруға қарсы іс-қимыл мен шетелден активтерді қайтару жұмыстарын жалғастыруда. Мемлекет басшысының 2022 жылғы 5...

Жастар тәрбиесінің бастауы – отбасы жүрегі – әйелде!

Жастар тәрбиесінің бастауы – отбасы жүрегі – әйелде!   Бұл тақырыпты алғанда нәзікжандардың басына өмір сүрудегі қиыншылықтың бәрін жүктеп  қою...

ТҮРКІСТАН: Ордабасылық балалар жазғы демалыстарын өңірдің көрікті жерлерінде өткізіп жатыр

Ордабасы ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты, жалпы білім беру ұйымдарына, 9-15 жас аралығындағы әлеуметтік аз қамтамасыз етілген, атаулы...

ТҮРКСОЙ-ҚАЗАҚСТАН ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ НЫҒАЯ ТҮСТІ

Қазақстан ТҮРКСОЙ ынтымақтастық шеңберінде бірқатар жобаларды жүзеге асырып жатыр. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің төрайымы...

Ерікті болу – ізгі істердің бірі.

Өз еркімен қоғамға пайдасын тигізуді көздейтін еріктілердің қатары жыл санап артып келеді. Бүгінде әлем халқының 970 миллионы волонтер болса,...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭТНОСАРАЛЫҚ ҚАҚТЫҒЫСТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

Бүгін Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен Қазығұрт және Ордабасы аудандарында «Этносаралық қақтығыстардың алдын алу жолында...

FAKE NEWS: Түркітілдес журналистер қоры онлайн курс ұйымдастырады

FAKE NEWS. FACT-CHECKING. INFORMATION MANIPULATION Түркітілдес журналистер қоры Қазақстандағы Америка Құрама Штаттары дипломатиялық миссиясының қолдауымен «Fake news. Fact-checking. Information manipulation»...

Тағы да