Воскресенье, 19 апреля, 2026

«Интернатта оқып жүр талай қазақ баласы…»

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Иә, хакім Абай атамыз айтқандай, көп қарадомалақтың бірі болып біз де интернатта оқыдық. Әлі есімде, осыдан 56 жыл бұрын, дәлірек айтқанда 1967 жылдың қыркүйек айында Шымкент қаласындағы №12 мектеп-интернаттың 5-сыныбына қабылдандым. О баста шопандардың балаларына арнап ашылған оқу ордасында басқа да ауыл еңбеккерлерінің ұл-қыздары білім алады екен. Оны кейін біздің облысымыздың түрлі аймақтарынан, әрісі Өзбекстаннан келіп оқитын балалармен араласа келе біле бастадық. 

Интернаттағы иірімі мен қызығы мол өміріміз басталды. Ә дегенде бір-бірімізді тосырқағанмен, келе-келе үйренісіп кеттік. Күнделікті бірге жүріп-тұру, бірге ұйықтап, ортақ дастарқан басына отыру сияқты тыныс-тіршілігіміз бізді көп ұзамай-ақ бір үйдің баласындай етене жақындастырып жіберді. Сынып жетекшіміз – математик Ғалихан Ищанов ағайымыз еді. Соғысқа қатысқан, бурыл шашты бұл кісі көзімізге ақсақал болып көрінетін. Сонда ол бар-жоғы елудің о жақ, бұ жағында екен ғой. Түрі сұсты ағайымыздан, шынын айтқанда, жасқанушы едік. Бізді барынша қатал ұстады. Ал, енді өз пәніне келгенде жаңғақша шағушы еді, жарықтық!

Бүгінгі заман биігінен өткенге шегініс жасасам, сол тұстағы ұстаздарымыздың осалы болмапты-ау деген ойға берілемін. Жаңа сабақты ерінбестен екі қайтара түсіндіретін қоғамтану пәні мұғалімі Шайман Байсейітов, орысша сөйлеп кетсе, орыстың өзін жаңылдырып, қазақша сөйлесе, бір ауыз орысша білмейтіндей әсер қалдыратын, жүрегі нәзік, көркемөнерге жаны құмар, эстет Махамбет Айтөреев, киіміне қылау түсірмейтін, сабағында тек неміс тілінде сөйлеуді талап ететін Қазанбай Шамаров, биязы мінезді, шешен тілді әдебиетші Жібек Оразова, табиғаты жаңашылдыққа құмар, жастармен бірге жалындап жүретін, мықты физик Әсембек Оңғарбаев, қазақ тілі мен тарихты қатар меңгерген, кейін мектептен кетіп, ғылым жолына түскен Айтбай Айғабылов, бірі тарихшы, бірі географ қос құрбы, тәрбиешілеріміз Гүзел Аташбекова, Күләш Қалжанова, бізді әдебиет пен өнерге үндеген, өзі спортшы әрі ақын Жарылқасын Боранбаев, биолог Фатима Дакишева, әдебиетші Тұяқбай Мұсатаев, физик Сусар Атамбаев сияқты ұстаздарымыз шын мәнінде нағыз өз ісіне берілген жандар еді!

Ал, енді сайдың тасындай іріктелген осындай кіл мықтылар шоғырын қалыптастырып, білім беру мен тәрбие ісін бір бағытқа жұмылдыра білген мектеп директоры Маржан апайымыздың алар орны айрықша екендігін айту парыз. Аталмыш білім ұясын өз қолымен құра отыра, оны қазақ еліндегі іргелі оқу ордасына айналдыруда Маржан Тасованың кадр саясатын көрегендікпен жүргізгендігінен деп білемін. Міне, мектеп даңқын көкке өрлеткен бұл ұстаздар шоғыры ұзақ жылдар нәтижелі қызмет етіп, қаншама шәкіртті қияға ұшырды десеңізші?!

Директорымыз Маржан апай өнерге өте жақын жан еді. Ол кісінің жалпы руханиятқа, оқушылардың эстетикалық-музыкалық тәрбиесіне қатты көңіл бөлгендігін мынадан аңғаруға болады. Мектеп алғаш салынғанда акт залы қарастырылмаса керек, есесіне спорт залы болған екен. Кейіннен орасан көлемдегі іс-шаралар мен үйірме жұмыстары нөпірі алға шыққанда, басымдық осы бағытқа беріліп, спорт залы акт залына айналдырылыпты. Бұл дұрыс шешім болған ғой деймін. Соның арқасында қаншама оқушы түрлі өнердің қыр-сырына қанығып, ақын-жазушы, әнші-композитор, аңызға айналған тұлғалармен жүздесіп, ғибратты сөздерін тыңдауға мүмкіндік алды. Міне, осының бәрі ауылдан келген қарадомалақтардың рухани әлемін байытып, таным көкжиегінің кеңеюіне елеулі түрде ықпал етті деп айта аламыз.

Директорымыз бізге өте сұсты, қатал адам сияқты сезілетін. Бірақ, бұл бір қарағанда ғана екен. Ал, негізінде жаны жұмсақ, балаға деген өте қамқор жан екеніне көз жеткізе бастадық.

Бірде мынандай жағдай болды. Бірінші сабақ апайдікі болатын. Ол кісі әдебиеттен сабақ беруші еді. Әдеттегідей бәрімізге жылышырай амандасып: «Қарақтарым, қалай, қарындарың ашып жүрген жоқ па?» дегені сол еді: « Апай, бүгін таңертеңгі асты ішкен жоқпыз» деп оқушылар шу ете түскені. Сол күні жарықтың жоқтығынан ба, жоқ әлде басқа себептен бе, таңғы ас болмай қалған-ды. Мұны естіген апайымыз сабағын бітірген соң, бізді өзі бастап асханаға апарды. Аспаздар директорды күтпесе керек, бәрі зыр жүгіріп кетті. Лезде дастарқанға шаймен бірге ас та келіп үлгерді. Сондағы бір аңғарғанымыз, апайдың аспаздарға еш қабақ шытпай, жай ғана жымиып, жайдары көңілмен емеуірін танытқаны ғана болды.

Міне, Маржан апайымыздың болмысы осындай бейнеде біздің есімізде қалды. Ол кісі мектепті ширек ғасырға жуық басқарып, байтақ қазақ еліне танытты. Алдынан білім алған шәкірттері бұл күндері еліміздің түкпір-түкпірінде түрлі салада жемісті еңбек етуде. Жылдар бойы қажырлы да тынымсыз қызметі өкімет тарапынан жоғары бағаланып, еліміздің ең жоғары наградасы Социалистік Еңбек Ері атағын алып, омырауына алтын «Қызыл жұлдыз» тақты. Бұл – сол тұстағы Қазақстан бойынша мұғалімдер арасында берілген үш атақтың бірі. Қазіргі таңда аталмыш білім ұясы Маржан Тасованың есімімен аталады.

Биыл – бар өмірін еліміздегі ағарту саласының өсіп-өркендеуіне, қазақ балаларының жан-жақты сауатты да тәрбиелі болып қалыптасуы жолында қалтқысыз қызмет еткен дара тұлғаның 100 жылдық мерейтойы. Бұл айтулы меженің лайықты деңгейде аталып өтуіне тиісті құзырлы орындар назар аударады деген ойдамыз. Ұлы ұстаз салған сара жолды бұл күндері кейінгі толқын жастар лайықты жалғастырып, аты алысқа кеткен интернат имиджін биікте ұстап келеді.

Қалмахан ОМАР,

ұстаз-домбырашы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, 

«БАБАЛАР АМАНАТЫ» жобасының авторы.

Жаңалықтар тізбесі

“МЕДЕУГЕ” “АЗИЯ ДАУЫСЫ” ҚАЙТА ОРАЛАДЫ

2 шілде Алматыда биік таулы «Медеу» мұз айдынында«Азия дауысы» пикнигі ұйымдастырылды. Әсем таудың арасында 28-30 шілде күндері аты аңызға айналған «Азиядауысы» фестивалі жалғасын таппақ. «Азия дауысы» пикнигі шынайы серуенге негізделді. Атап айтатын болсақ, дәмді тағамдар, демеушілер тарапынан көптеген түрлі ойындар мен іс–шаралар (сыйлықтарымен), шеберлік сабақтары, шеберлердің ерекше безендірілген шатырлары, демалыс орындары және ең бастысы – әсем әуен. «Медеу» сахнасында таңның атысынан күннің батысына дейін Алматы қаласында өткен «Жас қанат-2023» жасорындаушылар байқауының қатысушылары мен жүлделіорын иегерлері өнер көрсетті. Қойылым арасында үлкен экраннан «Азия дауысы» фестивалінен бейнероликтер көрсетілді. Ұйымдастырушылар пикник қонақтарымен осыдан 30 жыл бұрын өнер көрсеткен жұлдыздарды ескеалды. Халық қосылып ән айтып, би биледі. Бұл – сағынышқа толы сәттер болды! Ал пикник кешін көпшіліктің сүйіктісіне айналған Молданазар, Садраддин және PLEBS тобы тамаша ән шашуларымен қорытындылады. «Азия дауысы» пикнигі – жаңаша көзқараста қайтажалғасын табатын «Азия дауысы» фестивалінің тұсау кесері ретінде аталып өтті. Бұл туралы фестивальдің баспродюсері Арманжан Байтасов былай деді: «Біз үшін пикник – өте маңызды оқиғалардың бірі. Жыл басында «Азия дауысы» фестиваліне дайындық барысында«Азия дауысы» халықаралық фестивалі қоғамдық қорының негізін қалаушы және президенті Ирина Ковыряко іс–шараның толық нұсқасын ойластырды. Соның біріАлматыға кері қайтаруымыз керек болған «Жас қанат» байқауы. Сонымен қатар Азия дауысының символына айналған күн басқан ерлердің бейнесі табылған Таңбалыдағы петроглифтерге саяхат еді. Бұлардың барлығы бір тізбектің буыны. «Азия дауысы» фестивалі мен байқауы20 жылға жуық уақыт өткізілмеді. Соңғы фестиваль 2004 жылы өтті. Арада ұзақ үзіліс болғандықтан, көп нәрсеұмытылып кетті. Сондықтан бәрін қайта қалпына келтіругетура келеді. Осы тұста фестивальді бастапқыда жасауға атсалысқанМұрат Ирғалиев және Александр Пономаревпен қайта қарым–қатынас құрып, жұмысты жалғастырамыз. Бұл командамен 2004 жылы жұмыс істеген кезде iPhone, смартфон, iPad, тіпті 5G интернеті де болған жоқ. Яғни, бүгінгідей мүмкіндіктер болмады. Біздің міндетіміз – бар қабілетімізді, мүмкіндігімізді, шығармашылығымызды біріктіре отырып, «Азия дауысын» заман талабына сай етіп дайындап шығу. Бұл – әрине, оңайемес. Біз барлық іс–шараны жоғары деңгейде ұйымдастыруға тырысамыз. Осы тұста, 28, 29 және 30 шілде Медеуде өтетін «Азия дауысы» фестивалі көрермен көңілінен шығу үшін бар күшімізді саламыз. Қазір барлықсәт пысықталуда. Мені ерекше қуанышқа бөлеген жайт – алматылықтар мен қала қонақтарының керемет достық көңілі болды. Ал бұл біз үшін маңызды жайт деп айтуғаболады. 28 шілдеде өтетін «Азия Дауысы» фестивалінің ашылу салтанаты керемет өтетініне сенімдімін. Фестиваль бұл жолы өзгерістерге толы болмақ. Мәселен, биыл «Азия дауысы» байқауы болмайды. Біз әзірге старт-концерт жасап жатырмыз. Өйткені адамдар байқауға қатысуүшін алдымен Қазақстанда мәдениетті әрі қауіпсіз адамдар тұратынына көз жеткізіп, сенім білдіруі тиіс. Бұл – Азия Дауысының 2023 жылғы басты міндеті. Фестивальдіңбірінші күнінде тек қазақстандық өнерпаздар сахнағашығады. Бұл фестивальдің екінші күні өнер көрсететінBlack Eyed Peas тобының концертінен де шулы болыпөтетініне сенімдімін. Ал «Азия дауысының» үшінші күніаты аңызға айналған әншілер мен топтарға арналады. Себебі аталмыш күні «Ялла», Юлдуз Усманова, SecretService өнер көрсетеді. Бірақ жұлдыздар тізімі бұныменаяқталмайды. Ол үшін хабарламалармызды бақылап отырыңыз! Айтпақшы, «Азия дауысы – 2023» фестивалінің бас серіктесі әрі бірлескен ұйымдастырушысы Halyk Bankболды. Бұл кездейсоқ емес. Себебі биыл Halyk Bank өзініңғасырлық мерейтойын атап өтеді. Осы оқиғаға байланысты«100 игі іс» ауқымды акциясын өткізбек. Оның аясындабүкіл ел бойынша әлеуметтік жобалар мен әлеуметтік маңызды бастамалар жүзеге асып жатыр. «Азия дауысы» фестивалі осы жобалардың маңызды бөлігі болмақ. Өйткені фестиваль Halyk Bank демеушілігімен өтеді.

СОЗАҚ: Оқушылар жолда жүру ережесімен танысты

Созақ ауданы, Нәзір Төреқұлов атындағы ІТ мектеп-лицейінде жолда жүру ережесі бойынша оқушыларға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Шараға Созақ АПБ ЖПҚ...

Түркістан – даму үрдісінде.

Түркістанның көптеген артықшылықтары бар. Осы артықшылықтардың бірі – туристік табысты қамтамасыз ету. Түркістанда тарихи туризмді жетілдіру үшін, көне түрік...

Түркістанда «Ескерткіштерді қорғайтын халық» халықаралық конференциясы өтті

Түркістанда «Ескерткіштерді қорғайтын халық» халықаралық конференциясы басталды. Маңызды басқосуға ЮНЕСКО-ның бастамасымен әлемнің 20 елінен 60 халықаралық сарапшы жиналды. 26-28...

ТҮРКІСТАНДА Е.ҚОШАНОВТЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

Бүгін «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының кезектен тыс конференциясы өтті. Іс-шараға партия Төрағасы Ерлан Қошанов, өңірлік саяси кеңес мүшелері,...

ТҮРКІСТАН: БИЗНЕС ӨКІЛДЕРІН ҚОЛДАУ БОЙЫНША ЖОЛ КАРТАЛАРЫ ҚАБЫЛДАНДЫ

Түркістан қаласында билік пен бизнес арасындағы сындарлы диалогты арттыру мақсатында Облыс әкімдігі, Прокуратура, Экономикалық тергеп-тексеру департаменті, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы...

Волонтерлік – үлгілі іс.

Заманына қарай - амалы демекші, бүгінгі таң әлеуметтік желінің дамып жатқан кезеңі. Бұл бір жағынан халықтың ынтымағының артуына да...

«ТӘУЕЛСІЗДІК ТАРИХЫ — МЕНІҢ ТАРИХЫМ»

Тәу етер қастерлі Тәуелсіздігімізге биыл 30 жыл! Тәуелсіздік - Қазақстанның жаңа дәуірде қол жеткізген барлық табысының қайнар көзі. Тәуелсіз...

ІІ Түркітілдес журналистер медиа форумы: «Түркі әлемінің ақпараттық ынтымақтастығы»

9 қазан күні Алматы қаласындағы «Қазақстан» қонақүйі «Grand Palace» залында «Түркі әлемінің ақпараттық ынтымақтастығы» деген атпен ІІ Түркітілдес журналистер...

Тағы да