Воскресенье, 19 апреля, 2026

ҚР Үкіметі балаларды зорлық-зомбылықтан, суицидтің алдын алудан қорғау, олардың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету бойынша кешенді жоспар қабылдады

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Қазақстанда 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар аясында балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу, олардың құқықтары мен саламаттылығын қамтамасыз ету бойынша жаңа шаралар жүзеге асырылатын болады. ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов тиісті қаулыға қол қойды.

Құжат Мемлекет басшысының 2022 жылдың жазында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасын орындау мақсатында әзірленді. Оның шеңберінде облыстар, аудандар және қалалар бойынша тәуекелдердің интерактивті картасы жасалады, онда балалар арасындағы құқық бұзушылықтар, зорлық-зомбылық және қорлау фактілері, сабаққа келмеу және т.б. туралы өзекті ақпарат көрсетіледі. Бұл «дағдарысты басқару» әдісін қолдана отырып, сапалы мониторинг жүргізуге және шұғыл көмек көрсетуге көмектеседі.

Сонымен қатар Финляндия тәжірибесі негізінде білім беру ұйымдары үшін онлайн сауалнамалар, тақырыптық сабақтар, әңгімелесу және сабақтан тыс іс-шаралар өткізуді көздейтін буллингке қарсы бағдарлама әзірлеу жоспарланып отыр. Сондай-ақ зорлық-зомбылыққа, қорқытуға не кибербуллингке ұшыраған немесе куә болған кәмелетке толмағандарды ерте анықтау және оларға көмек көрсету әдістемесі бекітіледі.

Бұдан басқа, кейс-менеджмент тетігін қолдану арқылы мектепішілік есепке алуды жүргізу тәсілдері өзгертілетін болады. Бұл дағдарыс жағдайын анықтаудан бастап жеке жұмыс жоспарын құру және жауапты мұғалімдерді бекіту арқылы мәселені толығымен шешуге дейінгі шараларды қабылдауды қамтиды.

Құжатты жүзеге асыру аясында балаларға арналған BalaQorgau бірыңғай байланыс орталығын құру, мектепке дейінгі, орта, кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарында жеке қауіпсіздік сабақтарын енгізу, сондай-ақ балаларға арналған қауіпсіз контентті қалыптастыру үшін еліміздегі TikTok, Instagram, Facebook, Вконтакте және YouTube платформаларының өкілдерімен жұмыс жүргізу жоспарланып отыр.

Сонымен қатар Кешенді жоспарда тұрмысы төмен отбасыларға көмек көрсету, аймақтық психологиялық қолдау орталықтарын құру, педагог-психологтер мен әлеуметтік педагогтердің санын көбейту, педагог-психологтердің сыныппен қосымша жұмыс уақытын енгізу және жалпы олардың жұмысын цифрландыру бойынша шаралар қарастырылған.

Мұнымен қатар ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, мәдени тәрбие беру және балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық әлеуетін жүзеге асыру, балалар спортын дамыту және кәмелетке толмағандарды қосымша біліммен кеңінен қамту шаралары қабылданады.

Кешенді жоспарды іске асыру нәтижесінде кәмелетке толмағандар арасындағы және оларға қатысты құқық бұзушылықтар, сондай-ақ өзіне қол жұмсау фактілері мен әрекеттері айтарлықтай төмендейді деп күтілуде. Бұл ретте балаларды қорғау және олардың бос уақытын қамту деңгейі артады.

Жоспарды іске асыру барысында республикада қосымша 1000 педагог-психолог пен 2000 әлеуметтік педагог даярланады. Сонымен қатар балалардың құқықтарын қорғау саласында жұмыс істейтін, біліктілігін арттыру шараларымен қамтылған педагогтердің үлесі жыл сайын 33%-ға артады.

Жаңалықтар тізбесі

Зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында тиісті профилактикалық жұмыстар жалғасуда

Түркістан облысы полиция департаменті Созақ аудандық полиция бөлімінің «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтан қорғау» тобының инспекторы, полиция майоры Айжан Манапова «Зорлық-зомбылықтың...

Түркістанда қасиетті су шығарыла бастады

Ерте заманнан бері Түркістан өңірі өзінің қасиетті жерлерімен саяхатшылардың назарын аудартты. Жергілікті су көздерінің емдік, шипалық қасиеті бар деп...

«Халық-Life» АҚ-ы «Bilim-Life» атты жаңа сақтандыру өнімін шығарды

Бүгін «Халық-Life» АҚ мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі (бұдан әрі – МБЖЖ) шеңберінде өмірді сақтандырудың жинақтаушы бағдарламасының аясынданарықта бірінші болып, «Bilim-Life» атты жаңа өнімдішығарды. Бұл өнім...

«ХАЛЫҚ ҚАТЫСАТЫН БЮДЖЕТ» ЖОБАСЫ ЗОР НӘТИЖЕ БЕРУДЕ

"Халық қатысатын бюджет" жобасы - жергілікті бюджет қаражатын бөлу процесіне қала тұрғындарын қатыстыру арқылы бюджетті қалыптастырудың ашықтығын, қолжетімділігін қамтамасыз...

Гендерлік теңдік

Гендерлік теңсіздік – күрделі мәселе. Ол қоғамдық мінез-құлық, әлеуметтік институттар, нормалар мен тәжірибелер, ресми және дәстүрлі заңдар арқылы реттеледі....

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ: «НУЖНО СОЗДАТЬ БЛАГОПРИЯТНЫЕ УСЛОВИЯ ДЛЯ РАЗВИТИЯ ТУРИЗМА В ТОЛЕБИЙСКОМ РАЙОНЕ»

Под председательством акима Туркестанской области Дархана Сатыбалды состоялось совещание по социально-экономическому развитию Толебийского района. На нем обсуждались вопросы сельского...

Сайрамда көп балалы аналар ардақталды

Аудан әкімдігінде Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 24 наурыздағы Жарлығына сәйкес 91 анаға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқалары...

​ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ТАУ ТУРИЗМІН ДАМЫТАТЫН «ҚАСҚАСУ» ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫП ЖАТЫР

Төлеби – табиғаты мен климаттық мүмкіндіктері туризм саласын дамытуға қолайлы аудан. Өңірде қазіргі таңда 1 шаңғы базасы, 4 емдік-сауықтыру...

Apple to ship iPhones with only Qualcomm chips to German stores

 The main thing that you have to remember on this journey is just be nice to everyone and always...

Тағы да