Воскресенье, 19 апреля, 2026

Гендерлік теңдік

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Гендерлік теңсіздік – күрделі мәселе. Ол қоғамдық мінез-құлық, әлеуметтік институттар, нормалар мен тәжірибелер, ресми және дәстүрлі заңдар арқылы реттеледі. Жақында осы тақырыпты жіті зерделейтін, төрт жылда бір рет жарық көретін «Әлеуметтік институттар мен гендер индексінің» жаһандық есебі жарияланды. Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымының 179 елді қамтитын осы зерттеуіне сүйенсек, гендерлік әділдікке қол жеткізу үшін әр ел үкіметі жәбірлеуші көріністерді гендерлік теңдік нормаларына айналдыруы керек.

«Social Institutions and Gender Index» немесе қысқаша SIGI деп танылған бұл құжат гендерлік дискриминация бойынша әлем мемлекеттерін 5 санатқа («өте төмен» деңгейінен «өте жоғары дискриминация» көрсеткішіне дейін) топтастырады. Биыл Қазақ­стан 20,9 ұпаймен гендерлік дис­кри­минация деңгейі төмен 30 ел­дің қатарына кірген.

Зерттеушілер гендерлік тең­сіз­дікті 4 өлшем бойынша баға­лайды:

1.Отбасындағы дискримина­ция. Еркек пен әйел отба­сы­на қатысты шешімдерді теңдей қабылдай ала ма? Олар мұрагер болуға және некені бұзуға тең құ­қылы ма? Әйел мен ер азамат­тар­дың заңды некеге тұру жасы бірдей ме? Ғалымдар осы және өзге де сұрақтарға жауап алу ар­қылы отбасы динамикасын сыни ой-елегінен өткізеді.

2.Күш көрсетпеу. Сарап­шы­лар әйелдердің зорлық-зом­бы­лықтың барлық түрлерінен, яғни сексуалдық зорлық пен харассмент­тен қорғалған ба, жоқ па екенін анықтауға тыры­сады. Кей елдерде әйелдің денсау­лы­ғы­на, атап айтқанда, репро­дук­тивті саулығына күштеп зақым келтіру дәстүрге айналған. Осы­лай­ша, ЭЫДҰ базалық адам құқық­та­ры­ның қорғалуына аса мән береді.

3.Өндірістік және қаржылық ресурс­тарға шектеулі қолже­тім­ділік. Әлемде әйелдер мен ерлердің жылжымалы және жыл­­­жымалы емес мүлікке тең дәре­­жеде иелік ете алмайтын мем­лекеттер бар. Зерт­теу­шілер келесі сұрақтарға жауап іздейді: әйелдердің дер­бес банк шотын ашуға және несие алуға мүм­кін­дігі бар ма? Жұмыс орнын­да­ғы құқықтар мен мүм­кін­діктері (мысалы, ана мен әкенің декретке шығу теңдігі, ма­ман­дық және жұмыс орнын таңдау еркіндігі) бірдей ме?

4.Азаматтық бостандықтың шектелуі. Кейбір елдерде әйелдер мен ерлердің азаматтық немесе ұлттық құқықтары тең еместігі бізді таңғалдырмауы керек. Мәсе­лен, кей аймақтарда әйелдер шетел асу былай тұрсын, мемлекет ішінде еркін саяхаттай алмайды. Оған қоса, ғалымдар әйелдердің дауыс беру, сотқа жүгіну және саяси лауазымға тағайындалу құқығына назар аударып, рейтинг жасайды.

2019-2023 жылдар аралығында 85 мемлекет төмен және өте төмен дең­гейдегі гендерлік теңсіздік нәти­желерін көрсеткен. Дамушы елдер мен дамыған елдердің ара­сын­дағы алшақтықтың азайға­ны қуантарлық жайт. Соған қарамастан дүниежүзі бойынша әйелдердің 40%-ы әлеуметтік дискриминация деңгейі жоғары немесе өте жоғары елдерде өмір сүретіні өкінішті. Ғалымдардың айтуынша, заңнамаға қарағанда қоғамның дискриминациялаушы ұстанымдарын өзгерту әлдеқайда көп уақыт алады.

2019 жылы Қазақстан 22 ұпай жинаған болатын, биылғы көр­сеткіш 20,9 екенін ескерсек, төрт жыл ішінде еліміз гендерлік әді­лет­сіздікті еңсеруде сәл ғана ілге­рі­леушілік бар. Қазақстанның прогресі тұралап қалды деуге не­гіз бар. Әйткенмен еліміз Азия ай­мағы бойынша 6-орында, ал Орта­лық Азияда көш бастап ке­ле­ді.

Әлем бойынша әйелдердің эко­номикалық және саяси көш­басшылығы, оларға қарсы жаса­латын зорлық-зомбылық туралы көзқарас өзгеруде. Сауал­на­ма­лар­дың нәтижесінде, кейінгі төрт жылдың ішінде мұндай дис­кри­ми­нациялық көзқарас 4 көр­сет­кішке түсіп, 6%-ға азайған. Бірақ қазір гендерлік паритетке жетуге ең көп кедергі келтіретін отбасы шеңберіндегі теңсіздік. Ақы­сыз бала күтімі, үй іші жұмыс­­тарының тең бөлінбеуі, мұра­гер­лік құқығының шектелуі, ерте және күштеп некеге тұрғызу – мұның бәрі жаһандық деңгейдегі әйел адамның тағдырына кері әсер ететін факторлар.

Гендерлік теңсіздіктің тікелей және жанама түрде экономикалық зардаптарға да әкеліп соғатыны дәлелденген. Мысалы, Гендерлік теңдік жөніндегі Еуропа инсти­ту­ты есебіне сәйкес Еуропа одағы жыл сайынғы шығыны 366 мил­лиард евроны құрайды.

Дүниежүзіндегі 12 мемлекет қана әйелдерге қарсы зорлық-зомбылықтың барлық түрінен қорғайтын заңды қабыл­дан­ғаны алаңдатпай қоймайды. Тек 14 мемлекетте тұрмыстық зорлық-зом­былық қылмыс деп есеп­теледі. Келешекте психо­ло­гиялық қы­сым­ға, эконо­микалық зорлыққа және харас­с­ментке қар­сы нақты шаралар қабылдануы қажет.

Гендерлік проблемаларды шешу жауапкершілігі ең алды­мен, саясаткерлерге жүк­те­луге тиіс десек, әйелдердің сая­сатқа белсенді қатысуына шек­теу қо­йылмауы керек. 2023 жылғы SIGI есебіне сәйкес 179 елдің пар­ламентіндегі әйелдер үлесі 24,1-ден 26,6 па­йызға артып, небәрі 2,5 пайыз өсім бар. Бұл қарқынмен әлем халқы парламенттегі ген­дер­лік теңдікке тек 2062 жылы ғана қол жеткізеді.

Гендерлік теңсіздікті жоюды жылдамдату үшін барлық тарап­тар, яғни саяси шешім қабыл­дау­шылар, халықаралық ұйымдар, жеке сектор, ғалымдар қауымы және азаматтық қоғам өкілдері атса­лысуы шарт.

Жаңалықтар тізбесі

22 қарашада WORLDSKILLS-2023 республикалық чемпионаты басталады

сы жылдың 22 қарашасынан бастап «Expo» халықаралық көрме орталығында WorldSkills-2023 республикалық чемпионаты өтеді. Чемпионатта еліміздің 20 өңірінен 545 студент...

«ПАРАСАТҚА» ЖЕТКЕН «ЖОМАРТ ЖҮРЕК» ИЕСІ

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының жарияланауы жарқын істердің бастамасы болды. Руханиятымыз...

БИРГИ: 5 МЫҢ ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР АУЫЛ

5 мың жылдық тарихымен және бірегей архитектуралық құрылымымен әлем назар аударатын Бирги Біріккен Ұлттар Ұйымының Дүниежүзілік Туристік Ұйымының (UNWTO)...

ТҮРКІСТАН: Жазғы лагерьлердегі санитарлық талаптардың сақталуы бақылауда

Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Асқар Ысқақов айтты. Спикердің сөзінше,...

Түркістанда облыстық «Бал таңдай» өнер фестивалі өз мәресіне жетті

Бүгін Түркістан облыстық мәдениет және туризм басқармасының ұйымдастыруымен облыстың 5 жылдығына және 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне...

ЖАСТАР- ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫҢ ОБЪЕКТІСІ

Жастар  – қоғамның әлеуметтік-демографиялық тобы     Жастар  – бұл ересектер әлеміне ену жєне оған бейімделу әлеуметтік пісіп жетілу сияқты арнайы белгілері бар қоғамның...

ТҮРКІСТАН: Төлеби ауданында балаларды қорғау күні мерекеленді

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Төлеби ауданында «Бала – біздің болашағымыз» атты іс-шара өтті. Мерекелік шара...

Түркістанда «Алтын сақа» халықаралық анимациялық фильмдер фестивалі өтеді

Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толуына орай, Түркістан қаласында 16-18 маусым күндері «Алтын Сақа» халықаралық анимациялық фильмдер фестивалі өтеді....

100 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙҒА АРНАЛҒАН КӨРМЕ – OPENWORK

Түрік суретшісі Мелек Зейнеп Булуттың «OpenWork» атты орындаушылық және эксперименттік кеңістіктік инсталляциясы Республиканың 100 жылдығын мерекелеу шеңберінде Стамбұлдағы Ататүрік...

Тағы да