Понедельник, 20 апреля, 2026

«Тәрбиелі жастар – қауіпсіз қоғам» атты форум өтті

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Бүгін аудандық «Мыңжылқы» мәдениет үйінде жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының ұйымдастыруымен ауданның барлық білім беру ұйымдарындағы кәмелетке толмағандардың қатысуында «Тәрбиелі жастар – қауіпсіз қоғам» атты форум өтті.

Аталған шарада аудан әкімінің орынбасары Қалдыбек Оразов арнайы сөз сөйлеп, жастардың қоғамдағы орнының маңыздылығына айрықша тоқталып өтті.

Сонымен қатар, шараға арнайы қатысқан аудан прокуроры Ержан Қожабеков, аудандық мәслихаттың төрағасы Ордабек Жәмиев жалынды жастарға деген ізгі тілегін арнап, аудандық полиция бөлімі басшысының бірінші орынбасары, полиция подполковнигі Ержан Нұрғазиев қоғамдық тәртіптің жай-күйі және полиция жұмысы туралы баяндама жасады. Баядама барысында жол қауіпсіздігін сақтау бойынша рейдтік іс-шаралар тұрақты ұйымдастырылып, мектептерде құқық қорғау, төтенше жағдайлар, медицина, психолог мамандарының қатысуымен кездесулер ұйымдастырылғанын айтып өтті.

Сондай-ақ елдің үмітін арқалап, мақтанышына айналған, жастарға үлгі-өнеге болып жүрген спортшыларымыз ҚР Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, бокстан әлем чемпионы Біржан Жақып және спорттың бірнеше түрінен спорт шебері атанып, Халықаралық спорттық жарыстарда биік белестерден көрініп жүрген Акбар Елубайұлы жастарды білімге құштар болуға, спортпен шұғылдануға, руханият орталығының мәртебесіне лайықты, өнегелі болуға шақырды.

Айта кетейік, ұйымдастырылған форумның басты мақсаты оқушылар арасында құқық бұзушылық профилактикасы, жазатайым оқиғалар және өзге де өзекті мәселерді болдырмау, олардың алдын алу болып табылады.

Шара аясында тағылымдық мәні зор сахналық көрініс қойылып, аудан аумағындағы білім беру ұйымдарында білімі мен білігін қатар алып жүрген белсенді оқушылар арнайы алғыс хаттармен марапатталды.

 

Жаңалықтар тізбесі

САЙРАМ: Балалар үшін жазғы сауықтыру лагерінің екінші маусымының ашылуы өтті

Балалар үшін жазғы демалыстың нағыз қызық уақыты басталды. «Оқушылар үйі» МКҚК-нің балансындағы лагерьде жазғы кезеңде балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын...

Антикор 7 мемлекеттік орган басшысын әкімшілік жазаға тартты

  Түркістан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен жүргізілген мониторинг барысында 7 мемлекеттік органның басшылары жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзу фактілеріне жол...

Сұлтанахмет алаңында қызғалдақ өсірудің аквакультура әдісімен үлкен қызғалдақ кілемі “тоқылады”

Cтамбұлда қызғалдақ маусымы көктемнің келуін білдіреді. Жыл сайын сәуір айында қаланың ең танымал жерлерінің кейбірі көктемгі қызғалдақтармен безендіріліп, хас...

ТҮРКІСТАН: Бәйдібекте балалар фильмдері насихатталды

Бүгін Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасына қарасты «Оңтүстікфильм» мекемесі жоспарға сәйкес Бәйдібек аудандық мәдениет үйінде балаларға арналған кинокөрсетілім...

БОЛАШАҚ БІЛІМДІ ҰРПАҚ ТІЗГІНІНДЕ

  «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасын іске...

Ерікті болу – ізгі істердің бірі.

Өз еркімен қоғамға пайдасын тигізуді көздейтін еріктілердің қатары жыл санап артып келеді. Бүгінде әлем халқының 970 миллионы волонтер болса,...

«ПАРАСАТҚА» ЖЕТКЕН «ЖОМАРТ ЖҮРЕК» ИЕСІ

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының жарияланауы жарқын істердің бастамасы болды. Руханиятымыз...

Мәдениет және туризмді дамыту

2020 жылы Шымкент қаласы ТМД елдерінің Мәдени Астанасы болып атанды. Бұл қаламызға келетін туристер саны еселеп артады деген сөз....

ТҮРКІСТАН: Сайрамда 1500-ден астам оқушы мектепке жаңа автобуспен тегін қатынайды

Биыл Сайрам ауданының білім бөліміне қарасты 14 елдімекенінде орналасқан мемлекеттік мектептерге шалғайдан қатынайтын оқушыларды тасымалдау үшін 20 және 40...

Тағы да