Воскресенье, 19 апреля, 2026

Адам саудасымен күрес мәселесі талқыланды

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Шымкент қалалық кәсіпкерлер палатасында туризм бойынша кеңестің отырысы өтті. Кеңес төрағасы, жарнама агенттіктері қауымдастығының төрағасы Абдуғали Сейдуалиевтің модераторлығымен өткен жиынға кеңес мүшелері, кәсіпкерлер, полиция және әділет департаменттерінің жетекшілері қатысты.

Күн тәртібінде қазіргі таңда қоғамдағы келеңсіз үрдіске айналған адам саудасымен күрес мәселесі талқыланды. Шымкент қалалық полиция департаментінің өкілі Қуаныш Жандосов құқық қорғаушылар тарапынан мұндай заңсыз әрекеттерді анықтау және алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.

«Полиция департаменті тарапынан адам саудасымен, жұмысшылардың еңбегін қанау әрекеттерімен күрес жұмыстары жан-жақты жұмыс жүргізілуде. Жуырда ғана Шымкент маңындағы кірпіш зауытында шетелдік 64 азамат анықталды. Жұмыс беруші олардың құжаттарын алып қойып, еңбектерін заңсыз пайдаланған. Осындай жағдайларды болдырмау мақсатында біз барлық тиісті органдармен алдын алу және түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеміз», – деді полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бөлім бастығы Қуаныш Жандосов.

Жиында «Сана-сезім» қоғамдық бірлестігінің директоры Шахноза Хасанова да баяндама жасады.

«Адам саудасы мен оның еңбегін қанау қазіргі таңда өте өзекті мәселе болып отыр. «Сана-сезім» қоғамдық бірлестігі де түрлі мемлекеттік органдармен бірге осы келеңсіздікпен күресіп келеміз. Қиын жағдайға түскен адамдар біздің сенім телефонына хабарласса, оларға тиісінше көмек көрсетіледі. Прокуратура, полиция, еңбек және халықты әлеуметтік министрлігі, түрлі халықаралық ұйымдардың өкілдерімен бірге мобильді топтар құрылып, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеміз. Сіздермен бірге жиын өткізіп отырған мақсатымыз – туризм саласы шетелдік азаматтармен жиі жұмыс істейтін сала саналады. Қызмет көрсету барысында осындай түйткілдерді назарда ұстасаңыздар екен», – дейді Шахноза Хасанова.

Жиында адам саудасы мен еңбегін қанау тақырыбына қатысты бейнеролик көрсетілді. Қатысушылар күн тәртібін сай сұрақтарды талқылап, тиісті мамандардың жауабын алды.

Жаңалықтар тізбесі

Жастар тәрбиесінің бастауы – отбасы жүрегі – әйелде!

Жастар тәрбиесінің бастауы – отбасы жүрегі – әйелде!   Бұл тақырыпты алғанда нәзікжандардың басына өмір сүрудегі қиыншылықтың бәрін жүктеп  қою...

ТҮРКІСТАНДЫҚ ҚҰТҚАРУШЫЛАРҒА ӨРТ СӨНДІРУ КӨЛІКТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

19 қазан – Құтқарушылар күні мерекесі қарсаңында Түркістан облысының төтенше жағдайлар департаментінің материалдық-техникалық базасы нығайып, 26 өрт сөндіру автокөлігімен...

Жастық шақтағы уақытты тиімді пайланып жүрсің бе?

Адам өмірінің ең маңызды кезеңі жастық шақ. Нақтырақ айтсақ, 14 жас бозбала кезінен 30 жас жігіттік шаққа дейінгі кезеңді...

22 қарашада WORLDSKILLS-2023 республикалық чемпионаты басталады

сы жылдың 22 қарашасынан бастап «Expo» халықаралық көрме орталығында WorldSkills-2023 республикалық чемпионаты өтеді. Чемпионатта еліміздің 20 өңірінен 545 студент...

Балалардың қауіпсіздігі басты назарда!

Түркістан қаласы әкімдігі жанындағы «Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөнінде комиссияның» кезекті отырысы өтті. Жиында күн тәртібіндегі бірқатар...

Түркістанда құрылыс қарқынды

Түркістанда құрылыс саласының бәсі бөлек. Өйткені қаладағы қар­қынды жұмыстардың бірі бұл. Қа­зіргі таңда көпқабатты пәтерлердің  құры­лысы қарқынды жүргізілуде. Көпқабатты...

Түркістан облысында бірнеше инвестициялық жоба жүзеге аспақ.

 ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды «ҚазАзот» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Бахаридин Аблазимовпен кездесіп, бірқатар...

ТҮРКІСТАН: Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған экскурсия басталды

Бүгін «Kazakh Tourism» ҰҚ» АҚ ұйымдастыруымен «Turkistan Travel Fest» шарасы аясында Түркістан облысындағы ауыл мектептерінің 9-11 сынып оқушылары үшін...

Еңбегі ерен тұлға

  Ең әуелі адам – адамгершілігімен және өзінің парасатының биіктігімен көрікті. Біз бүгін өзіміздің мақтанышымыз, жерлесіміз, Шымкент қалалық мәслихатының депутаты, "Nur...

Тағы да