Воскресенье, 19 апреля, 2026

Таланттардың шеберлігі шыңдалды

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Түркістан қаласындағы «Ұлы Дала Елі» орталығында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» жобасы аясында «Мың бала» мәдени-ағартушылық жобасының қорытынды облыстық байқауы өтті.

Аталған байқау Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің қолдауымен ұйымдастырылды.

Ашылу салтанатында сөз алған облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Керімбек Мырзабаев байқаудың қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайтудағы рөліне тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

– Түркістан облысы – түрлі тағдырмен киелі қазақ жеріне еріксіз жер аударылған және бұрыннан осында мекен еткен этнос өкілдерінің құтты қонысы. Бұл орайда, Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен 2015 жылдан бастап қолға алынған «Мың бала» байқауы өңірімізде тұратын түрлі этностардың балалары мен жастарына мемлекеттік тілді үйренуге, салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды білуге мүмкіндік береді. Халқымызда «Өнерлі өрге жүзер» деген ұлағатты сөз бар, облысымызда байқауға қатысушылардың белсенділігі де жыл өткен сайын артып келеді. Елдік құндылықтарды ұлықтаған байқауға өңірдегі этномәдени бірлестіктердің жастары, жоғары және орта оқу орындарының оқытушылары мен студенттері белсене қатысты, – деді басқарма басшысының орынбасары.

Жас таланттардың шеберлігін шыңдаған байқауға өз саласының білгірлері, мәдениет, өнер саласының майталман мамандары қазылық етті. Әділқазылар мүшелері қатысушылардың сөйлеу мәнеріне, мәтіннің бейнелік жүйесі мен мазмұндық құрылымына, актерлік шеберлігіне, таңдап алынған шығарманың ерекшелігіне мән берді.

Байқауда қазылар қатарында облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Эльмира Жанғазиева, облыстық ҚХА жанындағы аналар кеңесінің төрайымы Гүлсара Тоққұлова, Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті «Орындаушылық өнер» кафедрасының аға оқытушысы Иманәлі Сайманов, Түркістан қалалық білім бөлімінің әдіскері Тоғжан Кенжебаева, облыстық мәдениет және туризм басқармасының «Мәдениет және халық шығармашылығы орталығы» КММ-нің бөлім басшысы Мұрат Жұманов төрелік етті.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер Қазақстан халқы Ассамблеясы облыстық филиалы мен облыстық қоғамдық даму басқармасы тарапынан Алғыс хаттармен және қаржылай сыйлықтармен марапатталды. Нәтижесінде «Қазақ тілін оқыту бойынша авторлық бағдарламаларды қолданысқа енгізу» байқауы бойынша 1-орынды – Созақ, 2-орынды – Жетісай, 3-орынды  Ордабасы аудандарының тілдерді оқыту және дамыту орталықтары иеленді. Ал «Өнер алды – қызыл тіл» байқауында түркістандық Мадина Хакимжанова топ жарса, «Өнерлі өрге жүзер» байқауында саурандық Дильноза Таджимет, «Жарқыра, жас дарын!» байқауында отырарлық Иван Клименко, «Мен жастарға сенемін» бейнероликтер байқауында келестік Рухшона Нармаматова үздік шықты.

Облыстық байқаудың жеңімпаздары қараша айында өтетін республикалық кезеңге жолдама алды.

 

Жаңалықтар тізбесі

«9-20-25»: Елімізде жас отбасыларға арналған жаңа бағдарлама іске қосылады

Орталық коммуникациялар қызметінде «Отбасы» банкінің басшысы Ләззат Ибрагимова жас отбасыларға арналған «9-20-25» бағдарламасын іске қосу мүмкіндігі туралы айтты. «Astana TV»...

Арыстық кәсіпкер ауыл жастарына отандық фильм көрсетті

Арыстық кәсіпкер Әлішер Рүстембек Арыс қаласының 250 оқушы-студенттерін «Міржақып. Оян, Қазақ» фильміне апарды. Кәсіпкер бостандық үшін басын бәйгеге тіккен боздақ,...

«Тұран скауттары әскери патриоттық қозғалысы» жиыны өтті

Түркістан облысы білім басқармасы «Облыстық жас туристер станциясы» КММ-нің ұйымдастыруымен 26-29 қазан күндері аралығында Төлеби ауданы, Біркөлік шатқалындағы туристік...

«Интернатта оқып жүр талай қазақ баласы…»

Иә, хакім Абай атамыз айтқандай, көп қарадомалақтың бірі болып біз де интернатта оқыдық. Әлі есімде, осыдан 56 жыл бұрын,...

ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ КУБОГІ САРАПҚА САЛЫНДЫ

  Түлкібас ауданы, Кемербастау ауылында орналасқан Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта мектебінде балалар жылы аясында тоғызқұмалақтан федерация кубогін сарапқа салған...

Жас келіндер сайысы өтті

Сарыағаш ауданы №36 Қ.Х.Тоқмұхамедов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде 8-наурыз – халықаралық әйелдер мерекесіне орай «Жақсы келін –...

«Мен таңдаған мамандық» атты пікір алмасу сабағы өтті

Түлкібас ауданының білім бөліміне қарасты Б.Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінде аудандық 9-10-11 сынып оқушыларымен «Мен таңдаған мамандық» атты...

Фонд «Даму» поставщик господдержки для МСБ

Государство планомерно стимулирует развитие отечественного производства через реализацию государственных программ. Поддержку осуществляет Фонд развития предпринимательства «Даму» посредством предоставления субсидий...

Отанды қорғау- борышты іс

Сарбаздар жауынгерлік тумен қоштасты. Сарбаздар сап түзеді. Механикаландырылған бригаданың саптық алаңында жауынгерлік тумен қоштасу үшін 130-дан астам сарбаз жиналды. ...

Тағы да